Ш. Х. Курманалина, С. М. Бахишева


Ұйымдастыру функциясының элементтері



Pdf көрінісі
бет40/93
Дата13.12.2022
өлшемі1,08 Mb.
#56897
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   93
Ұйымдастыру функциясының элементтері: 
1.Еңбекті бөлу басқарманың тиімділігін арттырудың маңызды 
факторы 
болып 
табылады 
жəне 
қызметтің 
жекелеген 
түрлерін 
(функцияларын) орындауда, олардың өкілеттіктерін, құқықтары мен 
міндеттерін анықтауда мамандандыруды қарастырады.
2. Ұйымдастыру функциясының екінші элементі– бөлімдерді 
(топтау) құру, қалыптастыру жəне олардың арасындағы байланыстарды 
орнату, яғни. орталықсыздандыру үдерісі. Жұмысты блімдерге бөлу арқылы 
ұйымдастыру бірнеше бағыттар бойынша жүзеге асуы мүмкін: 
функционалды (өзінің міндеткерлігі бойынша), дивизиялық (санына қарай, 
жабдықталуына 
қарай, 
уақытына 
қарай 
бөлу), 
инновациялық 
(жаңалықтардың енгізілуіне байланысты жұмыс барысында жедел өзгеруге 
бағытталады), 
аралас 
(жоғарыдағылардың 
бірнешеуінің 
белгілері 
қайталанғанда).
3. Ұйымдастыру 
функциясының 
үшінші 
элементі 
міндеткерліктерді бөлу.
Міндеткерліктерді бөлгенде басшылар бір басшылық қағидасын 
басшылыққа алады, ол бойынша əрбір құрылымдық бөлімшеде билік ету мен 
шешім қабылдау құқығына ие бір адам ұйымдастырып отыруы тиіс жəне 
қызметкер сол басшыға тікелей бағынатын болады.
4. Ұйымдастыру функциясының төртінші элементі -басқарушылық 
қызметтің əртүрлі деңгейлері мен түрлері бойынша басқарылатын 
нормаларды анықтау. Басқару нормасы еңбекті орындаушылардың санымен 
(менеджмент бойынша төмен деңгейде деп санағанда мөлшермен 15-25 
адам), оларды басқару аясымен жəне мынадай факторлармен анықталады: 
менеджердің мүмкіндіктері, оның көмекшiлерi саны, орындалатын 
жұмыстардың түрлері т.б. Басқарудың нормативін анықтайтын ең маңызды 
факторлар менеджердің білімі, тəжірибесі жəне ноу-хау болып табылады. 
Жұмысты орындау барысында менеджер тапсырманы жəне өкілеттігін оны 
жүзеге асыруға жауапты адамға бере алады (делигирлеу), жауапкершілік пен 
ұйымдастыру міндеткерліктерін бөлу ұғымдарына негізделеді.Басқарудың 
ұйымдастырушылық функциясы екі құрылымды: басқару мен ұйымды 
жобалау жəне құру процесі болып табылады. Бұл құрылымдар тығыз өзара 
байланысты. Басқару құрылымы басқару процесін қамтамасыз етуге, 
ұйымдағы бақылауды үйлестіруге тиіс.Ұйым құрылымы жоспарланған 
міндеттер, тапсырмалар бойынша жұмыс сапасын қамтамасыз етіп, еңбек 
үрдісін қамтамасыз (технология, жабдықтар, тиісті біліктілік деңгейі бар 
адамдар) етуі керек. Ұйымдастыру арқылы педагогикалық ұжым мен 
оқушылар ұжымы қалыптасатын болады.


48
Білім беру мекемесінің менеджері педагогикалық, оқушылар, қызмет 
көрсету саласы қызметкерлерінің жұмыстарын ұйымдастырады, кадрларды 
тағайындайды, олардың қызметтерін бөледі, өзара қарым-қатынастарын 
жақсартуға ықпал етеді, шығармашылық өсулеріне ықпал жасап,еңбек 
тəртібінің сақталуын бақылауда ұстайды, еңбек өнімділігін арттыру үшін 
материалдық –техникалық жағдайды жасайды. Еңбек əрекетін орындауда 
жұмыс орны қызметкерлер үшін маңызды орта. Жұмыс орны жеке немесе 
топпен атқаратын орындаушылар үшін еңбек етуге қажетті техникалық 
жабдықтармен жабдықталған болуы керек.[25, 21] Қазіргі уақытта білім беру 
саласында оқуға қажетті ортаны құру, қажетті материалды-техникалық 
жабдықтармен қамтамасыз ету- басшының алдында тұрған негізгі 
міндеттердің бірі. Осындай қажетті жұмыс ортасы құрылған жерде ғана 
сұраныс пен талап, сапалы жұмыс пен өнімді нəтиже бола алады. Бұл əр 
мектеп басшысының негізгі ережесіне айналуы тиіс.Ұйымдастыру қызметін 
білім беру ұйымының келесі құрылымдары жүзеге асырады: білім беру 
ұйымының əкімшілік құрылымдары, мектепті басқарудың негізгі 
құрылымдары: педагогикалық кеңес, əдістемелік кеңес, қамқоршылық кеңес, 
директор жанындағы кеңес, пəндік əдістемелік комиссия отырыстары, жедел 
кеңестер, 
директор 
орынбасарлары 
жанындағы 
кеңестер. 
Ұйымдастырушылық құрылым арқылы ұйымның негізгі қызметі, міндеттері, 
бизнес-үрдістер ұйымның ішінде бөлімдер құру арқылы, қандай да бір 
қызметтерді жүзеге асыруға жауаптыларды тағайындау арқылы жүзеге 
асырылады.[26,107] Басқарудың функционалды құрылымында əр басқару 
бөлімшесінің өзіндік басқару обьектілері мен бөліктері бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет