Сборник материалов V международной научно-практической конференции



Pdf көрінісі
бет221/674
Дата07.01.2022
өлшемі10,53 Mb.
#20558
түріСборник
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   674
Түйін сөздер: дағды, оқушылар, белсенді оқыту, үйрену, үйрету, әдіс-тәсілдер.

Ключевые слова: навыки, учащиеся, интеракивное обучение, изучение, обучение, методы 

обучения.



Key words: skills, students, online learning, study, training, teaching methods. 


320

ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН СЫН ТҰРҒЫСЫНАН БАҒАЛАУ БАСТАУЫШ СЫНЫП 

ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ҚОРЫ РЕТІНДЕ

Г. Шертаева 

№ 90 жалпы орта мектебі, Шымкент қ. «№ 90 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық 

мемлекеттік мекемесі

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңның 8-бабында білім беру жүйесінің басты 

міндеті  –  ұлттық  және  жалпы  адамзаттық  құндылықтар,  ғылым  мен  практика  жетістіктері 

негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білм алу 

үшін қажетті жағдайлар жасау.

«Білім-басы бастауышта» дегендей, өскелең ұрпақтың өз атын, елінің тарихын еркін оқып, 

ойын ашық жеткізе алуына бірден бір негіз болатын білім ол – бастауыш буындағы білім. Ой мен 

ісі қалыптаспаған Өздігінен әрекет етуге талпынатын бастауыш сынып оқушыларының ауызша, 

жазбаша дағдыларын қалыптастыруда мұғалімдер түрлі тәсілдерді қолданып, өз атын жазуға 

дағдыландырып жатамыз. Жазу мен оқуды үйренген бала өздігінен өз пікірін айтуға қалыптаса 

бастайды. Осындай деңгейде түрлі әдістердің арасынан сын тұрғысынан ойлау техналогиясын 

ерекшелеп  айтуға  болады.  Онда  оқушының  ізденімпаздығы,  пәнге  деген  құлшынысы  оянып, 

ойында салыстыру реакциялары жүреді. Ненің дұрыс, ненің бұрыстығын айқындай бастайды.

Бүгінгі таңдағы білім беру – өсіп келе жатқан ұрпақтың ақыл-ойы мен дамуының, мәдениетінің 

деңгейін анықтаушы фактор. Мемлекетіміздің елбасы Н.Ә.Назарбаев айтқандай, экономиканың 

қарқынды дамуы үшін қазіргі нарық қатынасы талаптарына жауап бере алатын, сыни ойлана 

алатын, шығармашыл адамдар қажет.

Қазіргі кезде білім беру үрдісінде көптеген технологиялар қолданылады. Соның бірі «Оқу 

мен жазу» арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» техналогиясын өзімнің шығармашылық 

тақырыбым ретінде таңдап алып, әрбір сабағымда тақырыпты ашатын әдіс-тәсілдерін ұтымды 

қолдануға тырысамын. Бұл бағдарламаның мені қызықтырғаны, баланың өзі ізденіп, дәлелдеуі. 

Ол  бұрын  тыңдаушы  болса,  енді  ізденуші,  ойлаушы,  өз  ойын  дәлелдеуші,  ал  мұғалім  осы 

әрекетке  бағыттаушы,  ұйымдастырушы  болып,  оқушының  жеке  тұлға  болып  қалыптасуына 

ықпал жасаймын

Осы  СТО  технологиясының  кезеңдерін  дұрыс  орнымен  пайдаланған  жағдайда  мұғалім 

көптеген жетістіктерге жетеді. Ал мұғалім жетістігі өз шәкіртінің бәсекеге қабілетті, жан-жақты 

ізденімпаз,  тәрбиелі  ұрпақ  болып  қалыптасады.Сын  тұрғысынан  ойлау  техналогиясы  – 

тақырыпты жүйелі меңгеруіне, өз бетімен ізденуіне көп көмегін тигізеді. 

Сын тұрғысынан ойлау – бұл ақпарат пен ойдың бірігіп алудың шынайы тәсілі. Ақпаратты алу 

ғана емес, сонымен қатар алған ақпаратты сыни тұрғыдан бағалап, ой елегінен өткізу арқылы 

қолдану. 

Сын тұрғысынан ойлау – бұл қиын тапсырманың шешімін табу үшін жасалатын дұрыс шешім. 

Сол шешімге сенудің бірден бір жолы. 

Сын  тұрғысынан  ойлау  –  оқушының  дұрыс  ойлануына  жасалатын  ой  моделі  және  ой 

әрекетінің қызметі.

Сын тұрғысынан ойлау шығармашылық ойлауын дамытатын ең маңызды бағыт.

Д. Клустердің ойынша сын тұрғысынан ойлаудың 5 қыры бар:

1. Бірінші бұл - Өз бетімен ойлау;

2. Екінші бұл - Ойын қорыту;

3. Үшінші бұл – проблемалық және сол ойын бағалай білуі;

4. Төртінші – бұл ойын дәлелдеуі;

5. Бесінші – сын тұрғысынан ойлаудың өзі әлеуметтік ойлау болып табылады; (өмірмен бай-

ланысты) (2)

Сын тұрғысынан ойлау технологиясы анықтағандай 6 компоненттен тұрады

Сыни ойлаушы:

.  Өз ойын қалыптастыра біледі;

.  Әртүрлі ойлармен санасып, оз ойын дәлелдеуге тырысады;

.  Тақырып бойынша мәселені шеше біледі;

.  Дәлелді пікірталас құра алады;

.  Бірлескен жұмыстан түбегейлі шешім шығаруды толықтай құптайды;




321

Кез-келген сұрақтың шешімін табу үшін адамның қабылдауының өзі көптеген факторлардың 

әсерінен болатынын түсінеді және бағалай біледі.(3)

Сын тұрғысынан ойлау техналогиясының негізгі белгілері:

Осы техналогияның мақсаты – оқушылардың ойлау дағдыларын, оқуда ғана емес тұрмыстық 

өмірде  де  (толық  түбегейлі  шешім  қабылдауға,  түрлі  жағдаяттардың  қыр-сырын  білуге, 

ақпаратпен жұмыс жасауға және оны талдай алуына) дамыту;

Сын тұрғысынан ойлау техналогиясының негізі – сабақтың үшбағыттық құрылымында:

Ой шақыру;

Ойлау;


Кері байланыс;

Ой шақыру тапсырмалары:

Өтілетін (оқытылатын) материал бойынша оқушлардың білімдерін жаңарту, не болмаса ес-

теріне түсіру.

Өтілетін  материалға  деген  оқушылардың  қызығушылығын  ояту;(бейне  жазба  арқылы  ой 

шақыруға болады. 

Өтілетін тақырыпты оқушылардың өздері анықтауға мүмкіндік беру;

Ойды жүзеге асыру үшін берілетін тапсырмалар – 

Өтілетін тақырыпты белсенді меңгеруіне жағдай жасау;



Өткен тақырып пен жаңа тақырыпты байланыстыра білуге жағдай жасау;

Кері байланыстың тапсырмалары –

Өрілген тақырып бойынша өз ойын қорытуға көмек беру;

Келесі тақырыпты өз бетімен анықтауға көмек беру;

Сын тұрғысынан ойлауды дамытудың түрі мен құралдары:

Тақырып бойынша жинақ;

Мәтіндер талдауы;

Түрлі көзқарастағы тапсырмалар құрастыру;

Ұжымдық пікірталас;

Топпен және жұппен жұмыстардың әртүрі;

Дебаттар;

Пікірталастар;

Оқушылардың жазба жұмыстарын жариялау;

Сын тұрғысынан ойлаудың жазба жұмыстары (оқушылардың жазған «Эссе», «Бес жолды 

өлең» жинап отыру.

1 – «Қызығушылықты ояту»

Бірінші кезең – қызығушылықты ояту. Үйрену процесі – бұрынғы білетін мен жаңа білімді 

ұштастырудан  тұрады.  Үйренуші  жаңа  ұғымдарды,  түсініктерді  өзінің  бұрынғы  білімін  жаңа 

ақпаратпен  толықтырады,  кеңейте  түседі.  Сондықтан  да  сабақ  қарастырғалы  тұрған  мәселе 

жайлы  оқушы  не  біледі,  не  айта  алатындығын  анықтаудан  басталады.  Осы  арқылы  ойды 

қозғау,  ояту,  ми  қыртысына  тітіркенгіш  арқылы  әсер  ету  жүзеге  асады.  Осы  кезеңге  қызмет 

ететін  «Топтау»,  «Түртіп  алу»,  «Ойлану»,  «Жұпта  талқылау»,  «Болжау»  тағы  басқа  әдістер 

(стратегиялар) жинақталғн.

Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты – үйренушінің белсенділігін арттыру, өйткені 

үйрену  –  оқушының  бойынан  белсенділікті  талап  ететін  іс-әрекет.  Оқушы  өз  білетінін  еске 

түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Яғни, айту, бөлісу, ортаға 

салу  арқылы  оның  ойы  тазарады.  Осылайша  шыңдалған  ойлауға  бірте-бірте  қадам  жасала 

бастайды.  Оқушы  бұл  кезеңде  жаңа  білім  жайлы  ақпарат  жинап,  оны  алдыңғы  білімімен 

ұштастырады.

Мысалы мен өзімнің өткен 4-ші сыныбымда әдебиеттік оқу сабағында мысалдар жанрындағы 

Оспанхан Әубәкіровтың «Ара мен шыбын» мысалын өтпес бұрын бейне роликтен «Ара мен 

шыбын» туралы мультфильм көрсеттім. Білім алушыларым осы бейне жазбадан көрген араға, 

шыбынға сипаттама беру арқылы жаңа сабаққа өттім.Сөйтіп өтілетін тақырыпты оқушылардың 

өздері анықтауына мүмкіндік бердім.

2 – «Мағынаны ашу»

Оқушы жаңадан алған білімін алдыңғы білімімен ұштастыра отырып ойын одан әрі қарай 

дамытады. Бұл кезеңді жүзеге асыру үшін мұғалім мынадай әдіс-тәсілдерді: «Болжау кестесі» 

(семмантикалық  карта),  «ойлан»,  «жұптас»,  «ортаға  сал»,  «сұрақ  қоя  білу»  өзара  оқытуды 



322

пайдаланады.  Осы  кзеңде  оқушының  өздігінен  білім  алу,  танымдық  қабілеттерінің  дамуы, 

шығармашылық  іс-әрекетінің  дамуы  яғни  еңбекқорлыққа  жетелейді.  Ойлау  мен  үйренуге 

бағытталған бұл бағдарламаның екінші кезеңі мағынаны тану (түсіне білу). Бұл кезеңде үйренуші 

жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның 

өз бетімен жұмыс жасап, белсенділігі артады. Яғни «Ара мен шыбын» мысалындағы кейіпкерлер 

мен  танысып,  еңбекқор,  әділетті,  жаны  таза,  сыпайы,  тазалықты  сүйетін  жанның  бейнесіне 

араны қойып, әділеттікке жаны қас, салақ, жалқау, өтірікші жан ретінде шыбынды таниды.

3 – «Ой толғаныс»

Оқушылар  алған  білімдерімен  алмасады.  Алдыңғы  кезеңдерде  алған  білімдеріне  әдіс-

тәсілдер  арқылы  шешім  қабылдайды  берілген  тапсырмаларды  дәлелдеп  қорытындылайды. 

Соның  бірі  INSERT.  Ол  бойынша  оқушыға  оқу,  тақырыппен  танысу  барысында  «Білемін», 

«Білдім», «Мен үшін жаңа ақпарат», «Бес жолды» өлең СЕНКВИН әдістерін зат есім, сын есім, 

етістіктерді  яғни  қазақ  тілі  пәнімен  байланыстыра  білу,  «Вен  диаграммасын»  жасау  арқылы 

шыбын мен араның ұқастықтары мен айырмашылықтарына тоқталады. «Блум сұрақтарының 

түймедағы» Бұл сұрақтарға жауап берген кезде нақты фактілерді атау керек. Мәтіннен белгілі бір 

мәліметті еске түсіріп, оны айтып беру керек. Дәлелдеуші сұрақтар «Егер мен дұрыс түсінсем, 

онда...?»  Интерпретациялық  (түсіндірме)  сұрақтар  әдетте  Неге?  Деген  сөзден  басталады. 

ЖИГСО ұжымдық әдіс. Оқығанды еске сақтау үшін бағытталған ең ұтымды әдіс. 

Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандартының 

«Білім  алушылардың  оқу  жентістіктерін  бағалау»  бөлімінде  оқушының  оқу  жетістігін  бағалау 

жүйесіне ішкі және сыртқы бағалау енген. Сыртқы бағалау 4-сыныпты аяқтағаннан кейін (аралық 

мемлекеттік бағалау) өткізіледі. Ішкі бағалауға оқу нәтижесін бағалау мен бақылаудың мынадай 

түрі енеді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы 

№ 125 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (Қазақстан Республикасы Білім 

және ғылым министрінің 2018 жылғы 9 ақпан № 47 бұйрығы);

«Бағалау»

  термині  жақын  отыру  дегенді  білдіретін  латын  сөзінен  шыққандығы  кездейсоқ 

емес,  себебі  бағалаудың  негізгі  сипаты  бір  адам  басқа  адамның  не  айтып,  не  істегенін 

немесе  өзін-өзінбақылау  жағдайында  өзінің  дербес  олауын,  түсінігін  немесе  тәртібін  мұқият  

бақылауы болып табылады. Бағалауды өткізу үшін оқушылардың нені білетіндігін және не істей 

алатындығын, сонымен қатар олар қандай қиындықтармен кездесуі мүмкін екендігін анықтау 

қажет. (МАН 57 –бет)

Бағалау – бұл үздіксіз процесс. Оған мұғалім, білім алушылар, ата-аналар, әкімшілік қатысуы 

қажет.


Баға – оқыту үдерісіндегі қозғаушы күш. Сыни тұрғыдан алып қарасақ, оқушылар өздерінің 

білімінің толығуына көмектеседі. Пәнге деген қызығушылығы артады, осыған қарап біз өзіміздің 

жұмысымыздың нәтижесін көреміз. 

Мен  бастауыш  сынып  мұғалімі  ретінде  төмендегідей  бағалаудың  түрлерін  сабақта 

пайдаланып  жүрмін.  Бастауыш  сынып  оқушылары  болғандықтан  алдымен  «Екі  жұлдыз,  бір 

тілек» арқылы бағалаудан бастадым. Мұндағы мақсатым – өзгені бағалау арқылы өзіңде жоқты 

табу немесе өзгенің жетістігі арқылы өз кемшілігін тауып, оны түзетуге бағыттау.

«Жұдырықтан бес саусаққа дейін»

Жұдырық – егер тапсырмада көп қателер жіберілсе;

Үш саусақ – егер тапсырма жақсы деңгейде орындалса;

Бес саусақ – егер тапсырма өте жақсы деңгейде орындалса;

Ойлау  дағдыларының  деңгейін  нақты  бағалай  білу  критериалды  бағалаудың  маңызды 

аспектісі болып табылады. «Блум таксономиясы» бойынша бағалау.

Бұл  таксаномия  оқушының  танымдық  және  сезімдік  өрісін  бағалауға  бағытталған.  Блум 

бойынша  ойлау  дағдыларының  деңгейі  таксаномиясы:  Білу,  түсіну,  қолдану,  Анализ-талдау, 

синтез-жинақтау, бағалау болып жіктееді.

Өзара бағалау оқушыларға кері байланыс беруге көмектеседі, яғни бір-бірінен білім алуға 

және бір-біріне қолдау көрсетуге, бір-бірімен талқылауға, әңгімелесуге, түсіндіруге және бірін-

бірі түзетуге мүмкіндік береді.

Өзін-өзі  бағалау  өзін  өзі  реттеуге  жетелейді.  Ұпайларды  мектеп  бағасына  айналдыру 

шкаласы бойынша есептеп көрсетуге болады.

«Басбармақ» арқылы бағалау     

«Бағдаршам»  арқылы бағалау



323

Гүл, жапырақ, жеміс арқылы бағалау

Құпия жәшік

Бағалаудың  өзіндік  қиындықтары  да  байқалып  жатады.Басында  балалардың  бәрі  жасыл 

түсті немесе бас бармағын, болмаса жемісті көрсетуі мүмкін. Дегенмен өздерін жоғары бағалап 

жатады.  Ондай  жағдайда  бағаның  шын  болу  керектігін  айта  отырып  яғни  шын  баға  өзінің 

қаншалықты түсінгенін көрсететінін айтып өткен жөн.

Формативті бағалаудың дәстүрлі бағалау жүйесінің артықшылығына сын көзбен қарайтын 

болсақ;

Оқушының жетістік деңгейін нақты сипаттайды;

Білімге деген ынтасын арттырады;

Баланың өзіне деген сенімділігі артып, жауапкершілікті сезінеді;

Оқушының өзін-өзі бағалауы дамып, оны тек сабақ барысында ғана емес, кез-келген өмірдегі 

болып жатқан қайшылықтарға өзіндік бағалау жүргізе алатын тұлға қалыптасады.

Қорытынды: Нақты қадамнан - айқын мақсатқа жету.

Мектеп оқушыларға тек қана білім беріп қана қоймай, сонымен бірге оқушылардың білімін 

бағалау, білім алушыларды алға ұмтылуға ынталандыру орталығы болып табылады. 

Қалыптастырушы  бағалау  білім  алушылардың  оқу  үдерісінде  білімді  меңгеру  және 

дағдыларының  қалыптасу  деңгейін  анықтау  қызметін  атқарады,  білім  беру  процесін  түзетуге 

мүмкіндік береді, мұғалім кері байланысты асыру үшін жүргізеді. Мұғалімнің үнемі кері байланыс 

беруі білім алушыларды алға жылжуға, жақсы, үздік нәтижелерге қол жеткізуге ынталандырады. 

Мысалы  мен  өзімнің  1-ші  сыныбымда  математика  Қымбат-арзан»  тақырыбы  сабағында 

білім алушылардың оқу мақсатына жету үшін бағалау критериін орындады. 

Айырмалық салыстыруға берілген есептерді шығарады.

Кері есеп құрастырады және шығарады.

Дескриптор:  Білім  алушы  -  заттардың  бағасын  салыстыра  отырып,  қанша  қымбат  екенін 

анықтайды;  -  есептің  шешуін  өрнек  түрінде  жазып  көрсетеді;    -  кері  есепке  сәйкес  қысқаша 

шартын жазады немесе сызбасын сызады; - есептің шешуін өрнек түрінде жазып, мәнін табады; 

- есептің жауабын толық жазады.

Осы дескриптор арқылы яғни нақты қадам арқылы білім алушы нәтижеге жетеді, нәтижеге 

жету арқылы оқу мақсатына жетеміз.

Жиынтық бағалаудың немесе оқытуды бағалаудың мақсаты оқушы қазіргі уақтта не оқып 

білгенін жинақтау болып табылады. Оны мұғалім тест, емтихан т.б. түрде өткізіп, өзі бағалайды. 

Оқыту үшін бағалау бұл білім алушлар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай 

бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін қолданылады. 

Бұл ретте ұстаздар жалғыз бағалаушы тұлға болмайтындығына назар аударылады. Оқушылар 

өздерінің сыныптастарын және өздерін бағалауғатартылуы мүмкін және мұғалімдер бағалауды 

белсенді жүргізген кезде, оқушылар белсенді қатысуы керек. Формативті бағалау мұғалімдерге 

сыныптағы оқушылардың үлгерімін бақылап отыруға мүмкіндік береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   674




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет