Сборник материалов V международной научно-практической конференции


ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНДЕРІН ТАБЫСТЫ ОҚЫТУДА



Pdf көрінісі
бет218/674
Дата07.01.2022
өлшемі10,53 Mb.
#20558
түріСборник
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   674
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНДЕРІН ТАБЫСТЫ ОҚЫТУДА 

ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДІС-ТӘСІЛДЕР 

Р.К. Шамуратова 

«№7 жалпы білім беру отра мектебі» КММ, Маңғыстау облысы Мұнайлы ауд. 

raixan1915@mail.ru

Білім  ‒  бүгінгі  жаһандану  жағдайында  өркениеттіліктің  өлшемі,  әрі  тетігі,  құндылығы 

болып  табылады.  Кез  келген  мемлекеттің  рухани,  әлеуметтік-экономикалық  дәрежесі  онда 

өмір  сүретін  халықтың  білім  деңгейіне  байланысты  бағаланады.  Жаңа  типтегі  мектептерде 

қалыптастастырылған сапалы білім сол өркениеттің тетігі болып табылады.      

Еліміздегі білім беру үдерісіне енген жаңартылған оқу бағдарламасы  ‒ келешек ұрпақтың 

тұлға ретінде дамуына ықпал жасайтын тың идея. Білім алушылардың мектеп қабырғасында 

тілдік дағдыларды жетік меңгеруі оқушының сыни тұрғыдан ойлау дағдылары мен танымдық 

дағдыларын  дамытады,  әлемдік  деңгейде  бәсекеге  қабілетті,  жаңа  өзгерістерге  бейім, 

шығармашыл  да  жаңашыл  тұлға    болуына  жол  ашады.  Қазақстандағы  орта  білім  мазмұнын 

жаңартудың  көкейкестілігі  жеке  тұлғаға  бағытталған  функционалдық  сауаттылықты 

қалыптастыру, жаһандану заманында Ұлы дала елінің тілі мен ұлттық құндылықтарын дәріптеу, 

әлемдік деңгейдегі үздік тәжірибені қолдана отырып, солармен бағыттас болу мәселелерімен 

айқындалады.

«Қазақ  тілі»  мен  «Қазақ  әдебиеті»  пәндері  бойынша  жаңартылған  оқу  бағдарламасының 

мақсаты  оқушылардың  бойына  ХХІ  ғасырда  өмірдің  барлық  салаларында  табысты  болу 

үшін  қажетті  дағдыларды  дарыту  болып  табылады.  Оқушылар  кез  келген  ауызша  немесе 

жазбаша мәтіндерді сенімді және сын тұрғысынан қолдана білуі, басқалармен әртүрлі тақырып 

төңірегінде саналы әрі анық әңгіме жүргізіп, әртүрлі мақсатқа арналған мазмұнды мәтін құра 

білуге дағдылануы керек. Бұл оқушыларды тіл және әдебиетке қатысты мәселелермен қатар, 

заманауи тақырыптар мен мәселелерді талқылауға дайындап, олардың пікірталасқа араласуына 

түрткі болады. Пәндердің оқу бағдарламасы біліммен қатар, дағдыларды да қолдануды назарға 

алады.Қазақ  тілі  мен  әдебиетін  оқи  отырып,  оқушылар  негізгі  төрт  тілдік  дағды,  атап  айтар 

болсақ,  айтылым,  тыңдалым,  оқылым  және  жазылым  бойынша  түсініктері  мен  қабілеттерін 

кеңейтеді.

Тіл қарым-қатынас құралы болып табылады. Тілді оқытудың әдіс-тәсілдері оқу ортасы мен 

мәнмәтінді  ескере  отырып,  оқушыны  тиімді  білім  алу  үшін  ауадай  қажет  болып  табылатын 

дербестікке ұмтылуға оң ықпал етуі тиіс [1].

Әлемдік аренада жеке тұлғаның бәсекеге қабілетті болуына бағыттау ‒ жаңашылдығымен 

өзекті. Ең бастысы, оқу үдерісінің ұйымдастырылуына өзгеріс енгізу қажет. Мұғалім белсенділігінен 

оқушылардың белсенді оқуына көшу керек. Оқушылар өз бетінше ізденімпаздықпен жұмыс істей 

білу, яғни оқу материалын таңдау, жаңаны қабылдау мен меңгеру, алған білімдерін іс жүзінде 

қолдана білуіне мүмкіндік беретін оқытудың белсенді әдістерін мектепте қолдану қажет. 

«Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы Алматы қалалық 

филиалының  аға  менеджері,  филология  ғылымдарының  кандидаты,  доцент  А.Қ.Әлімовтың 

«Оқытудағы  интербелсенді  әдіс-тәсілдер»  атты  оқу  құралында  орта  мектепте  интербелсенді 

оқу әдістемесін оқу үдерісінде қолдану мәселелері, оның философиялық және методологиялық 

негіздемесі, мектептегі практикалық қолданысы жан-жақты сипатталған. Интербелсенді оқыту 

әдістемесі туралы ғалымның еңбектерімен таныса жүріп, өзім оның ұсынған іс-тәжірибелерін 

күнделікті сабақтарымда қолданып жүрмін. Бүгінгі күні білім беру жүйесінде негізгі мәселелер 

үйрену мен үйрету тек өзара белсенді әрекеттерге негізделген қарым-қатынас арқылы жүзеге 

асырылатынын  және  тек  әрекеттесу  арқылы  үйренуге/үйретуге  болатыны  айқын  дәлелденіп 

отыр.

Сабақ  басында  мұғалім  оқушыларды  шағын  топтарға  біріктіреді  (бөледі  емес!).  Тамаша 



әрекет!  Өйткені  сабақта  оқушылардың  негізгі  жұмыс  орны  шағын  топ  құрамында  және  олар 

негізгі әрекеттерді де осында атқаруы керек. Олар бүкіл сабақ бойы бас түйістіріп бірлесе жұмыс 

жасауы  керек:  бірін-бірі  үйретуі,  бір-бірінен  үйренуі,  бір-біріне  жәрдемдесуі,  бірін-бірі  демеуі, 

толықтыруы, берілген мәселені бірлесе талқылауы, проблеманы бірге шешуі қажет [2].

Ынтымақтастық  оқу  –  оқыту  мен  оқуда  білім  берудің  тәсілі.  Бұл  ‒  проблемаларды  шешу

тапсырмаларды орындау немесе әлдебір өнім жасау үшін бірлесіп жұмыс істейтін оқушылар 




316

тобы дегенді білдіреді. Ынтымақтастық оқуға қатысушылар бір-бірімен әңгімелеседі, әңгімелесу 

арқылы оқуды жүзеге асырады.

Оқушыларға  оқу  тапсырмасын  ұсынғанда  немесе  сұрақ  қойғанда,  оларды  бірлесе  жұмыс 

жасауға ынталандыру керек болар. Менің ойымша, мұндайда оқушылардың жұмысы мынандай 

ретпен жүзеге асырылғандығы дұрыс:

«Сұрақ (тапсырма) → Бірлескен жұмыс (топтық не жұптық) → Жауап» [2].

Мұғалім  сабақ  барысында  жеке  оқушыға  сұрақ  қоймай,  сұрақты  шағын  топтарға  қойып, 

ал  топтар  ол  сұраққа  жауапты  бірлесе  іздеуі  керек.  Табысты  сабақтарда  оқушылардың 

«Мен  айтайыншы!»  деген  әрекеті  болмауы  керек.  Қолдарын  безеп,  өзгелерден  ерен  көрініп, 

мұғалім мен сыныптың назарына түскісі келген, жауап беріп жоғары баға алғысы келген ондай 

оқушыларға:  «Бұл  сұрақтың  жауабын  білесіз  бе?  Онда  тобыңызға  (жұбыңызға)  айтыңыз, 

топ  (жұп)  ішінде  талқылаңыздар!  Содан  кейін  топ  (жұп)  атынан  айтасыз!  Немесе  мен  сізден 

сұрамайтын да болармын: топ атынан басқа оқушының жауап беруін сұрауым да мүмкін!» деп 

айту керек болар. «Есесіне сіз білгеніңізді топ ішінде басқа оқушыларға айтып берсеңіз, олардың 

бұл туралы пікірлерін естісеңіз, олардың да ойлары мен ұсыныстарын тыңдап, өз идеяңызды 

толықтырып, дамытсаңыз – өзіңізге де жақсы емес пе?!» деп оларға бұл әрекеттің мақсаты мен 

мәнін де түсіндіріп кеткен жөн болар [2].

Шағын топтық, жұптық жұмыстар оқушыларда бірлік, бірегейлік сезім қалыптастырып, сол 

арқылы  өздерінің  ұжымға  тікелей  қатынасы  бар  екендігін  сезіндіреді.  Ал,  «бірлесе  көтерген 

жүктің жеңіл» екендігі баршамызға аян.

Топтарға  біріктіру  үшін  әдетте  оқушылар  мұғалімнің  үстелінде  жатқан  карточкаларды 

(немесе күлекештерді, стикерлерді) алып, соларда жазылған сөздер бойынша топтарға бірігеді. 

Бұл әрекеттің 2-4 минуттай уақыт алып жатқанын байқауға болады.

Ұсыныс.  Топтарға  біріктіру  ісін  оқушылардың  өзіне  (мәселен,  бүгінгі  екі  кезекшіге) 

жүктеп,  бұл  істі  қоңырау  кезінде,  сабаққа  дейін  ұйымдастыруды  сұрау  керек.  Есесіне 

мұғалім  уақытты  топқа  біріктіруге  жоғалтпай,  сабағын  бірден  бастап  кетеді.  Әрине, 

бұл  үшін  мұғалім  бастапқы  1-2  аптада  оқушыларға  топқа  бөлінудің  қалай  іске 

асырылатындығы  мен  оның  түрлерін  өзі  көрсетіп,  оқушыларды  осыған  үйретуі  керек  шығар. 

Екіншіден,  шағын  топтың  атаулары  не  тақырып  бойынша  (мысалы,  сабақта  қарастыратын 

ұғымдар,  құбылыстар,  терминдер),  не  оқушыларға  жақын  сөздерден  («Сіздерді  аналарыңыз 

қалай еркелетеді?», «Қай қалаға саяхат жасағыңыз келеді?», «Ұялы телефонның қай маркасы 

сіздерге  ұнайды?»,  «Қай  машинаны  мінгілеріңіз  келеді?»,  «Қай  футбол  командасының 

жанкүйерісіз?» т.б.) құралғаны дұрыс болар [2].

Сыныпта жағымды психологиялық ахуал орнату оқудың табысты болуының алғышарттарының 

бірі. Сабаққа келгендердің барлығы дерлік оқуға бірден араласып кетуге дайын емес. Әдетте 

мұғалім оқушыларды топқа бөліп, шеңберге жиналып, бір-біріңе жақсы тілек айтыңыз дегеннен 

бастап жатады. 

А.  Әлімов  бұл  туралы  «Байқасаңыздар,  оқушылар  негізінен  жалпылама  сөздер  айтып 

жатады: «Бүгін көп біл!», «Бестік» ал!», «ҰБТ-да 130 балл жина!», «Оқуға түс!», «Ата-анаңның 

сенімін ақта!» дегендей. Біз тойларда бір-біріне ұқсас, көп қолданыстан жауыр болған тілектерді 

айтудан шаршаған да шығармыз?!. Мүмкін сондықтан да оқушыларға позитивті бағытты ұстану 

мен өзіне деген сенімдерін арттыру үшін оларды аффирмацияларды айтқызу керек шығар?

Аффирмация  —  өзін-өзі  сендіру,  ойды  бекіту.  Оларды  адам  санасын  өмірдегі  позитивтік 

жаңалықтар мен өзгерістерді қабылдауға бағыттау үшін айтады. Аффирмациялар тек осы шақта 

ғана  құрастырылады.  Мәселен,  оқушылар  топ  құрамында  қол  ұстасып  немесе  иықтарынан 

құшақтасып  тұрып,  тақтада  жазылған  мына  сөйлемдердің  бір-екеуін  хормен  дауыстап  оқуы 

дұрыс болар ма еді (аффирмацияларды «біз» деп те, «мен» деп те айтуға болады, сондықтан 

да мұнда мен екі вариантты да келтірдім):

— Біз табысқа жететінімізге толық сенімдіміз, біздің үнемі жолымыз болады.

— Жақсылық, дұрыс таңдау және амандық үнемі біздің қасымызда.

— Болып жатқан істің барлығы біздің игілігіміз үшін жасалуда.

— Біздің қабілеттеріміз әр күн сайын жақсаруда.

— Өзіме деген сенімділік үнемі менің жанымда.

— Бізге оқып, үйрену ұнайды, біз онымен қуана, рахаттана, шабытпен айналысудамыз. 

— Мен бойымдағы барлық тамаша қасиеттерді аша бастадым.

Мен өзіме сенемін, табыстарға жететіндігімен сенемін.



317

— Мен жаңа өзгерістер мен мүмкіндіктерді қуана қоштаймын.

— Мен әр күні өз дарындарымды көрсете білемін.

— Мен еркін және жеңіл түрде алға жүрудемін.

— Бәрі де менің қолымда. Мен тек ақылға негізделінген, ең жақсы, ең ұтымды, ең тиімді 

шешім қабылдаймын.

Аффирмация аяқталғаннан кейін шағын рефлексия жүргізген дұрыс:

— Балалар, қандай көңіл-күйдесіздер?

— Өздеріңізді қалай сезінудесіздер?

— Өзіңізге деген сеніміңіз жоғарылады ма?

— Бүгінгі сабақ тақырыбын табысты түрде меңгереміз бе?

— Ізденіс пен белсенді әрекеттерге дайынсыздар ма?

Әрине, аффирмация мен рефлексияның 30 секундтан аспағаны жөн» [3]. Осылай біртұтас 

ұжымның  мүшесі  ретінде  алда  күтіп  тұрған  бірлескен  күрделі  жұмысты  атқаруға  дайындауға 

болады. 

Пікірталас, дебатты әрбір сабақта қолданып отырған тиімді. Дебат ойындарында оқушылардың 

ой  ұшқырлылығы  қарама-қарсы  сұрақ  сәтінде  анық  байқалады.  Мысалы  М.Жұмабаевтың 

«Батыр Баян» тақырыбына өткізген сабағымда Жақтаушы тобына «Ел мүддесі бәрінен жоғары», 

Даттаушы тобына «Махаббатта шекара жоқ», Сарапшы тобына «Қорытындысын айтып, дауды 

шешіңіз»  деген  дебат  түрінде  берілген  тапсырмада  (тапсырма  келесі  сабақта  дайындалып 

келуге  берілді)  өз  позициясын  жақтап  шығуға  тырысқан  оқушылар  кітапханаға  барып  түрлі 

материалдар  іздестірді.  Қазіргі  таңда  ғаламтордың  шеңберінен  шырматылып  шыға  алмай 

қалған балалардың көркем әдебиет оқуға құлшынысы арта түскенін байқадым. Ойын барысын-

да өз ойларын келелі сөз, шынайы шеберлікпен, шешен тілмен жеткізуге тырысты.

Оқушының  сабақтағы  барлық  әрекеттерін  ‒  талқылау,  әңгімелесу,  пікірталас,  сұрақ  қою, 

жауап беруі ‒ оның қорытынды жазба жұмысын орындауға бағыттап, сол арқылы бағалауға да 

болады [2].

Оқушыларды жалықтырып алмау үшін жазба жұмыстарын түрлендіріп беруге болады.  Еркін 

жазу, Эссе, РАФТ, Төрт сөйлем, SWOT, FILA,  Елес құшағында, Қос жазба күнделігі, Үш жазба 

күнделігі, Жазбаша интервью алу, Авторға хат, Кейіпкерге хат,  әртүрлі графикалық органайзерлер 

(Венн диаграммасы, М- диаграммасы, W – диаграммасы, Х – кестесі, + ‒ кестесі, Т – кестесі, 

Концептуалды  кесте,  Семантикалық  кесте,  INSERT  кестесі  т.б.)  секілді  жазу  формаларын 

сабақтарымызда  қолданып  отырсақ,  шәкірттерімізді  шаршатып,  жалықтырмаймыз.  Сонымен 

қатар оқушыларды бағыттау үшін төмендегідей сұрақтарды қоюға болады:

- Шығарма неліктен «…» деп аталды? 

- Шығарма соңындағы автор шешімімен келісесіз бе? 

- Сіздің көзқарасыңыз немесе кейіпкерлердің орнында болғанда қайтер едіңіз?

- Кейіпкер бейнесінен немесе үзінділерден өз өмірлеріңе пайдалы нәрсені таптыңдар ма? 

- Кейіпкер туралы теріс пікірдің қалыптасуына не себеп болды?

- Шығармадағы ерекше әсер еткен немесе ой салған оқиғаны атаңыз.                                      

- Оқиғадан сізде қандай ой туды?

- Кейіпкерге қандай сұрақ қояр едіңіз? Ойыңыздан тағы нені қосар едіңіз? 

- Ой-тұжырымыңыздың шынайылығын дәлелдеп, күнделікті өмірден мысал  келтіріп көріңіз 

т.б. 


Шәкірттеріміздің  өзінің  дербес,  ешкімге  ұқсамайтын,  оған  ғана  тән  қағаз  бетіне  түскен 

ойларын, пікірлері мен ұсыныстарын бағалап, ынталандырып отыру арқылы шығармашылық 

тұрғыда ойлау, шешім қабылдай білу қасиеттін дамытуға болады.

Осындай  әдіс-тәсілдерді  түрлендіріп,  жүйелі  түрде  пайдаланып  мұғалімнің  шәкірттері  өз 

бетімен  жұмыс  істеуге  тез  үйренеді.  Орта  буын  оқушыларының  арнайы  ереже  дәптерлері, 

альбомдар, сөздіктері, хронологиялық кестелері болуға тиіс. Сонымен бірге, шығармашылық 

дәптері бөлек болғаны дұрыс. Оған оқушы өздеріне ұнаған мақал-мәтелдерді, афоризмдерді, 

шешендік  сөздерді  де  жазып алып  жүруге  баулу  керек. Осы ретте,  шығармашылыққа жақын 

кейбір оқушылар сол дәптерге әңгіме, мақала, күнделік, пікір жазып үйренуіне мүмкіндік туады.

Тіл мәселесі, әсіресе, небір бұлыңғыр күндерді, тар жол, тайғақ кешулерді бастан өткерген 

қазақ  тілінің  мәселесі  қашан  да  өткір  әрі  өзекті  болмақ.  Қазақ  тілі  мен  әдебиетінің  мектепте 

оқытылу  жайы  әркімде  де  толғандыруы  тиіс.  Қазақ  тілін  оқыту  алдына  үлкен  міндеттер, 

оқушыларға түсіндірудің тиімді әдіс-тәсілдерін іздестіру қажеттілігі қазіргі таңда да қарастырылып 



318

келе жатқан мәселе. Демек, тіл ғылымының үздіксіз дамуының нәтижесінде, адам баласы ой-

санасының,  дүниетанымының  өсуіне  байланысты  оқыту  әдістемесі  де  қатар  жетіліп  байып 

отыр. Өйткені, озат мұғалімдер тәжірибелерінен толығып оның мазмұны мен жүйесі, құрылысы, 

кеңейіп, байып отырады. Қоғам ілгері дамыған сайын оқыту мазмұны да күнделікті жаңарып, 

жетіліп отырады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   674




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет