Сабақтың тақырыбы: Темір дәуіріндегі Қазақстан. Сабақтың мақсаты



бет2/8
Дата03.12.2023
өлшемі178,06 Kb.
#133364
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
4. Темир дауириндеги Қазақстан

Жазба деректер. Қазақстандағы өмір сүрген ру-тайпалардың ішінде аты белгілісі-сақтар. Б.д.д.VІІ-ІV ғасырларда сақ тайпалары Орталық Азия және Қазақстан жерін мекендеген. Бұл туралы парсы жазба деректерінде де жазылған. Ал гректің атақты тарихшысы Геродот (б.д.д. 485-425 жж.) өз еңбектерінде сақтарды азиялық скифтер деп көрсеткен. Геродоттың олай атауының себебі: Қара теңіздің солтүстігіндегі далалы аудандарда тұратын скифтер мен сақ тайпаларының жергілікті айырмашылықтары болмаса, шаруашылықтарының көпшілік жағы ұқсас келетін. Сақ тайпалары, сонымен қатар Еділ өзенінің төменгі ағысы мен Жайық өзені бойында тұрған савромат-сармат тайпаларымен бір мезгілде өмір сүрген.
Геродат өзінің жазба деректерінде сақ тайпаларының әдет-ғұрпы, салт-санасы, киім киісі, шаруашылығы туралы көптеген мағлұматтар қалдырған. Ол: «Сақтар бастарына киізден тігілген шошақ бөрік, бұттарына шалбар киіп, қолдарына айбалта, садақ, қысқа найза сияқты қару-жарақ ұстайтын. Қой, жылқы, ірі қара малды көп өсірген, ал шошқаны өсірмеген, керек болса, өз жерлерінде ондай жануардың мүлде болмауын тілеген. Сақтар малдың қарнына сол малдың өз етін салып, оны жерге көміп, үстінен от жағып пісірген»,- дейді. Тамақ пісірудің әдісін қазақ малшылары әлі де қолданады.
«Сақтар киіз үйдің ішінде тас қыздырып, оған су шашып, үстіне кендір (өсімдік) салып, монша жасаған». Ал қазақтар қатты қызған тастың үстіне адыраспан салып булап, моншаға түскен. Мұндай әдеттің сонау ғасырлар тереңінен соңғы кездегі қазақтарға дейін келуін, яғни бұлардың арасындағы этникалық байланыстың үзілмегендігін байқауға болады.
Геродат «сақтардың үй-жайларын арба үстіне тігіп алып, көшіп жүретінін де» айта келіп, сақтар мен скифтердің біріңғай этникалық құрамдас қауым екендігіне тоқталған.
Парсылар мен сақтардың арасында ылғи да талас-тартыс, соғыс жағдайларының болып тұрғандығы белгілі. Оны парсы патшасы Дарийдің мына сөзінен анық байқаймыз: «Мен өз әскеріммен шошақ бөрік киетін сақтардың еліне қарсы соғысқа аттандым. Оларды жеңіп, өзіме бағындырдым. Олардың қолға түскен қолбасшысы Скунханы алып келдім. Сақтар дінсіз екен, мен Ахура-Маздаға сиынушы едім. Сол Ахура-Мазда қалай бұйырса мен солай жазаладым».Бұл хабардан да сақтардың шошақ бөрік киетіндері, мемлекеттік дәрежеде болғандығы, парсылардың ешбір діни наным-сеніміне кірмегендігі немесе олардың діни наным-сенімдерінің ұқсас еместігі байқалады.Олай болса, бұл дерек сақтардың парсылармен ешбір этникалық байланыстарының жоқтығын көрсетеді. Алайда тіл мәселесіне келетін болсақ, кеңес дәуірінде бұларды (парсылар мен сақтар) «иран тілдес болды» деген пікір орын алған. Бұл пікір осы күнге дейін өзінің басымдылығын жоймай келеді. Дегенмен соңғы кездегі зерттеулерге қарағанда, сақтардың түркі тілдес болғандығы дәлелденді.Себебі «Алтын адамның» жанынан табылған күміс тостағанның түбінде түркі жазуы жазылған. Оны түркі тілінің маманы профессор Алтай Аманжолов оқыды.
Парсы жазба деректері бойынша сақ тайпалары үш үлкен тайпаға бөлінеді:

  1. Тиграхауда сақтары – шошақ бөрік киген сақтар;

  2. Хаомаварга сақтары-хаома сусынын қайнатушылар;

  3. Парадарайя сақтары- теңіздің ар жағында тұрушы деген ұғымды берген.

Археолог К.Ақышев өзінің көп жылдардан бергі жүргізген ғылыми еңбектеріне сүйене отырып, жазба деректердің археологиялық деректермен сәйкестігін дәлелдеді. Тиграхауда сақтары Ташкент аймағын, Солтүстік Қызрғызстан, Оңтүстік Қазақстан және Жетісу жерін мекендеген. Ал олардың шошақ бөрік кигендігін Бехустин жартасындағы және Персепольдағы Ксеркс сарайының алдына салынған суреттерден аңғаруға болады.
Ал теңіз ар жағында өмір сүрген сақтарға Арал теңізінің шығыс жағасындағы, дәлірек айтқанда, Қазақстанның оңтүстік – батысында өмір сүрген сақ тайпалары жатады. Оларды жазба деректерде даилар, аргиппейлер, исседондар деп те атайды.
Страбон «Жағрафия» атты еңбегінде сақтар туралы: «Бұл көшпенділер көп жағдайда бостандықты, еркін жүруді, тәуелсіз болуды қалайды. Олар өз жерін жер шаруашылығымен айналысатындарға беріп, олардан алынатын тиісті алым-салықтың дұрыс қайтарылмауына қарсы соғысады. Алым-салықты алғанның өзінде баю үшін емес, күнделікті тұрмыс жағдайларын өтеу үшін ғана алатын еді» деп жазған.
Тарихымыздың көне дәуірін зерттеуде қытай деректерінің де рөлі зор. Қытайдың көне жазба деректерінде Іле өзенінің алқабындағы қазіргі Шығыс Түркістанды мекендеген сақтар жайлы және «Хан» кітабындағы сақтар туралы деректер кездеседі. «Хан» кітабында Памирдің батыс жағындағы сақтар елінің әдет ғұрыптары, киім киісі усундарға ұқсас келеді. Жайылым мен суат қуалап, көшіп жүреді. Олардың тегі ежелгі сақтар» немесе «Батыс өңір баянының» екінші бөлімінде: «Сақтарды үлкен жыу-жылар Іле өзені алқабынан қуып шыққаннан кейін, сақ билеушісі оңтүстікте Памирден ары өтіп кетті» деп жазылған. Алайда осы екі тайпаның аталып отырған жерге Хань патшалығы тұсында келді ме, жоқ әлде бұрыннан осында өмір сүріп келе жатқан тұрғылықты тайпа ма, бұл «Хан» кітабында ашып айтылмаған. Бірақ археолог К.Ақышевтің Жетісу аймағындағы сақтардың археологиялық ескерткіштеріне жүргізген зерттеу жұмыстары бұл тайпалардың көрсетіліп отырған аймақта б.д.б VІ-V ғасырлардың өзінде өмір сүргендігін көрсетеді. Мұның дәлелі – Нылқы ауданынан табылған Нұрсай мыс кен орнының Іле өзені алқабынан табылған мыс бұйымдармен бірдей болуында. Бұл ұқсастықтар Іле алқабында б.д.б 1 –мыңжылдық шамасында сақтарда мыстан құрал-сайман жасау мәдениетінің дамығандығын көрсетеді.
Қытай деректеріндегі ерекше атап өтетін басты бір дерек – «Хан» кітабында сақтардың таптық қоғамға көшіп, өз мемлекетін құрғандығы жазылған. Олар ең жоғарғы билеушісінің «сей ван» (патша) деп аталғандығын хабарлайды. Ал жеріміздегі Жетісу, Шығыс және Батыс Қазақстаннан табылып жатқан алтын киімді адамдар патшалардың зираттары екендігін археологиялық зерттеулер дәлелдеп отыр. Сондықтан да сақ дәуірінде мемлекеттік құрылым болған деп толық сеніммен айтуға болады.
«Цзин патшалығының классикалық шығармалары» деген кітаптағы деректерге қарағанда Іле, Шу өзендері бойындағы сақ тайпалары Сары өзенінің (Қытайда) батысы мен Алтай тауының шығысынан көшіп келген. Ал атамекенінде қалғандары көбейіп, іргелі, күшті тайпаға айналды делінеді. Бұлар – Ұлы юэчжилердің арғы тегі еді. Ал юнь атты жужандардың қалған бөлігі – үйсіндердің ата-бабалары. Сондықтан Ұлы юэчжилер, үйсіндер сақтар тұқымына жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет