Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет9/123
Дата28.07.2023
өлшемі1,34 Mb.
#104870
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   123
Байланысты:
1. Қызыл жебе - I кітап Шерхан Мұртаза (8 сынып)

Қызыл жебе
кетпесін деп Рысқұл жалғыз ауыз мылтығын оқтап жанына 
қойды. Тамызық үзілмесін деп тағы да отын жинады.
Заңғар таудың кеудесіне шығып отырған екі адам маздап 
жанған отқа үңіліп қапты. Мейман қазақша білмейді, Рысқұлдың 
орысшасы «твая-маядан» артпайды. Тілі басқа, діні басқа екі 
адамға от ортақ. От олардың тілмашы сияқты. Дүниеде оттан 
таза нәрсе жоқ. Тіпті алмастың өзінде, алтынның өзінде ақау, 
кірбің болуы мүмкін. Ал отта арамдық болмайды.
О баста Дмитриевтің көкірегіне күдік кірген. Бөтен адам, тіл 
білмейтін, көп сөйлемейтін сыры беймәлім біреу. Талғардағы 
бір орыстың айтуына қарағанда, нағыз тоқымы кеппес қарақшы 
көрінеді. Сонда бұл мені аңғар-аңғар тау ішінде жайратып салып 
кетіп отырса не болмақ?
Қазір дастарқан басында дәм бөліскеннен кейін Рысқұлдың 
жалынға қарап тесіліп, жалқын сәуледен әдемі сурет көргендей, 
яки бір ғажайып әуен тыңдағандай бозым халін байқап, ойлады: 
«Жоқ бұндай адамда бөгде пиғыл болуы мүмкін емес».
Тең артқан торы ат пен Дмитриев мінген қара ат түн 
қараңғылығынан сескенгендей іштерін тартып қойып, бір-
бірімен айқасып, мүлгіп тұр. Қоңыр өгіз күйіс қайырудан зерігер 
емес. Оқта-текте көмейіне сүйек тығылғандай түйіліп барып, 
күйісін қайта бастайды.
Тәуекел түні. Жер түбінен жетіп, аспан-таудың Талғар атты 
шыңының қыры-сырын білмек үшін осынша азапты сапар 
шеккен Дмитриевтікі де ерлік. Ғылым жолында да тек ерлік 
керек. Оған жолбасшы болып, табанын тасқа тілдіріп, тау асып 
жүрген Рысқұлдікі де ерлік. Мұны мойындаған ғалым кейін 
өзінің Ташкентте басылып шыққан «Талғар – Іле Алатауының ең 
биік шыңы» атты кітабында былай деп жазар:
«1923 жылы 28 шілдеде менің Талғар шыңына шығуыма тура 
жиырма жыл толды. 1903 жылы 28 шілдеде мен Талғардың күнгей 
жағында жатқан ең биік мұзартқа шықтым. Оны мен «Богатырь» 
деп атадым.
Менің маршрутым – Алматының шығысында қырық шақырым 
жердегі Есік өзенінің бойын қуалап отырды. Есік өзені Іле 
Алатауының терістігінен ағады.


20
Қызыл жебе 
Келесі, 1904 жылы осы маршрутты профессор Сапожников 
қайталады. Бірақ Сапожников бұл өзеннің бойымен тек Ақкөлге 
дейін ғана жеткен де кері қайтқан. Ал мен болсам Ақкөлден ары 
тағы да он-он екі шақырым ең қиын жол жүріп өткенмін.
Бірақ 1903 жылы менің бағыма қарай, маған жол көрсетуші 
болып Шығыс-Талғар болысының қазағы Рысқұл Жылқыайдаров 
жолықты. Профессор Сапожниковте Рысқұлдай жол бастаушы 
болған жоқ.
Бұл өзі Шілмембет руынан шыққан қарапайым қазақ еді. Қара 
шаруа болса да, рухы күшті, қайраты мол, қажырлы қазақ. Бұл 
атырапта одан өткен мерген, Іле Алатауын одан артық білетін 
адам болмаған.
Рысқұл мені бұрын ешбір картаға түсірілмеген қиямет қиын 
жолдармен алып жүріп, Талғардың ту сыртынан шығарып, Есік 
өзенінің басталатын кезінен әрі алып барды. Соның арқасында 
менің 1903 жылғы саяхатым елеулі ғылыми нәтижелерге ие болды. 
Бұл табыстарым үшін мен өзімнің жол бастаушым Рысқұлға 
қарыздармын. Оның мені небір қиын құздардан, жап-жалтыр 
мұздардан жол тауып, асқан жігер күшпен, айла-ептілікпен алып 
жүргенін көрсең.
Талғар шыңдарын бірінші зерттеуші ғалым ретінде мен Мұзарт 
етегіндегі Есік өзенінің сағасы басталатын алқапты Рысқұл 
алқабы деп атап, оның есімін мәңгі қалдыруға өзімнің хұқымды 
пайдалана отырып, шешім қабылдадым. Өйткені ғылым алдында 
оның еңбегі зор».
Бұл сөздерді ғалым жиырма жылдан кейін жазды. Ал, жиырма 
жыл бұрын, Ақкөл жағасында, түнгі от басында отырғанда ол 
мұндай шешімді іштей армандаған. Сол түні отбасында Рысқұл 
жүресінен шоқ көсеп отырып, Мұзарт таудың өзін елжіретер 
мұңды да қаһарлы әнді ыңылдап салып еді.
Дүние қудым он жасымнан,
Тартады бойым ауыр қорғасыннан
Су қойса арқасына төгілмейтін
Танады о да бір күн жорғасынан...
– Не туралы? – деп сұрады ғалым.


21


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет