Сабақ тақырыбы Түзусызықты бірқалыпты және бірқалыпсыз қозғалыстар. Жылдамдықты және орташа жылдамдықты есептеу



бет4/7
Дата07.10.2022
өлшемі37,91 Kb.
#41736
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
«Конверттегі есептер» (Жеке жұмыс)
1-тапсырма
(І - деңгей)
1 . Мотоцикл айдаушы 144 км жолды 2 сағатта жүріп өтті,оның қозғалыс жылдамдығын м/с бірлігіне айналдырыңдар.
2. Жаяу адам 20 секундта 30 м, келесі 40 секундта 58 м, сонан соң тағы да 30 секундта 45 м жол жүрді. Адамның осы жолдағы орташа жылдамдығы қандай?

(ІІ - деңгей)

  1. Атомобиль жолдың бірінші бөлігін (30 км) 15 м/с орташа жылдамдықпен жүріп өтті. Жолдың қалған бөлігін (40 км) ол бір сағатта жүріп өтті. Автомобиль барлық жолда қандай орташа жылдамдықпен қозғалды?


(ІІІ- деңгей)

  1. Ұзындығы 240 м пойыз бірқалыпты қозғалып, көпірден 2 минут ішінде өтті. Егер көпірдің ұзындығы 360 м болса, пойыздың жылдамдығы қандай болған?

Бағалау критерийі:

    1. Оқушы есептің берілгенін, физикалық шамаларды ХБЖ-не келтіріп және нені анықтау керектігін жаза алады.

    2. Формулаларды түрлендіріп, деңгейлі тапсырмаларды орындай алады.

    3. Есептің нақты шешімін таба алады.

Дескриптор:
1.Оқушы есептің берілгенін, физикалық шамаларды ХБЖ-не келтіріп және нені анықтау керектігін жаза алды.
2. Белгісіз шаманы берілген формуладан таба алды.

  1. Формулаларды математикалық түрлендіре отырып, соңғы жұмыстық формулаға жетті.

  2. Есеп шешімі шықты және жауабы жазылды


ҚБ – жұлдызшалар тарату арқылы бағалау
Оқушыларға қойылатын сұрақтар
1.Бірқалыпты қозғалыс деген не? Мысал келтір.
2.Бірқалыпты емес қозғалыс дегеніміз не?
3.Қозғалыс жылдамдығы дегеніміз не ?
4 Жылдамдықтың қандай өлшеу бірліктерін білеміз ?
5. Жылдамдықты қандай әріппен белгілейміз ?
6. Барлық денелердің жылдамдықтары бірдей ме ?
7. Жылдамдық пен уақыт арқылы жүрілген жолды қалай өрнектейміз?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет