Сабақтың тақырыбы: Бұлшық ет қызметіне бейімделу. Ағзаның функциональды қорлары Сабақтың жоспары


Оттегі тұтыну шегі мөлшері әр түрлі спортшылардың



бет43/66
Дата15.11.2022
өлшемі0,71 Mb.
#50288
түріСабақ
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   66
Оттегі тұтыну шегі мөлшері әр түрлі спортшылардың шанғы трассасынын әр түрлі бөліктеріндегі орташа жарыс жылдамдығы (м/мин). (В.Ф.Громыко бойынша)

Бірақ оттегі тұтыну шегінің үлкен мәніне қарамастан, шаңғы жарысындағы жоғары нәтижеге организмнің жоғары анаэробты мүмкіншілігінсіз және қимылдың жетілген техникасынсыз жегуі мүмкін емес.
Оттегі сұранысы шаңғы жарысы кезінде жоғары болады. 30 және 50км дистанцияда жалпы оттегі сұранысы жүздеген литрге дейін жетеді. Бұл шаңғымен жүгіру кезінде жұмысқа барлық бұлшық еттер тобының қатысуымен түсіндіріледі. Ол тек қана оттегі сұранысын жоғарылатпайды, сонымен қатар оттегі тұтынуды жеңілдетеді.
Оттегі қарызы шаңғышыларда тауға көтерілген кезде және тегіс жерде жүгіру жылдамдығын өсірген кезде пайда болады. Оның мөлшері әр түрлі жағдайларға (жер рельефі, жылдамдық, шаңғышының машықтану деңгейі және т.б) байланысты. Ол 8-12 литрге дейін жетеді.
Шаңғы жарысы кезінде анаэробты процестердің қарқыны туралы қандағы сүт қышқылының концеңтрациясы бойынша мәлімет алуға болады. Ол жылдамдық өскен кезде және тауға көтерілгенде жоғарылайды. Ол орта есеппен 150мг-ға дейін жоғарылайды.
Энергия шығыны. Ол шаңғы жарысы кезінде орта есеппен 1 минутта 20ккал-ны құрайды. Дистанцияның жеке бөліктерінде ол 25ккал және одан жоғары болады. Жалпы эиергия шығыны дистанция ұзақтығына байланысты 350-4000ккал және одан жоғары мөлшерге жетеді.
Шаңғы жарысында үлкен энергия шығыны спортшының тамақтану режиміне ерекше назар аударуды қажет етеді. Оның тәуліктік рационында убелоктар, жануар және өсімдік майлары, көмірсулар мен витаминдер болуы тиіс. Жаттығудың дайындық және жарыс кезендерінде көмірсулардың мөлшері тәулігіне орта есеппен 600-700г. болуы тиіс. Жарысқа бірнеше күн қалғанда ол 800-900г дейін өсуі мүмкін. Кан айналым жуйесі. Машықтанған шаңғышыларда тыныштық күйде брадикардия кездеседі. Шаңғышы ерлерде жүрек соғу жиілігі минутына 32-45 рет,әйелдерде 44-48 рет соғады.
Жүрек көлемі ұлғаяды. Жоғары дәрежелі шаңғышы ерлерде 1010±34,7см3, әйелдерде 730±і4,Зсм3 (С.В.Хрущев деректері).
Жүрек соғу жиілігі трасса рельефіне және қозғалу жылдамдығына байланысты. Тегіс жерде жүрек соғу жиілігі минутына 170-180 рет, трассаның күрделі жерінде 140-тан 200 ретке дейін өзгереді.
Қан жүйесі. Шаңғы жарысы кезінде эритроциттер және гемоглобин мөлшері жоғарылайды. Лейкоциттер мөлшері де жоғарылайды және миогенді лейкоцитоздың нейтрофильді фазасы жоғары болады. Қан плазмасында сүт қышқылының концентрациясы жоғарылайды. Жеткіліксіз және дұрыс тамақтанбаған кезде қандағы глюкоза мөлшері төмендейді (50-40мг%) және шаршаудың пайда болуына себепкер болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет