Сабақ жоспарлау үлгісі



бет2/4
Дата06.12.2022
өлшемі56,2 Kb.
#55393
түріСабақ
1   2   3   4
Бағалау критерийі

1.Реформацияның басталуы мен салдарын анықтайды
2.Мартин Лютер мен Томас Мюнцердің істеген іс – әрекеттерін венн диаграммасы арқылы анықтайды, индульгенция ұғымының мәнін сараптайды
3.Реформация нәтижесінде қоғамдағы жаңа діни ұғымдардың қалыптасуының себеп-салдарын фишбоун қаңқасы арқылы саралайды

Тілдік мақсат



Терминологиялық сөздік (гуманизм, реформация, Мартин Лютер,
95 тезис, Католик шіркеуі), мәтінмен жұмыс (жазылым, айтылым, оқылым, тыңдалым)

Құндылықтарға баулу


Өзгелердің көзқарастарымен ой-пікірлерін құрметтеу, сөзді бөлмеу, жұмыс барысында оқушылардың ұйымшылдығын арттыру



Пәнаралықбайланыс

География, дінтану

Алдыңғы білім



Дін жайлы түсініктері бар, Құдай туралы түсініктері бар. Реформация ұғымы жайлы толық түсінеді.



Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру (1 минут)

Үй тапсырмасы: «Дұрыс бұрыс» (2 минут)



Сөйлем

Дұрыс

Бұрыс

1517 жылы білімді дін қызметкері Мартин
Лютер өзінің “95 тезис” атты шы ғармасында католик шіркеуін сынады.

+




Реформациялық қозғалыстардан кейін жаңа
дін саласы —
протестантизм бөлініп шықты.

+




Католик шіркеуінің басшысы —епископ
болды.




- (Рим папасы)

Реформация Италияда басталды




-(Германия)

Дескриптор:
1. 1 тапсырма дұрыс көрсеткен
2. 2 жауапты дұрыс тапты
3. Барлық тапсырмалардың жауабы дұрыс көрсеткен
Бағалау. Мұғалім бағалайды. Геометриялық фигуралар арқылы бағалау




  • 3 дұрыс көрсетсе



  • 2 дұрыс көрсетсе


Кесте

Сабақтың ортасы

1.Оқушылардың жаңа сабаққа қызығушылығын ояту негізінде бейнебаян көрсетемін. (7минут)
Бейнебаян Мартин Лютердің өмірі және реформацияның құруы туралы болады. Бейнебаян басталмай тұрып мен оқушыларға жылдар немесе керек деген мәліметті дәптерге түртіп отыруға тапсырма беремін. Осыдан кейін бейнебаяннан сұрақ қойылады.
Миға шабуыл: (3минут)
1. М.Лютер не себептен шіркеуден босатылды?
2. М.Лютердің жүргізген реформациясы қандай атауға ие болды?
3. Осымен біздің бүгінгі сабағымыз қалай аталады?
Оқушылар кітап бойынша тақырыпты оқиды.
Осы кезде оқушылардың ой – пікірін толықтырып, кейбір элементтерін дұрыстап отырамын. Оқушы өз ойының қате не дұрыс екендігін біліп отыруы қажет. Мадақтау арқылы оқушыны жігерлендіру.
Жауапты толық біліп отырған оқушыға айттырып, өз қатесін іштей түсету.
Ендігі тапсырма топпен жұмыс болғандықтан оқушыларды 3 топқа бөлемін. Сыныпта оқушылардың деңгейі әртүрлі болғандықтан. Мен бір топта жақсы оқитын, орташа оқитын, нашар оқитын балалардың болғанын қадағалаймын және сол деңгейде бөлемін. Себебі сабақ өте қиын, сондықтан жақсы оқитын бала орташа және нашар оқитын оқушыға топпен жұмыс кезінде түсіндіріп отырады да, жаңа сабақты барлық сынып меңгере алады.
Топты уақыт өткізбей ақ, қызыл, сары түсті қағаздармен бөлемін де, 3 топты орнықтырып отырғызамын. (2 минут)
Келесі тапсырма топпен жұмыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет