Сабақтың тақырыбы: Бұлшық ет қызметіне бейімделу. Ағзаның функциональды қорлары Сабақтың жоспары



бет44/66
Дата15.11.2022
өлшемі0,71 Mb.
#50288
түріСабақ
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   66
Зәр шығару қызметі. Шаңғы жарысында көп тер бөліну нәтижесіңде диурездің уақытша төмендеуі пайда болады. Зәр қышқылдығы және меншікті салмағы жоғарылайды. Аммиак және креатин мөлшері жоғарылайды (белоктық алмасудың жоғары болуы нәтижесінде). Аз машықтанған спортшыларда жүгіруден кейін зәрдегі белок мөлшері кейде 4-10 %о-ге (промильге) жетеді.
Дене қызуы. Сыртқы ортаның төменгі температурасы шаңғы жарысы кезінде жылу берілудің жоғары болуына әсер етеді.
Бірақ қозғалыс жылдамдығы азайғанда және спортшы қиімінің дұрыс болмауынан жылудың берілуі жылу түзуге қарағанда жоғары болуы мүмкін және дене қызуының төмендеуіне, жұмыс қабілетінің төмендеуіне соқтырады.
Дене салмағы. Шаңғы жарысынан кейін дене салмағы 0,5-5кг-ға азаяды. Ол судың термен, буланумен жоғалуына байланысты. Салмақ жоғалту дистанция ұзындығына, қозғалыс жылдамдығына, метеорологиялық жағдайға және спортшы киімінің ерекшелігіне байланысты.
Жүзу. Суға секіру кезінде қимылдарды басқару негізінен 3 фазамен байланысты: секіру, ұшу,суға түсу.
Ұшу фазасы дененің жоғары көтерілуінен басталады. Суға секірумен қатар жүретін үдеу кіреберіс аппаратын тітіркендіреді. Секіру сәтінен бастап жоғарыға ұшу жылдамдығы тез төмендейді және ұшудың жоғары нүктесіне жеткенде нөлге теңеседі. Сондықтан түзу үдеудің кіреберіс аппаратының отолитті жүйеге әсері тез төмендейді. Ұшудың жоғары нүктесіне жеткеннен кейін дененің еркін төмен түсуі тепе-теңдік аппаратын тітіркендірмейді, өйткені ол салмақсыздық жағдайымен ұқсас. Осы уақытта ұшу кезіндегі айналмалы қимылдар жартылай шеңберлі канадардың өзіне тән (спецификалық) тітіркендіргіші болып табылады және күрделі секірудегі бір мезгілдегі айналымдар барлық бір-біріне тік жазықтықта орналасқан үш жартылай шеңберлі каналдарды да тітіркендіреді.
Күрделі және әр түрлі қимылдар, оның ішінде айналмалы қимылдар тұлғаның тік болуымен және мүмкіндігінше суға баспен төмен қарай тік түсуімен орындалуы тиіс, сонда судың шашырауы аз болады.
Зерттеулер бойынша суға секіруші ең бастысы ұшу уақытына бағытталады және өзінің қимылдарын кеңістікпен емес уақытпен мөлшерлейді. Бұл тек суға секіру кезінде емес, секірудің барлық түрлерінде де ұшу фазасындағы қимылдарды басқару механизмін сипаттайды.


Суға секіру циклограммасы (К.Ю.Данилов).
Суға секіру кезінде зерттелуші лампаны үшу жолының жартысында іске қосуы керек еді. Іс жузінде іске қосылу одан ертелеу болды.
Суға секіру кезінде энергия шығыны көп емес. Барлық қимылдарда (секіру сәтінен басқа) энергия шығынын қажет ететін антигравитациялілқ сәттер болмайды. Ауырлық күшінің қарсы ерекетімен байланысы жоқ ұшу кезінде энергия шығыны үлкен емес — тек осы сәттегі салмақсыз дене бөліктерінің жазылуы немесе бүгілуіне қатысатын бұлшық еттердің жиырылуына жұмсалады. Энергияның үлкен шығынын суға түскеннен кейін жүзу қимылдары, судан шығу және мінбеге шығу талап етеді.
Спортшылардың ойын барысындағы қимылдарды алдын – ала жоспарланбайды, сондықтан олар ортаның өзгеруіне байланысты болады. Спорттық ойындардың барлығы ситуациялық спорт түрлеріне жатады. Олар орындайтын қимылдың құрылымы және қуатты қимылдардың өзгеруі мен ерекшелінеді және қарсылас, серіктес спортшылардың ойыны мен байланысты болады.
Спорт ойындары аралас қимыл қызметін атқарады (айналмалы және айналмалы емес). Спорт ойындары ағзаға түрлі талаптар қояды. Олардың әрбір қимылы жылдамдық, күш және төзімділік қасиеттері мен танылады.
Қимыл жаттығулары. Спортшылардың қимыл қызметтері спорт ойындарында өте күрделі. Себебі бір қатар қимыл қозғалыстарды ойын алаңдарында жылдам жүгіріп жүріп орындау қажет. Күрделі қимылдарды уақытылы орындау үшін сенсорлық жүйеден миға уақыты ақпарат жеткізілуі қажет. Оны тез өңдеу барысында қимыл қызмет шешіліп орындалады. Мидың қызметі стериотиптік болмауы қажет. Сенсорлық жүйе. Ойын барысында қимылды реттеп отыру үшін келесі сенсорлық жүйелердің ақпарат жеткізуі қажет: көру, есту, қимыл және вестибулярлық.
Ең маңызды қызметті сенсорлық көру жүйесі атқарады. Ойын элементтерін жылдам қабылдау үшін перифериялық және көру аймақтарының тез қозуы маңызды.
Спорт ойындары мен жаттығу нәтежесінде перипериялық элементтердің қозуы жоғарылайды. Нәтежесінде көру алаңы кеңейеді. Көру мүмкіндігінің тереңділігі спортшылардың доптың ара қашықтығын және доптың ұшу жылдамдығын анықтауға мүмкіндік береді. Шаршаған кезде көрудің тереңділігі мен алаңы кішірейеді.
Көздің сыртқы бұлшық еттеріне келесі спорт ойындары әсер етеді: теннис, стол үсті теннис және балментон. Ойын кезіндегі көзбен келетін ақпарат есіту сенсорлық жүйесі арқылы толықтырылады. Спорт ойындарында қимыл сенсорлық жүйе маңызды болып келеді.
Энергияның жұмсалуы. Барлық спорттық ойындарында аралас қуатпен қамтылуы байқалады (анаэробты – аэробты). Бұлшық еттердің орташа күштегі қызметінде аэробты, ал күшінің жоғарылауында қуатпен қамтылуы анаэробты түрге ауысады.
Ойын барысындағы оттекті пайдалану көрсеткіші ОТШ 80% құрайды. Спорттық ойындармен шұғылданатын адамдарда анаэробты мүмкіндік айналмалы спорт түріндегі спортшыларға қарағанда төмен екені мәлім. Маманданған баскетболшылар мен волейболшылар да ОТШ 50-60 мм/мин/кг. Ал футболшылар да бір шама жоғары болады. Футболшы 1500-2000 ккал, хоккейде 1500 ккал. Баскетболда 1200-1500ккал қуат жұмсалады.
Тыныс алу. Ойын қызметі кезінде тыныс алу және қан айналу мүшелерінің жұмысы жеделдетіледі. Тыныс алу жиілігі мен минуттық көлемі барлық ойындарда бір минут ішінде 50-60 есе және 110 -120л/мин жоғарылайды.
Қан айналым мүшелері. ЖСЖ ойнай келе өседі. Минутта 180-190-200 соғуға дейін көтеріледі. Ойын барысында қимылдың қуаты төмендеген кезде, тыныс алу мен қан айналым мүшелерінің жұмысының баяулауы маңызды. Тыныштық кезінде осы спортшыларда брадикардия, синустық аритмия байқалады. Қанның минуттағы көлемі жүректің соғуының жылдамдығына байланысты жоғарылайды.
Артериялық қысым қалыпты көрсеткішті байқатады.
Бөліп шығару мүшелері. Спортшының көп терлеуіне байланысты бүйректер зәрді баяу түзеді. Зәрдің қышқылдығы жоғарылап, кейде аққуыздар байқалады.
Жылу алмасу. Көп күш – қуат жұмсалуына байланысты температура жоғарылайды да бірте - бірте теңеседі.
Балалар мен жасөпірімдердегі физикалық жаттығулар, спортпен шұғылдану барысындағы физиологиялық өзгешеліктері.
Бақылау сұрақтары:



  1. Дененің икемділігіне қойылатын талаптар.

  2. Сауықтырулы жүру.

  3. Тыныс алу жүйесі және энергияның жұмсалуы





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет