3.Қатысушылардың санына байланысты: екіжақтық,аймақтық, ғаламдық
Халықаралық қатнастар 2 жүйеге бөлінеді:
күштік: күшмәжбүрлікпен негізделген қатнастар
Мемлекеттердің тенсіздігі
Әрбір мемлекет өзінің қаупсіздігің қайқайсы соның ішінде күшсалу тәсілдерімен қолданып сақтауға тырысада
Егеменді мемлекеттер коалицияларға, біріне бірі қарсы шығып отырған одақтарға болінеді
Нормативтік: қүқыққа негізделген қатнастар
Мемлекеттердің тендігі
Халықаралық қатнастар бір ортақ ережелерге негізделінеді, мемлекеттердің көбі сол ережелерді мойындап қолдап отырады
Мемлекеттердің халықаралық бірлестіктері, үйымдары қалыптастырылады
15.ҚР САЯСИ ӨМІРІНІҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ
ЖОСПАР:
1.ҚР МЕМЛЕКЕТІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ (КОНСТИТУЦИЯ БОЙЫНША)
2.САЙЛАУ ЖҰЙЕСІ
Қазақстан Республикасы - президенттiк басқару нысанындағы бiртұтас мемлекет. Республикада мемлекеттiк билiк бiртұтас, ол Конституция мен заңдар негiзiнде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлiну, олардың тежемелiк әрi тепе-теңдiк жүйесiн пайдалану арқылы, өзара iс-қимыл жасау принципiне сәйкес жүзеге асырылады.
1. Қазақстан Республикасының азаматтығы заңға сәйкес алынады және тоқтатылады, ол қандай негiзде алынғанына қарамастан, бiрыңғай және тең болып табылады.
2. Республиканың азаматын ешқандай жағдайда азаматтығынан, өзiнiң азаматтығын өзгерту құқығынан айыруға, сондай-ақ оны Қазақстаннан тыс жерлерге аластауға болмайды.
3. Республика азаматының басқа мемлекеттiң азаматтығында болуы танылмайды.
Ескерту. 10-бапқа түсініктеме берілді - Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2003.12.01. N 12 қаулысымен. Подробнее: http://kodeksy-kz.com/konstitutsiya/10.htm
40-бап КР Конституциясы
1. Қазақстан Республикасының Президентi - мемлекеттiң басшысы, мемлекеттiң iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттарын айқындайтын, ел iшiнде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкiлдiк ететiн ең жоғары лауазымды тұлға. Подробнее: http://kodeksy-kz.com/konstitutsiya/40.htm
41-бап КР Конституциясы
1. Қазақстан Республикасының Президентiн конституциялық заңға сәйкес жалпыға бiрдей, тең және төте сайлау құқығы негiзiнде Республиканың кәмелетке толған азаматтары жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды.
2. Республика Президентi болып тумысынан Республика азаматы болып табылатын қырық жасқа толған, мемлекеттiк тiлдi еркiн меңгерген әрi Қазақстанда соңғы он бес жыл бойы тұратын Республика азаматы сайлана алады. Подробнее: http://kodeksy-kz.com/konstitutsiya/41.htm
49-бап КР Конституциясы
1. Парламент - Қазақстан Республикасының заң шығару қызметiн жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкiлдi органы. Подробнее: http://kodeksy-kz.com/konstitutsiya/49.htm
50-бап КР Конституциясы
1. Парламент тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн екi Палатадан: Сенаттан және Мәжiлiстен тұрады.
2. Сенат конституциялық заңда белгіленген тәртіппен әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан өкілдік ететін депутаттардан құралады. Сенатта қоғамның ұлттық-мәдени және өзге де елеулі мүдделерінің білдірілуін қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріліп, Сенаттың он бес депутатын Республика Президенті тағайындайды.
3. Мәжіліс конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын жүз жеті депутаттан тұрады.
4. Парламент депутаты бiр мезгiлде екi Палатаға бiрдей мүше бола алмайды. Подробнее: http://kodeksy-kz.com/konstitutsiya/50.htm
Сенат депутаттарының өкiлеттiк мерзiмi - алты жыл, Мәжiлiс депутаттарының өкiлеттiк мерзiмi - бес жыл Подробнее: http://kodeksy-kz.com/konstitutsiya/50.htm
51-бап КР Конституциясы
1. Мәжілістің тоқсан сегіз депутатын сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Мәжілістің тоғыз депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды. Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауы Парламенттің жұмыс істеп тұрған сайланымы өкілеттігінің мерзімі аяқталардан кемінде екі ай бұрын өткізіледі.
2. Сенат депутаттары жанама сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру жолымен сайланады. Сайланған Сенат депутаттарының жартысы әрбiр үш жыл сайын қайта сайланып отырады. Бұл орайда олардың кезектi сайлауы бұлардың өкiлеттiк мерзiмi аяқталғанға дейiнгi екi айдан кешiктiрiлмей өткізiледi. Подробнее: http://kodeksy-kz.com/konstitutsiya/51.htm
4. Қазақстан Республикасының азаматтығында тұратын және оның аумағында соңғы он жылда тұрақты тұрып жатқан адам Парламент депутаты бола алады. Жасы отызға толған, жоғары білімі және кемінде бес жыл жұмыс стажы бар, тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың не Республика астанасының аумағында кемінде үш жыл тұрақты тұрып жатқан адам Сенат депутаты бола алады. Жасы жиырма беске толған адам Мәжіліс депутаты бола алады. Подробнее: http://kodeksy-kz.com/konstitutsiya/51.htm
64-бап КР Конституциясы
1. Үкiмет Қазақстан Республикасының атқарушы билiгiн жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесiн басқарады және олардың қызметiне басшылық жасайды.
2. Үкімет алқалы орган болып табылады және өзінің бүкіл қызметінде Республика Президентінің алдында жауапты, ал Конституцияда көзделген жағдайларда Парламент Мәжілісінің және Парламенттің алдында жауапты. Подробнее: http://kodeksy-kz.com/konstitutsiya/64.htm
71-бап КР Конституциясы
1. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi жетi мүшеден тұрады, олардың өкiлеттiгi алты жылға созылады. Республиканың экс-Президенттерi құқығы бойынша ғұмыр бойы Конституциялық Кеңестiң мүшелерi болып табылады.
2. Конституциялық Кеңестiң Төрағасын Республиканың Президентi тағайындайды және дауыс тең бөлiнген жағдайда оның даусы шешушi болып табылады.
3. Конституциялық Кеңестің екі мүшесін - Республика Президенті, екі-екі мүшеден тиісінше Сенат пен Мәжіліс тағайындайды. Подробнее: http://kodeksy-kz.com/konstitutsiya/71.htm
75-бап КР Конституциясы
1. Қазақстан Республикасында сот төрелiгiн тек сот қана жүзеге асырады.
2. Сот билiгi сотта iс жүргiзудiң азаматтық, қылмыстық және заңмен белгiленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады. Заңда көзделген жағдайларда қылмыстық сот iсiн жүргiзу алқабилердiң қатысуымен жүзеге асырылады.
3. Заңмен құрылған Республиканың Жоғарғы Соты, Республиканың жергілікті және басқа да соттары Республиканың соттары болып табылады. Подробнее: http://kodeksy-kz.com/konstitutsiya/75.htm
85-бап КР Конституциясы
Жергiлiктi мемлекеттiк басқаруды тиiстi аумақтағы iстiң жай-күйiне жауапты жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар жүзеге асырады Подробнее: http://kodeksy-kz.com/konstitutsiya/85.htm
ЖЕРГІЛІКТІ ӨКІЛДІ ОРГАНДАО
86-бап КР Конституциясы
1. Жергiлiктi өкiлдi органдар - мәслихаттар тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстегi халықтың еркiн бiлдiредi және жалпымемлекеттiк мүдделердi ескере отырып, оны iске асыруға қажеттi шараларды белгiлейдi, олардың жүзеге асырылуын бақылайды.
2. Мәслихаттарды жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге халық сайлайды.
3. Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Республика азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады. Подробнее: http://kodeksy-kz.com/konstitutsiya/86.htm
ЖЕРГІЛІКТІ АТҚАРҮШЫ ОРГАНДАР
87-бап КР Конституциясы
1. Жергiлiктi атқарушы органдар Қазақстан Республикасының атқарушы органдарының бiрыңғай жүйесiне кiредi, тиiстi аумақтың мүддесi мен даму қажеттiлiгiн ұштастыра отырып, атқарушы билiктiң жалпы мемлекеттiк саясатын жүргiзудi қамтамасыз етедi. Подробнее: http://kodeksy-kz.com/konstitutsiya/87.htm
Сайлаудың негізгі екі түрі бар
мажоритарлы
пропорционалды.
Мажоритарлы жүйе
сайлау кезінде көпшілік дауысқа ие болған үміткер жеңіске жетеді.
Бұл жүйенің өзі екіге бөлінеді: абсолюттік және салыстырмалы
Мажоритарлы жүйе
Абсолюттік мажоритарлы жүйеде үміткер билік органына сайлану үшін 50 пайыздан астам дауысқа ие болуы шарт болса
Салыстырмалы мажоритарлы сайлау жүйесінде үміткерге өз қарсыластарына қарағанда көбірек дауыс жинаса жеткілікті болады
Қазақстанда абсолютті мажоритарлы жүйе қызмет етеді.
Пропорционалды жүйе
– саяси партияның жинаған дауыстары мен жеңіп алған мандаттары арасында пропорционалдылық принципіне негізделетін сайлау жүйесі.
Өкілді органға үміткерлерді тек партиялар ғана ұсына алады.
Пропорционалды жүйе тек қана заң шығарушы орган депутаттарын сайлаған кезде ғана қолданылады
Пропорционалды жүйе
«Ашық тізімде» сайлаудың әдісіне байланысты бір немесе бірнеше үміткерге дауыс беріледі немесе партиялық тізімдегі үміткерлердің реттік орны анықталады (Финляндия, Бразилия, Нидерланды).
«Жабық тізім» кезінде сайлаушылар тек партиялық тізім бойынша дауыс береді (Еуропарламент, Израиль, ОАР, 2007 жылдан кейін Ресей).
Қазақстан Республикасы Конституциясының 95-бабының, 2-тармағына сәйкес, Парламент Мәжілісі депутаттары партиялық тізім негізінде сайланады, яғни пропорционалды жүйенің ішінде «жабық тізімі» қолданылады.
Аралас сайлау жүйесі
пропорционалды және мажоритарлы сайлау жүйесінің қосындысынан тұратын аралас сайлау жүйесі бар.
аралас сайлау жүйесінде бүкіл мандаттардың тек бір бөлігі партиялық тізіммен, қалған бөлігі жекелеген үміткерлерге дауыс беру арқылы анықталады.
Парламент сайлауы кезінде сайлаушылар жекелеген тұлғаға және партияға екі бөлек дауыс беріп отырды
Қазақстанда аралас сайлау жүйесі алғаш рет 1999 жылы Парламент Мәжілісі сайлауында қолданылды. Сайлаудың нәтижесі бойынша, партия өкілдеріне 77 орыннан 10-ы берілді. Екінші рет сайлаудың бұл жүйесі 2004 жылы қолданылды.
Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» заңына сәйкес, дауыс берудің екі түрі бар: төте және жанама. Төте сайлауда азаматтар республика Президентін, Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарын тікелей сайлайды. Жанама сайлау Парламент Сенаты депутаттарын сайлаған іске асады. Азаматтар бірінші мәслихат депуттарын сайлайды, содан соң олар Сенат депутаттарын сайлайды.