Сабақтың тақырыбы: Электр өрісі. Білім беру ұйымының атауы


Үйге берген есепті дәптер алмастыру арқылы тексеріп аламын



бет8/41
Дата19.01.2023
өлшемі3,54 Mb.
#62017
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   41
Үйге берген есепті дәптер алмастыру арқылы тексеріп аламын.
С деңгей
1) Біртекті электр өрісінде массасы 10 кг және заряды 50 Кл-ге тең тозаң орналасқан. Егер тозаңның тартылыс күші электр өрісі күшімен теңелсе, өріс кернеулігі қандай болады? (2 В/м)
2) Біртекті электр өрісінде массасы 20 кг және заряды 50 Кл-ге тең тозаң орналасқан. Егер тозаңның тартылыс күші электр өрісі күшімен теңелсе, өріс кернеулігі қандай болады? (4 В/м)
3) Біртекті электр өрісінде массасы 30 кг және заряды 50 Кл-ге тең тозаң орналасқан. Егер тозаңның тартылыс күші электр өрісі күшімен теңелсе, өріс кернеулігі қандай болады? (6 В/м)


Мағынаны тану
Балалар, қалай ойлайсыңдар, қалта шамы ненің көмегімен жанады?
-Үйдегі электр шамы токты қайдан алады?
- Көшедегі электр жарығы кенет өшіп қалса, ол нені білдіреді?
-Иә, дұрыс айтасыңдар. (Электр батареяның көмегімен жанады.Электр станциясынан. Бағандағы сымдарда ток жоқ екенін білдіреді.)
— Яғни, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Электр тогы. Ток көздері
Алғаш рет “электр тогы” түсінігін енгізген француз ғалымы Андре Мари Ампер болды.(портретпен жұмыс)
Электр тогы автомобильдердің ағыны тәрізді. Көшеде автомобильдер қалай ретпен, тәртіппен қозғалса, өткізгіш сымның ішінде зарядталған бөлшектер де ретпен қозғалады (интерактивті тақтадан медиаобъект тамашалау) Электр тогы судың қозғалысына да ұқсайды.
Сонымен, өткізгіште электр тогы пайда болуы үшін және ұзақ сақталу үшін мына шарттар қажет:
Зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы болу керек; (интерактивті тақтадан медиаобъект тамашалау)
Қозғалысты туғызатын электр өрісі болу керек; (электр өрісі кез-келген зарядталған денелердің айналасында болады, оны көру немесе ұстау мүмкін емес; электр өрісінің бар не жоқ екендігін тек оның әсері арқылы білуге болады)
Өрісті туғызатын ток көздері керек;
— Ток көздеріне гальвани элементін, аккумуляторлар, генераторлар, Күн батареясын айтуға болады.
♦ Гальвани элементінде (эл.батареясы), аккумуляторда – химиялық реакция әсерінен зарядттар бөлінеді. Реакцияда бөлінетін ішкі энегрия электр энергиясына түрленеді. Бұл итальяндық анатом және физиолог Луиджи Гальванидің құрметіне арналған.
♦ генераторларда (СЭС, ЖЭС, жел, күн электр станциялары)
магнит өрісінде өткізгішті айналдырғанда электр тогы пайда болады. Бұл жерде өткізгішіті айналдыру үшін, судың, будың, желдің механикалық энергиялары қолданылады.
♦ күн батареясында жылу әсерінен жартылай өткізгіш ішінде зарядтар оң және теріс полюстерге жіктеліп ток көзі пайда болады, яғни жарық, жылу энергиялары электр энергиясына түрленеді. Бұл күн энергиясын жұтатын пластинка (көрсету) Металл жылуды қабылдайды.(арнайы репортаж)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет