Сабақтың тақырыбы: Бұлшық ет қызметіне бейімделу. Ағзаның функциональды қорлары Сабақтың жоспары



бет46/66
Дата15.11.2022
өлшемі0,71 Mb.
#50288
түріСабақ
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   66
Кимыл аппараты. Әр түрлі дистанцияға жүгіру кезінде бұлшық еттерге әр түрлі талаптар қойылады. Жедел жүгірудің нәтижесі ең бастысы тірек-қимыл аппаратының құрылымдық-қызметтік жағдайына байланысты. Спринт спортшының бұлшық еттері жерден көтерілу қуатын қамтамасыз ететін кушті игеруі керек, сонымен қатар бұлшық еттің жарылыс сапасын анықтайтын тез жиырылуға және жылдам-күштік сапаны нәтижелі орыңдауға және жүгірудің ең жоғары жылдамдығына жетуге мүмкіндік беретін тез босаңсуға қабілетті болуы керек.
Жоғары класты спортшылардың бұлшық ет күші, олардың "жарылыс" сапасы және әсіресе бұлшық еттің тез босаңсу қабілеті төменгі дәрежелі спортшыларға қарағанда жоғары /1-сурет/.
"Жарылыс сапасы" Әр түрлі дәрежелі спринттердің санының төртбасты бұлшық еттерінің қызметтік қасиеті (В.В. Высочин бойынша).
Штрихталған бағана спорт шеберлерінде;
Ақ бағана — бірінші разрядты спортшыларда;
А — бұлшық еттің жиырылу жылдамдығы;
Б — бұлшық еттің барынша жоғары күші;
В — бұлшық еттің босаңсу жылдамдығы.
Қадам ұзындығы мен жиілігі әр түрлі жүгірушілерде әр түрлі. Дистанциадағы қадам жиілігі — жылдамдыққа байланысты болатын маңызды факторлардың бірі.
Спринт спортшының бұлшық еттері ең бастысы анаэробты жағдайдағы жұмысқа бейімделуі тиіс. Мұндай жағдайда АТФ-тың қалпына келу қарқыны дистанция бойында жылдамдықты ұстап тұру үшін маңызды қызмет атқарады.
Орташа дистанцияға жүгіру кезінде бұлшық еттерге қойылатын талаптар, спринт спортшыға қарағанда басқаша. Бірақ осы және одан ұзақ дистанцияда бұлшық еттерді тез босаңсыту қабілеті жоғары жұмыс қабілетін қамтамасыз ететін маңызды сапалардың бірі болып табылады. Дистанция ұзарған сайын, аэробты процестер басым бола бастайды. Ұзақ және өте ұзақ дистанцияға жүгірушілерде бұл процестер басты болып табылады.
Тыныс алу жүйесі және энергияның жұмсалуы. 100 метрге жүгіргенде тыныс алу перең емес және жиі. Өкпенің желдетілуі 8 литр, оттегі суранысы 100 метрге жүгіргенде жүгіру жылдамдығына байланысты 6-13 литр. Оттегі қарызы 90%-дан жоғары.
Орташа қашықтыққа жүгіргенде тыныс алу жиілігі және тереңдігі жоғарылайды, өкпенің желдетілуі минутына 150 литр/ оттегі тұтыну
минутына 4-5 литр. Барлық оттегі сұранысы 30 литр және одан жоғары. Оттегі қарызы қашықтық ұзарған сайын өсе түседі. Мысалы, 800 және 1500 метрге
жүгірген кезде ең жоғарғы шегіне жетеді, яғни 15-20 литр және одан жоғары.
Орташа қашықтыққа жүгірушілерде анаэробты және аэробты мумкіншіліктері жоғары дамуы керек.
Б.Салтин және О.Астранд деректері бойында жоғары дәрежелі орташа қашықтыққа жүгірушілерде оттегі тұтыну шегі орта есеппен 76 мл/мин/кг, ВЛ.Карпман деректері бойынша – 69 мл/мин/кг.
Ұзақ қашықтыққа жүгіргенде тыныс алу жиілігі, өкпенің желдетілуі орташа қашықтықтағындай. Оттегі сұранысы жүгірген спортшының деңгейінде ең жоғары шегіне жетеді. Осыған қарамастан оттегі сұранысы толық қанағаттандырылмайды, соңдықтан пайда болатын тұрақты күй жалған болып табылады. Нәтижесінде оттегі қарызы пайда болады. Оның мөлшері жүгіру такгикасына байланысты. Егер спортшы жедел жүгіріп, тез мәреден өтсе, онда оттегі қарызы 12 және одан жоғары мөлшерге жетеді. Барлық оттегі суранысы 5000 метрге жүгіргенде 80-90 литр, 10000 метрге 100-130 литр. Мұндай жұмыста АТФ-тың қалпына келуі аэробты жолмен жүзеге асады. Сондықтан ұзақ қашықтыққа жүгірушілер үшін ОТШ-нің жоғары мөлшері тән.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет