Сабақтың тақырыбы: Бұлшық ет қызметіне бейімделу. Ағзаның функциональды қорлары Сабақтың жоспары



бет4/66
Дата15.11.2022
өлшемі0,71 Mb.
#50288
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66
Бақылау сұрақтары:

  1. Әртүрлі жағдайларға бейімделу

  2. Организм жоғарғы температураға бейімделуі

  3. Температура әсеріне бейімделу.



Пайдаланған әдебиеттер:
Негізгі:
1.Спорт физиологиясы. Оқу құралы. Лесбеков Р.Б. Алматы, 2007
2.Спорт физиологиясы. Оқу құралы. Смайл М. Талдықорған, 2008
3.Спорттық физиология. Қазақ спорт және туризм академиясы. Оқу құралы ТайжановС.Қ.2006
Қосымша:
1.Спорттық физиологияның әдістері. Қазақ спорт және туризм академиясы. Әдістемелік құрал. Қарақов А.2007
2.Бұлшықет жиырылу механизмі. Қазақ спорт және туризм академиясы. Оқу құралы 2008
3.Спортивная физиология: Учебник для институтов физической культуры. Я.М.Коша, М.ФиС 2010

3Лекция


Сабақтың тақырыбы: Дене жаттығуларының физиологиялық жіктелуі және сипаттамасы.
Сабақтың жоспары:
1.Спорттық жаттығулардың және қимылдардың жіктелуі.
2.Анаэробты және аэробты өнімділік.
3.Әртүрлі салыстырмалы тізбекті қозғалыстардың сипаттамасы.
1. Спорттық жаттығулар адам бұлшық еттерінің қалыптасуын қамтамасыз етеді. Мұндай жағдайлар олардың бұлшық еттерінің жақсы дамуына және белгілі жұмысты ұзақ мерзім бойына талмай үлкен күш – қуатпен атқаруына мүмкіндік береді. Дағдылану физиологиялық процестерді реттеуді және координациялауды жүйелі жүргізуді талап етеді. Ағзада терең биохимиялық, морфологиялық, функционалдық қайта құруға негізделініп, оның жұмыс қабілетін көтеруге септігін тигізеді. Жаттығудың әсерінен ағзада пайда болған өзгерістер денеге, дененің барлық буындары; орталық жүйке жүйесіне, қаңқа (скелет) бұлшық еттеріне, сүйек байланыстыру аппараттарына, жүрекке, қан айналу талшықтарына, өкпеге, қанға, бауырға таратылады. Спорттың әр түрлі өздеріне тән сецифизикалық ерекшеліктеріне қарай дененің жеке бөліктеріне, ірі ағзаларға түрлі талаптарды орындауын қажет етеді.
Жылдамдықты күш – қуат сапасын ілгері дамытатын бағыттағы дайындық жаттығуларының әсерінен жүйке жүйесінде, қозғалыс аппараттарында түрлі өзгерістер пайда болады.
Төзімділікті шынықтыратын жаттығуларды жүргізу ең алдымен жүрек қан тамырларының функциясын және дем алу жүйесінің жұмысын жақсартады. Жаттыққандықтың өлшемі ағзаның нақты жұмысқа әсер ететін арнайы дайындалған жаттығуларды орындауға машыққандықты білдіретін негізгі сатысы.
Жаттығу жұмыстары организмнің функциональдық жұмысты орындауына негізделінеді. Осылардың талапқа сай болуы ағзаны аса ауыр жаттығуларды мүлтіксіз орындауға машықтандырады. Жаттығу сабақтарын педагогикалық талапқа сай ұйымдастыру (қайталамалығы, реттілігі, жеткілігі) жұмысты механикаландыруға мүмкіндік туғызады. Осылардың негізінде адам ағзаларында болып жатқан ішкі өзгерістерге ұлпалар мен жасушалардың сезімталдығы төмен болады. Қажетті жаттығуларды күн сайын қайталау қозғалыс дағдысын жетілдіре түсіп, үлкен жетістіктерге жол ашады. «Жаттыққандық» деген сөздің түсінігі функциональдық морфологиялық өзгерістердің болатындығымен түсіндіріледі. Жаттыққандығының деңгейін анықтау үшін педагогикалық, психологиялық, медика - биологиялық әдістерді қолдану арқылы анықталады. Спортшы жан – жақты тексеруден: денсаулығы жөнінде, психикалық жағдайы, техника – тактикалық деңгейі, шынығу дайындығының деңгейінен өтуі керек.
Адамның жаттыққандығының деңгейін анықтау кезінде ең алдымен физиологиялық жүйесінің функциялық көрсеткіштеріне назар аударылады. Ондай көрсеткіштерге: жүрегінің соғуының жиілігі, бір минут ішінде өтетін қан көлемі, өкпенің сыйымдылығы, қозғаушы реакцияның жабық сатысы, биоэлектр процесінің бұлшық ет және мидағы жағдайы есептелінеді. Спортшылардың жаттығу деңгейін анықтауда олардың арнаулы комплекстері физиологиялық көрсеткіштері алынады.
Ағзаның жаттыққандығы әр түрлі болуы мүмкін: жоғары, орташа, төмен. Бұл жағдай жаттығу процесінің тиімділігіне байланысты. Жұмыстың дұрыс және рациональды болуы, дененің демалысын ұйымдастыруы, ағзаның функциональды жағдайының жақсаруы, жұмыс қабілетін артырады. Жаттығу жұмыстары жоғары деңгейде болған спортшылардың белгілі жұмысты орындауы нақты жетістіктерге жетуіне жол ашады. Спорттық жаттығулар белгілі мерзім ішінде жоғарғы жетістіктерге (көрсеткіштерге) жетуге мүмкіндік береді. Спортшылардың жоғарғы дәрежедегі жетістіктерге жетуі үшін жүргізген жаттығуы спорттың түрі (форма) деп аталынады. Дененің белгілі жүйесінің спорттық жетістіктерге жетуі оның оптимальдық қатынасы деп аталынады. Спорттық түр жүйке жүйесінің жоғарғы дәрежеде болуы, қозғалыс және вегетативтік функцияның қажетті координациясын белгілейді. Вегетативтік жүйенің дұрыс дамуы орындауға мүмкіншілігі бар жұмысты нақты атқаруға көмектеседі.
Морфофункциональдық ағзаның әр түрлі жүйесінің жаттығу кезінде пайда болатын морфофункционалдық жағдайы жаттыққандықтың физологиялық көрсеткіші деп аталады. Олар бұлшық еттің демалысы кезінде, дағдылы жүктемелерді және орташа деңгейдегі жүктемелерді орындау кезінде зертелінеді.
2.Динамикалық айналмалы түрлі қуаттағы жұмыстың өзінің мінездемесі мен белгіленеді. Мысалы, максимальды қуат жоғары қимыл - қозғалыс өте аз қашықтықпен белгіленіп, жүрек – тамырлар, тыныс алу басқа да вегетативті жүйелер жұмысы жоғарылап үлгермейді. Субмаксимальды қуаттың белгісі ретінде вегетативті мүшелердің жұмысының старттан финишке дейін жоғарылап, оттек қарызының пайда болуын (байланыстырады) келтіруге болады. Үлкен қуаттағы жұмыстың ерекшелігі – бір қалыпты оттекті пайдаланып, толық қамтылмағанына байланысты, оттек қарызының бәрі бірдей пайда болуы. Бір қалыпты қуаттағы жұмыстың айырмашылығы, бір жағынан, дистанцияда оттек қажеттілігін қамту, екіншіден – ағзаның энергетикалық қорды толық пайдалануы болып табылады. Әртүрлі қуаттағы динамикалық айналмалар түрлі энергия көзінен алынады. Бұлшық ет талшықтары энергияның жиырылу барысында АТФ – тың ыдырауынан алады. Бұлшық еттегі АТФ қоры аз болғандықтан, жұмыс барысында толықтырылып отырылады. АТФ – ты толықтыратын энергияның үш түрі кездеседі.

  1. Бұлшық еттегі крентинфосфаттың ыдырауы.

  2. Анаэробты глюкозаны сүт қышқылына дейін ыдырату,

  3. Аэробты глюкозаның тотығуы

Түрлі қуаттың жұмысында АТФ –ты қалыптастыру түрлі жолмен жүреді. Максималды қуат жұмысында энергия тек бұлшық еттегі АТФ- тен алынады. Субмаксималды қуаттағы жұмысында глюкозаның анаэробты ыдырауымен энергия алынса, үлкен қуатта аэробты тотығу процесі байқалып отырады. Ағзаның энергия қажеттілігі, бәрінің жоғары болуына байланысты. Спортшылар оттек қарызын өтеуде «төзімді, шыдамды» болуы қажет. Спортшыларда жүргізілген зерттеулер нәтежесі бойынша 2-3 минут ішінде толық адамды шаршатуы анаэробты процестерді белсендетілуі анықталды. Оттек қарызының көлемі лактатты бөлшек көрсеткішімен тікелей байланысты. Мысалы, 1 разрядтағы спортшылардың жүгіру кезінде, алактатты бөлшегі 0,7 4 - 2л, ал лактатты -1,6-15,4л дейін кездеседі.
Бірақ қан мен ұлпаларда сүт қышқылының жиырылу бұлшық еттерде КрФ қорын жинауы қиындықтар туғызады.Сондықтан креатинфосфаты механизмдерімен АТФ толықтыратын спорт түрлерінде оның пайда болуы үшін максимальды қуаттағы жұмыстар 10-15 сек болуы шарт. Аралығында орындалып, қысқа мерзімде сүт қышқылы түзіліп үлгермейді. Жоғары аэробты өнімділік көрсеткіші кезінде, спортшыларда көп оттек қарызын байқатады. Шаңғы тебу спорттында, автомобиль жүргізушілерде дистанцияны жоғары дәрежеде сақтау үшін анаэробты мүмкіндіктерінің 60% пайдаланады. Сондықтан, жаттығу кезінде 3-4 мин ішінде толық шаршамайтын жаттығулар пайдалану қажет. Осындай жұмыстар ағзаның аэробты мүмкіндіктері мен қатар, анаэробты мүмкіндіктерін жоғарылатады.
АТФ-ті толықтыратын энергияның барлығы бір қалыпты қуаттағы жұмыста глюкозаның аэробты тотығуы мен байланысты болады. Қорыта келгенде, өте ұзақ дистанцияларда барлық спорт түрлерінде жеңіп шығуы үшін ағзаның жоғары аэробты өнімділік көрсетуі тиіс. Жүзушінің бұлшық еттері аэробты және анаэробты жағдайда жұмыс жасауға тиіс. Қашықтық ұзарған сайын, аэробты процестердің мәні жоғары.
Тыныс алу жүйесі және энергияның жумсалуы. Жүзу кезінде тыныс алу ерекше жағдайда өтеді. Тыныс шығару кезінде су қарсылығын жеңуге тырысады. Сондықтан жүзу - тыныс алу бұлшық еттерін дамытатын әдістердің бірі. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы басқа спортшыларға қарағанда жүзушіде жоғары болады. Жүзуші ер адамда ол 6055± 410мл болады, яғни қажетті мөлшерден 30%-ға жоғарылайды (Г.И.Куреньков). Тыныс алу жиілігі минутына 50-60 рет. Шапшаңдық жоғары болған сайын, тыныс алу жиілігі жоғары болады, тыныс алу циклінің ұзақтығы төмендейді. Мысалы, шапшандық 0,9-1,7 метрге өскенде, тыныс алу циклі 2,15-1,08 секундқа азаяды. Бұл тыныс алудың қысқалылығына байланысты. Өкпенің желдетілуі минутына 120-150 литр. Жүзу кезінде жоғары дәрежелі спортшы ерлерде оттегі тұтыну орта есеппен минутына 5-6 литр.
Жүзу кезінде организмнің аэробты мүмкіншілігінің мәні өте жоғары. Бұл дистанцияны жүзіп өту жылдамдығы мен аэробты алмасу деңгейінің арасындағы тікелей байланыстылықпен түсіндіріледі. Ең жоғарғы аэробты жұмыс өндіру 400 және 1500 метрге жүзуге жаттығатын жүзушілерде байқалады. Ең жоғарғы анаэробты мүмкіншілік спринтер жүзушіні сипаттайды. 100 жөне 200 метрге жаттығатын жүзушілерде оттегі тұтыну шегі 65,2мл/мин/кг, ең жоғарғы отгегі қарызы - 158мл/кг, ал 400 және 1500 метрге жаттығатын жүзушілерде оттегі тұтыну шегі 72,6мл/мин/кг, ең жоғарғы оттегі қарызы - 138мл/кг (Н.И.Волков авторларымен бірге).
Аэробты мүмкіншілік кроль әдісімен жүзушілерде біршама жоғары. Н.И.Волковтың деректері бойынша кролист-спорт шеберлерінде оттегі тұтыну шегі минутына 6,26 метрге жетеді (немесе 77мл/мин/кг). Брассист жүзушілерде бұл шама аздау -минутына 5,61 метр (немесе 69мл/мин/кг). Ең жоғарғы оттегі қарызы, керісінше, брассисттерде (14,3 литр) кролистерге (11,5 литр) қарағанда жоғары.
Энергияның жұмсалуы басқа спортшылармен салыстырғанда жүзушіде біршама жоғары болады. Ол ауамен салыстырғанда судың өткізгіштігі жоғары болуынан энергияның жылу ретінде қөп жоғалуымен байланысты. 12С°-тық суда 4 мйнут ішінде қозғалыссыз болған кезде Юккал жылу жұмсалады, ал ол ауада 1 сағат ішінде жұмсалады. 24-25°С суда 3-4 минут бойы тыныштық күйде тұру энергия шығынының 50%-ын қамтиды. Энергия шығыны әр түрлі дистанцияға жүзу кезінде олардың ұзақтығына және жұмыс қуатына байланысты. 100-1500 метрге жүзу кезінде 100-ден. 450 ккал-ға дейін энергия жұмсалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет