Серік Мырзалы философия оқу құралы


Аристотельдің бірінші физикасы



Pdf көрінісі
бет56/422
Дата11.11.2022
өлшемі3,76 Mb.
#49318
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   422
Аристотельдің бірінші физикасы
Аристотель «бірінші физика» деп табиғат заңдылықтарын, нақтылы 
жаратылыстану заңдылықтарын зерттейтін физика ғылы-мының ар 
жағында жатқан дүние жөніндегі ең шегіне жеткен жалпы сұрақтарды 
түсінеді. Антика заманының ойшысы Андроник Родосский сондықтан 
оған «метафизика» деген атақ қойған болатын. Бұл ұғымның «бақытты 
тағдыры» болып, осы уақытқа шейін жетіп, философияда кеңінен 
қолданылады.
Аристотель дүниенің алғашқы негізін екі себептен шығарады, 
олар – материя және бітім, форма. Материя – бітімсіз, бітім материясыз 
өмір сүре алмайды. Егер Платон материя оны қалыптастыратын идея-
сыз өмір сүре алмайды десе, онда Аристотель форманың өзі де мате-
риясыз болмыста жоқ деген пікірге келеді. Тек бір-біріне қосылып қана 
олар заттың шынайы болмысына, субстанцияға әкеледі. Олай болса, 
дүниенің алғашқы негізін құрайтын материя және форма арқылы өмір 
сүретін – жеке заттар ғана.
Сонымен, Дүниенің алғашқы негіздері материя мен форма болса
олар қалайша бір-бірімен қосылып, нақтылы заттарды тудырады? 
Бұл сұрақты шешу жолында Аристотель ғылымға екі жаңа ұғым 
әкеледі. Олар «мүмкіндік» (грекше – dynamіs, латынша – potentіa) және 
шындық (грекше – energeіa, латынша – actus). Бұл ұғымдарды ол мате-
рия және формамен тығыз ұштастырады. Материя – тек белгілі бір 
заттарға айналатын мүмкіндік қана. Ал формаға келетін болсақ, ол – 
шынайылық. Сондықтан форма материяны мүмкіндіктен нақтылы 
шындыққа әкеледі. Мысалы, кірпіш – саздың формасы, сонымен 
қатар болашақ үйдің мүмкіндігі, ал саз – кірпіштің мүмкіндігі. Сәби – 
болашақ ересек адамның мүмкіндігі. Сөйтіп, қайсыбір дүниеге келу – 
мүмкіндіктің шындыққа айналуында. Жоқтан еш нәрсе пайда бол-
майды, қайсыбір қозғалыстың қайнар көзі дүниенің сыртында емес
заттардың ішкі мүмкіндіктерінде.
Материалдық және формалдық себептерден басқа, Аристотель 
әрекеттік және мақсатқа лайықтылық себептерді көрсетеді. Расында, 
белгілі бір нәрсенің дүниеге келуі басқа нәрсенің әрекеті арқылы іске 
асады. Ал дүниеге келген зат не үшін келді деген сұрақ заттың мақсатқа 


86
лайықтылық себебін көрсетеді. Оны Аристотель энтелехия (entelechіa – 
бітімге келген, кемеліне келген, грек сөзі) деген ұғым арқылы көрсетеді.
Енді соңғы үлкен мәселені қазақ дүниетанымы тұрғысынан қойсақ, 
бұл жалған дүниенің неге барлық жағы тең емес, оймен сәйкес 
келмейді? Аристотель бұл мәселені материя санаты арқылы шешеді. 
Материя – енжар, кертартпа зат, сондықтан формамен қосылған кезде 
табиғаттың қажеттілігі, кездейсоқтық пайда болады. Сондықтан бұл 
дүниеде еш нәрсе мақсатқа лайықты дамығанымен, өзінің ішкі энтеле-
хиясына толығынан сәйкес келмейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   422




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет