Сборник материалов международной научно-практической конференции



Pdf көрінісі
бет44/74
Дата06.08.2023
өлшемі1,78 Mb.
#105074
түріСборник
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   74
 
Әдебиеттер 
1.
«Тәжірибедегі рефлексия» жалпы білім беретін мектептердегі педагогика 
кадрларының кәсіби даму бағдарламасы Тренерге арналған нұсқаулық. 2017 жыл. «Назарбаев 
Зияткерлік мектептері» ДББҰ, «Педагогикалық шеберлік орталығы» баспасы, 214 бет 
2.
Мұғалімдердің біліктілігін арттыру бағдарламасы, екінші басылым, «Назарбаев 
Зияткерлік мектептері» ДББҰ, Педагогикалық шеберлік орталығы, 2017 жыл, 302 бет 
3.
«Жаңашыл білім табысқа жетелейді». Мағауина С.К мақаласы, «Жаңашыл ұстаз» 
республикалық ғылыми-әдістемелік журнал, Алматы, №3 (17) 2017 жыл, 118 бет 
 
ТЕХНИКАЛЫҚ СЫЗУ САБАҒЫНДАИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ 
ҚОЛДАНУ 
 
Үсейн Ұлжалғас 
Алматы автомеханика колледжі 
«Әлем өзгергендіктен сіз де өзгересіз және 
қазіргі сәтте өзгеріссіз қалу өте қауіпті 
екенін білесіз. Сіз өзгерсіз, себебі сіз білім 
алғанды, білім бергенді жақсы көресіз, тез 
өзгеретін әлемде балаға бағыт беріп
отыратын, білім беретін сіз қажетсіз. 
Сондықтан сізде, балада өзгеруі қажет» 
С.Бич. 
Бүгінгі танда егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру 
кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқыту үрдісінде жаңашыл елеулі өзгерістерге байланысты 
болып отыр. Себебі, білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа 
көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болуда. Жастарға қоғам талабына сай тәрбие мен білім 
беруде оқытушылардың инновациялық іс-әрекеті маңызды мәселелердің бірі. 
Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген 
заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру 
мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Әрбір оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны 
дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын инновациялық 
технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты 
деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру инновациялық технологияны ендіруді міндеттейді. 
Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі — 
оқытудың әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық 
технологияларды меңгеру. Қазіргі таңда оқытушылар инновациялық технологияның 
әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне 
ықпалын тигізуде. 
Арнайы пәндерді оқыту жалпы білім беру пәндерін оқытудан ерекшеленеді, себебі олар 
болашақ маман бойында кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталған. Мысалы, 
техникалық сызу пәні болашақ автокөлік саласының жұмысшы мамандарында сызбаларды 
және техникалық құжаттарды оқу, сондай ақ өлшеуіш аспаптармен жұмыс істеу кәсіби 
құзыреттілігін қалыптастырады. Сондықтан техникалық сызу пәнінде инновациялық 
технологияларды қолдану сабақты тиімді ұйымдастырудың негізгі құралы. Техникалық сызу 
сабағында қолдануға болатын негізгі технологиялардың бірі ол проблемалық оқыту 
технологиясы. 


92 
1. 
Проблемалық оқыту
- мәні проблемалық жағдай туғызу мен оқушылардың оқу 
проблемасын дербес шешулері бойынша іс-әрекеттерін басқару болып табылатын оқыту түрі. 
Техникалық сызу сабағында проблема деп шешілуі оқушылардан білім алу үшін белгілі 
әрекеттерді талап егетін тапсырмалардың, теориялық немесе тәжірибелік мәселелердің 
әртүрлілігін түсінуге болады. 
Проблемалық оқытудың негізгі психологиялық және педагогикалық мақсаттары: 
• Оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттері мен дағдыларын дамыту; 
• Оқушылардың белсенді ізденіс нәтижесінде игерген білімдері мен дағдылары дәстүрлі 
оқыту әдістеріне қарағанда есте тез және берік сақталады; 
• Түрлі проблемаларды көріп, қойып, шеше білетін белсенді оқушы тұлғасын 
қалыптастыру;
1.
Проблемалық тапсырмаларды техникалық сызу сабағында қолдану оқушыға 
проблемалық тапсырманы жан-жақты қарастыруға, ізденімпаздық қабілетін жоғарылатуға, 
және тапсырмаларды орындай арқылы жаңа білімге өз бетінше жетуге жағдай жасайды. 
Сонымен қатар егер практикалық тұрғыда орындалатын проблемалық тапсырмалар білім 
алушыда логикалық ойлау, сызба сызу дағдыларын, сызу құралдарын дұрыс пайдалану, 
өлшемдерді анықтау, және тапсырмаларды тез орындау дағдыларын қалыптастырады. 
2. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет