Сабақтың тақырыбы: Бұлшық ет қызметіне бейімделу. Ағзаның функциональды қорлары Сабақтың жоспары



бет42/66
Дата15.11.2022
өлшемі0,71 Mb.
#50288
түріСабақ
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   66
Тыныс алу жүйесі. Шаңғышының қимылы тыныс алумен бірге жүреді. Тез алмасатын жүру кезінде қимыл қарқыны қимыл жиілігіне жатады (1:1, 1:2, 2:1, 2:3). Бір мезгілде орындалатын жүру кезінде тыныс шығару шаңғы таяғын қозғалту және тұлғаны еңкейту уақытында жүргізіледі. Тыныс алу және қимылдың дұрыс үйлесуі шаңғышының жұмыс қабілетінің жоғары болуына әсер етеді.
Тыныс алу бұлшық еттері шаңғымен жүгіру кезінде күшті және ұзақ жұмыс орындайды, яғни олардың дамуын қажет етеді. Осыған байланысты шаңғышының өкпесінің шіршілік сыйымдылығы жоғары болады. Тыныс алу бұлшық еттерінің күшін жаттығу дамытады және олардың төзімділігін жоғарылатады. Сондықтан жоғары дәрежелі спортшылардың ауыр жарыстан кейін де өкпесінің тіршілік сыйымдылығы жоғары мөлшерде қалады.
Өкпенің ауа алмасуы шаңғымен жүгіру кезінде жұмыс қуатына байланысты өзгереді. Жылдамдық ескен кезде және жоғары көтерілгенде өкпенің ауа алмасуы минутына 120-150 литрге жетеді. Оттегі тұтыну шаңғышы ерлерде минутына 4-5л құрайды.
Спортшылар шаңғымен жүгіру кезінде жоғары нәтижеге жету үшін аэробты мүмкіншілігі жоғары болуы керек. Оттегі тұтыну шегі шаңғышы ерлерде 75-86мл/мин/кг, әйелдерде 60-65мл/мин/кг (Б.Салтин және П.О.Астранд деректері бойынша).
Т.И.Раменская деректері бойынша шаңғышы спорт шеберлерінде оттегі тұтыну шегі орташа 81,6мл/мин/кг тең. І-разрядты шаңғышыларда — 74,1мл/мин/кг, ІІ-разрядты шаңғышыларда — 64,1мл/мин/кг. Көптеген зерттеулер шаңғышы әлемдік аренада жоғары нәтижелерге жетуі үшін оттегі тұтыну шегі ерлерде — 80мл/мин/кг, әйелдерде — 70мл/мин/кг кем болмауы керектігін көрсетті.
Оттегі тұтыну шаңғы жарысында тұрақсыз. Тегіс жерде ол оттегі тұтыну шегінің 80-82%-ын, жоғары көтерілгенде 90-95%-ын, төмен түскен кезде 80%-дан төменін құрайды. Жоғары дәрежелі шаңғышыларда оттегі тұтыну орта есеппен жоғары көтерілгенде оттегі тұтыну шегінің 87%-ын, төмен түскенде 62%-ын құрайды (Т.И.Раменская).
Оттегі тұтыну шегінің мөлшері шаңғышыда өскен сайын, оның жарыс жылдамдығы жоғарылайды


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет