Семинар сабағының Әдістемелік ұсынысы (барлық білім алушылар үшін)



Pdf көрінісі
бет52/56
Дата27.02.2023
өлшемі1,57 Mb.
#70147
түріСеминар
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56
 
Семинар 29. Рухани даму. 
Жоспары: 
1. Тарихи сананы қалыптастыру. «Мәңгілік Ел», «Ұлы даланың жеті қыры» идеясының 
негіздері. 
2.Мемлекеттік тілде гуманитарлық білім беру қорын құру. 
3.Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері. 
4. Білім және ғылым жүйелеріндегі реформалар. «Болашақ» бағдарламасы. 
5. Денсаулық сақтау ісінің нарықтық экономика жағдайына көшуі. 
Сабақтың түрі: 
проблемалық семинар  
Тақырыпты 
оқытудың 
мақсаты 
мен 
міндеті:бүгінгі 
студент 
ертеңгі 
мамандардыңсанасында және іс-әрекетінде ұлттық сана-сезімнің, ұлттық рухтың, 
интеллектуалды әлеуеттің және жаңа қазақстандық патриотизмнің жоғары деңгейін 
қалыптастыру. Жалпыұлттық идеямыз –«Мәңгілік елді» басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің 
даму даңғылын түсіндіру.
Тақырыпты оқытудың әдістемелік нұсқаулары: Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан 
жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» (17 қаңтар 2014 ж.) атты кезекті Жолдауында: 
«Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. 
Басты мақсат – Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол – «Мәңгілік 
Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті», – деп атап 
өтті. Бұл орайда елең еткізген жаңалық – тұңғыш мемлекеттік ресми идеология, яғни «Мәңгілік 
Ел» идеясының жариялануы еді. «Мәңгілік Ел» идеясы біздің көне түркілік дүниетанымымызды, 
болмысымызды, көшпенділер өркениетінің негіздерін замана талабына сәйкес қайта 
жаңғыртудың, елімізді алдыңғы қатарлы қуатты мемлекеттер қатарына жеткізудің идеялық 
кепілі болып табылады. Нақтырақ айтқанда ол Қазақ елінің жарқын болашағын білдіре отырып, 


Қазақстанның дамыған елдермен терезе теңестіруіне жол ашатын, халықты ортақ мақсат –
мәңгілік ел болуға жұмылдыратын идея. Дәріс барысында «Мәңгілік ел» ұғымын тереңнен 
түсіндіру, тарихи негіздерін көрсету мәселелері маңызды болмақ.Студенттердіңрухани-
адамгершілік қасиеттері мен білім алушылардың патриоттық сезімдерін қалыптастыруға, 
қазақстандық отаншылдық пен азаматтық жауапкершілік, ұлттық сана-сезім мен толеранттылық, 
Қазақстанның этникааралық жағдайда қарым-қатынас жасай білуіне бағытталуы тиіс. 
Елбасы тек мәдени кодты сақтай отырып қана (тіл, руханилық, салт-дәстүрлер) уақыттың 
сын-қатерлеріне жауап қайтара алатынымызды айта келе, «Егер ұлт өзінің мәдени кодын 
жоғалтса, онда ол ұлттың өзі де жойылады», – деп атап көрсетті. Тақырыптың әдістемелік аясы 
монистік біржақты көзқарастан плюрализмге, жалаң, тар түсініктен көп деңгейлі талдауға және 
пәнаралық түсіністікке өту кезінде қалыптасады, ауқымын кеңейтеді.«Мәңгілік Ел» идеясының 
мазмұны ұлттық идеяның маңызды құраушыларын (этносты қалыптастырушылық, азаматттық 
және жалпымемлекеттік), сонымен қатар Мықты және Қуатты Қазақстан мемлекетін құруда 
басшылыққа алынатын «Қазақстан – 2050» Стратегиясының негізі айқын нақтыланып, 
атқарылуы тиіс бағыттарға ерекше назар аудару қажет: жаңа қазақстандық патриотизмге 
тәрбиелеу,барлық этностар азаматтары құқықтарының теңдігі, Қазақ тілінің дамуы және 
тілдердің үш тұғырлылығы, мәдениетті, дәстүрлі және даралықты қайта өркендету,ұлттық зиялы 
қауым рөлін көтеру, мемлекеттің зайырлы сипатын нығайту – бұл Қазақстанның сәтті дамуының 
маңызды шарты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет