Сборник материалов международной научно-практической конференции



Pdf көрінісі
бет45/74
Дата06.08.2023
өлшемі1,78 Mb.
#105074
түріСборник
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   74
Жобалау технологиясын
қолданудағы негізгі мақсат — оқушылардың қызығушылық 
ынтасын дамыту, өз бетімен жұмыстарын жүргізу арқылы білімдерін жетілдіру, ақпараттық 
бағдарлау біліктілігін қалыптастыру және сыни тұрғыдан ойлау қабілетін арттыру арқылы 
оқушыны болашақта әр түрлі жағдаяттарда, әр түрлі қоғамдық ортада өзін өзі көрсете білуге 
бейімдеу. Егер оқушы жобасы тақырыбын дұрыс таңдай отырып, жоспарлай білсе, оны дұрыс 
орындай алса — ол болашаққа дұрыс тұлға болып қалыптасады. Сонымен, жобаның тиімділігі 
— көзбен көріп, құлақпен естіп, есте сақтай отырып, оқушыны ізденіске іскерлік пен танымдық 
ынтаға, шығармашылық қабілетті жетілдіру арқылы түрлі мәселелерді шеше білуге
тапқырлыққа, жаңа ғылыми ізденіске жетелеуде. Жобалау технологиясы негізінде — 
оқушылардың жұппен немесе топпен бірігіп дайындайтын шығармашылық жұмыстар жатыр. 
Оқушылардың іс — әрекеттері. 
Дайындық кезеңі Жоба тақырыбын анықтау. Бір бағыт төңірегінде оқушыларды 
тақырып таңдауға ынталандырады. Топтағы әрбір оқушының пікірін ескере отырып жұмысты 
жоспарлауға үйретеді. Әр оқушы өмірлік тәжірибесіне (егер ол болса) , сүйене отырып, өз ойын 
ортаға салады, бірігіп жобаның мақсаты анықтайды. 
Жоспарлау Топқа бөлу. Ақпарат жинау және талдаудың жолдарын көрсету. Әрбір топ мүшесі 
алдындағы жұмысын анықтау. Оқушыларды өз бетімен акпарат жинауды бағыттайды. Әрбір 
топ мүшесінің пікірін ескере отырып, ұжымдық талқылау шешімін тыңдайды, қажет болса өз 
ойымен бөліседі. Топ арасында әркімнің атқаратын қызметін анықтайды, өз тақырыптарын 
анықтау жұмыс істеу кезеңдерін жоспарлап , бірінші нәтижеге жету уақытын белгілейді. 
«Қоғамдық » тапсырманы орындауға дайындығын көрсетеді. 
Зерттеу жұмысы. Ақапарат жинау, аралық нәтижені талдау, зерттеудің негізгі 
құралдары: сұқбат, анкета бақылау, алынған түрлі ақпаратты талдау. Әрбір жетекшісімен топ 
мүшелерімен жеке — жеке сөйлесу , талдау, нәтижені салыстыру арқылы алдағы жұмысқа 
бағыт беру.
Жеке және жұптық жұмыс , анкета сұрақтарын құрастыру. Қажет болса сценари жазу, 
қоғамдық ұйымдар мен қарым қатынас қалыптастыру.Білімін әр пәндік салада кеңейтеді, түрлі 
қоғамдық жұмыстармен танысады, шығармашлық, белсенділік, талаптылық қасиеттерін 
бойында қалыптастырады. 
Нәтижені талқылау. Ақпаратты талдау , шешім шығару, тұсау кесердің қандай түрде 
өтетінін жоспарлау. Бақылайды, кеңес береді. Топ ішіндегі жеке оқушылардың еңбегін бағалай 
отырып, бірігіп қорғау үшін ынтымаққа бір-біріне деген сыйластыққа шақырады. Топ арандағы 
әркімнің рөлін анықтап, алынған ақпараттың арасынан ең негізгіні белгілеп жазады. 
Проблемаларды сұрақтарды анықтап, оны бірге шешуге дайындалады. 


93 
Жұмыстың тұсау-кесері. Тыңдайды, проблемалық сұрақтарды қоя отырып, оқушыны 
сөйлетуге мүмкіндік жасайды. Бір-бірін мұқият тыңдайды, сөйлеу мәнерін ескере отырып, бір-
бірінің ойларын жалғастырып отырады. 
Бағалау және жоспарлау. Шығармашылық жұмысты бағалайды, еңбек иелерін алдыңғы 
үлкен мақсаттарға жетелейді. Ұжымды талқылай отырып бір-біріне, өздеріне баға береді, 
алдағы жұмыс құрайды. 
Техникалық сызу пәнінен жобаның түрлері: ғылыми жоба; шығармашылық жоба; ойын 
түріндегі жоба; ақпараттық жоба және т.б түрлері бар. 
3. Топтық технологиялар
оқушылар ұжымының келесі мақсаттарға қол жеткізуіне 
мүмкіндік береді: 
• оқу-танымдық процесстің белсенді өтуіне, бірлескен іс-қимылды ұйымдастыру; 
• іс-әрекеттерді барлық оқушы арасында бөлу; 
• қарым-қатынас және кқммуникативтік қабңлеттердңғ жоғарылауы; 
• өзара түсіністіктің пайда болуы, оқушылардың бірлескен қызметі
• рефлексия. 
Топтық жұмыстың тиімділігі топтың құрамынан және ұсынылған тапсырмалардың 
мазмұнына байланысты орындау. Техникалық сызу сабақтарында жиі қолданылатын топтық 
жұмыс түрі, ол бір партада отыратын екі оқушыны біріктіру. Психологтар мұндай шағын 
жұптарды диада деп атайды. Оқушыларды топқа бөлу кезінде бір-біріне қарым-қатынасы теріс 
оқушыларды отырғызудан сақ болу қажет, себебі мұндай оқушылар тапсырмаларды шешу 
барысында тұлғааралық қарым-қатынастарды анықтаумен уақыт жоғалтып алуы мүмкін. 
Сонымен қатар жұп таңдау мүмкіндігін оқушыларға ұсыну оқытушының негізгі қателігі болып 
табылады, себебі, құрылған жұптарда білім деңгейлері төмен оқушылар бір жұпқа түскен 
жағдайда сабақ пассивті өтіп мақсатына жете алмай қалуы әюден мүмкін. 
Оқытудың табыстылығына жету үшін «басқарушы және орындаушы» принципі 
негізінде үлгерімі жақсы және нашар болып табылатын оқушыларды анықтап, біріктіре білу 
қажет. Сонымен қатар техникалық сызу сабағында диада топтарынан бөлек, төрт немесе бес 
баладан тұратын топ құрастыру өте тиімді. Бұл әдістің негізгі кемшілігі шамадан тыс шудың 
пайда болуы, себебі тапсырмаларды орындау кезінде топ мүшелері өз ойларын ашық айту 
барысында, пікірталас туындауы мүмкін. Шудың пайда болуы оөытушыларды топтық жұмыс 
өткізуден бас тартуға әкеліп соқтырады. Алайда, біріккен ойлағыштық іс жекелей жұмысқа 
қарағанда нәтижелі болып табылады, және менің тәжірибем көрсеткендей, топтық жұмысты 
жиі қолдану кезінде шуыл біртіндеп басылып балалар бірін-бірі тыңдауды үйренеді. 
Оқыту әдістемесінің сызу бар үлкен саны әр түрлі графикалық тапсырмаларды орындау. 
Емес, олардың барлығы үшін пайдаланылуы мүмкін шешім тобы оқушылары. Пікірі бойынша, 
Н.П. Щербо, бірлескен шешім үшін ғана қажет ететін мәселелердің қазбаның жалпы көңіл, 
логикалық ойлау, соқтығысу түрлі көзқарастарды және т. б. Техникалық сызу пәнінің оқу 
бағдарламасының көп бөлігі графикалық тапсырмаларды орындауды талап етеді. Сондықтан да 
топпен жұмыс технологиясы тек қана оқушылардың жеке көз қарасын, логикалық талқылауды, 
ой түйінің қажет ететін кейбір сабақтарда ғана қолданылады. 
Топтық жұмыс жағдайында оқытудың тиімділігіне әсер ететін қолайлы эмоционалдық 
фон пайда болады, яғни: қорқыныш жоғалады, оқушылардың өз күштеріне сенімі артады, 
шаршаңқылық жоғалады, қарым-қатынас орнайды, танымдық қызығушылығы ынталандырады. 
Осылайша, техникалық сызу сабағында ұтымды ұйымдастырылған топтық қызмет 
оқушылардың танымдық іс-әрекеттерінің өсуіне ғана емес, жеке тұлғасының қалыптасуына, 
оқушылар ұжымының бірігуіне септігін тигізеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет