Сабақтың тақырыбы: Темір дәуіріндегі Қазақстан. Сабақтың мақсаты



бет1/8
Дата03.12.2023
өлшемі178,06 Kb.
#133364
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
4. Темир дауириндеги Қазақстан


Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: Темір дәуіріндегі Қазақстан.
Сабақтың мақсаты:

  • Сақтардың қоғамдық құрылысы, шаруашылығының дамуы, кәсібі, бейнелеу өнерінің дамуы туралы түсіндіру. Діни наным-сенімдерді, антропологиялық зерттеулерді атап өту.

  • Қабілетті, білімді, адамгершілігі жоғары жеке тұлға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Сабақтың көрнекілігі:

    1. Карта

    2. Тірек-сызба, суреттер, кестені пайдалану.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

Үй тапсырмасын сұрау:

  • Қола дәуірінде шаруашылықтың қандай түрлері дамыды?

  • Қола дәуіріндегі металл өндірудің дамуын неден көреміз?

  • Қола дәуіріндегі ру-тайпалар қоныстар мен үй-жай салуда қандай тәсілдерді қолданды?

  • Үй-жай кәсібі мен қолөнердің дамуы неге байланысты болды?

Жаңа тақырыпты меңгерту
Сабақтың жоспары:

  1. Сақтардың қоғамдық құрылысы

  2. Сақ тайпаларының шаруашылығы

  3. Қолөнер мен зергерліктің дамуы

  4. Бейнелеу өнері

  5. Діни наным-сенімдер

  6. Сақтардың антропологиялық өзгерістері

ТЕМІР ДӘУІРІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН


Қазақстанда темір дәуірінде өмір сүрген тайпалардың зерттелуі
Т емір дәуіріне сипаттама. Қоғамның ілгері жылжуы мен шаруашылықтың дамуына байланысты қоладан жасалған құрал-жабдықтар тұрмыста жаңа қажеттіліктерді қанағаттандыра алмады. Сондықтан адамдар темірді қорытуды үйреніп, одан құрал-жабдықтар жасай бастады.Темір табиғатта алтын немесе мыс сияқты таза күйінде кездеспейді. Темірді қорыту үшін өте жоғары температура (1530 С) қажет. Ал мұндай жоғарғы температураны алу сол кезде мүмкін емес еді. Сондықтан адамдар темір қорытуда «шикілей үрлеу» тәсілін қолданған.
Темір дәуірінен біздің дәуірімізге жеткен ескерткіштер көп. Олар бүкіл Қазақстан жерінде кездеседі. Төбе-төбе болып жатқан обалардың төңкеріліп жатқан конус тәрізді пошымдары кез-келген адамның назарын өзіне аудармай қоймайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет