2-топ Өлеңдегі троп түрлерін табу Күрделі теңеулер:“Келе ғой, қошақаным, өзіме!”-деп, Әжем кеп сипағандай шашыман жай;Тұрғандай ана - көңіл тербеп мені;Әжемнің көзіндей бұл оюларды; Келгендей құлағыма аңсатқан үн;Әжемнің оюындай, жыр-өрнегім...Кейіптеу:Жан бітіп жайраңдады жан жағымнан, Қазақтың қошқармүйіз өрнектері.
Эпитет:тарамысты саусақтарын; Шебер көп бұл заманда кілең керім;балғын шақтың;Мөлдір шық;
3-топ өлеңге сатылай кешенді талдау
1.Авторы:Фариза Оңғарсынова-ақын,жыр падишасы,қоғам қайраткері.
2.Тақырыбы: тақырып дегеніміз-автордың айтайын деген ойының негізгі арқауы. Бұл өлеңнің тақырыбы-Оюлар-қазақтың ұлттық қолөнерінің түрі айтылған
3. Жанр түрі: поэзия (өлең) Өлең дегеніміз-белгілі бір өлшеммен қиыннан қиыстырып, үйлесімді ырғақпен келетін өрнекті сөз жүйесі. 4.Өлеңнің идеясы: Автор оюлар өлеңі арқылы Әжемнің оюындай, жыр-өрнегім,- деген өлең жолдарында әжелеріміздің қолдарынан шыққан сан қилы оюлары, қолөнер бұйымдары жұртты таң қалдырғанын жеткізген.
5.Шумақ:Аяқталған біртұтас синтаксистік ойды білдіреді.Өлең алты шумақтан тұрады.
6.Тармақ: дегеніміз өлеңнің әр жолы. Өлең 24 тармақты.
7. Өлеңнің негізгі түйіні, тәрбиелік мәні: Ақын Айтайын деген ойын оюмен жеткізген бабаларымыз қандай ойшыл, шебер болғанын. Бабалардан қалған осындай өнерді қастерлеп, өзіміз үйреніп, әрі дамыту біздің міндетіміз.
-Эссе жазу «Жыр өрнектері» -Шеңбердегі доп (Бүгінгі сабақтан алған әсерін, алдына қойған мақсатын айту) Қазақтың оюлары - халқымыздың ұрпақтан-ұрпаққа жеткен асыл мұрасы,баға жетпес қазынамыз. Ұлтын,оның салт- дәстүрін, өнерін бағалайтын ұл-қыздарымыз барда ұлттық қолөнеріміз де жоғалмайды, ұлтпен бірге мәңгі жасайды.