Сабақ жоспарлауға арналған ұсыныстар Жоспарлау барысында төмендег І мəселелер турал ы ойланыңыз : Қысқ а


Негізгі жаттығулар (сабақтың ортасында)



бет2/3
Дата23.03.2023
өлшемі27,58 Kb.
#75752
түріСабақ
1   2   3

Негізгі жаттығулар (сабақтың ортасында)


Сабақтың бұл бөлімінде Сіз:

  • жаңа тақырыпты енгізе аласыз;

  • алдыңғы жұмысты бекіте немесе тереңдете аласыз;

  • түсініктер мен дағдыларды пайдалана немесе қолдана аласыз;

  • оқушылардың сіз оқытқандардың ішінен нені үйренгенін бағалай аласыз.

Негізгі жаттығуды орындау барысында Сіз:


  • сыныптағы оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбын (олардың нені меңгеретінін, неге үйренетінін) нақты əрі анық түсіндіріңіз;

  • алдыңғы сабақпен немесе басқа сабақтармен пəнаралық байланыс жасаңыз;

  • оқушыларға не істеу керектігі жəне оған қанша уақыт кететінін, жалпы пікірталасқа дайын болу үшін не қажет екенін жəне оны қалай ұсыну керектігі туралы айтып отырыңыз;

  • сабақты жүргізу қарқынын қадағалаңыз жəне жұмысты (тапсырмаларды) аяқтау мерзімін белгілеп отырыңыз.

Бүкіл сыныппен жұмыс істеу барысында:


  • қолданатын ресурстарды барлық оқушылардың көріп отырғанына көз жеткізіп барып, көрсетіңіз жəне түсіндіріңіз;

  • алдын ала жоспарланған сұрақтардың көмегімен оқушыларды белсенді түрде сабаққа ынталандырыңыз;

  • ерекше көмекті қажет ететін оқушылардың ресурстармен қамтамасыз етілгендігіне немесе сыныптасының (мұғалімнің) көмегін алатындығына көз жеткізіңіз;

  • оқыту тəсілдерінің бірі ретінде оқушылардың қателерін тауып, дұрыс түсінбеген жерлерін анықтап түзетіңіз жəне түсіндіріңіз;

  • жаңа сөздерге, ұғымдарға, түсініктерге немесе терминдерге назар аударып, олардың мəн-мағынасын түсіндіріңіз жəне оларды оқушылар өздерінің жұмысында пайдаланатындығына көз жеткізіңіз;

  • оқушыларға есеп шығаруда өздерінің қолданған əдісін бүкіл сыныпқа айтып беруді сұраңыз.

Топтық жұмыс ұйымдастыру барысында:


  • өзіңіз басқара алатын топ құрамын құрыңыз;

  • топқа тапсырманы қалай түсіндіретініңізді жəне ұжымдық жұмыстың немен аяқталатынын алдын ала шешіп алыңыз;

  • саралау əдісін пайдаланыңыз;

  • оқушылардың қызығушылығын жоғалтпайтын əрі көп күттірмейтін тапсырмаларды, жаттығуларды жəне ресурстарды беріңіз;

  • бір немесе екі топпен қарқынды жұмыс істеңіз, олардың арасында арлы-бері жүріп алмаңыз.

  • оқушылар жеке жұмыс істей отырып, өздігінен ресурстарды тауып, жетістікке жете алатындығына көз жеткізіңіз жəне оқушылардың жұмысына кедергі жасаудан аулақ болыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет