Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет10/123
Дата28.07.2023
өлшемі1,34 Mb.
#104870
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   123
Байланысты:
1. Қызыл жебе - I кітап Шерхан Мұртаза (8 сынып)

Қызыл жебе
– Қу тіршілік, қысқа ғұмыр, алыстағы туған жер туралы, – 
деді Рысқұл.
– Сіздің туған жеріңіз Талғар емес пе?
– Шымкент. Түлкібас есіткен! Сонда. Ақсу-Жабағылы біледі?
– А-а-а? Ақсу-Жабағылы?! Знаю, знаю, – деді ғалым екі көзі 
алдындағы шоқтай жайнай түсіп.
«О қасиетіңнен айналайын, Ақсу-Жабағылы! Сені 
Петербордағылар да біледі екен ғой», – деп Рысқұлдың іші-
бауыры елжіреп кетті.
Ертеңіне Рысқұл Дмитриевті Талғардың ең биік шыңы – 
«Богатырьдің» жап-жалтыр мұзымен алып жүрді. Биіктен 
қарағанда төмендегі бір қойнауда жайылып жүрген тауешкілер 
ап-анық көрінді.
– Біз киіктерден де биіктеп кеттік-ау, – деді Рысқұл.
Жоғарылаған сайын тыныс тарыла берді. Ғалымның жүруі 
қиындады. Басы айналып, көзі қарауытса да, ол жанталасып 
бірдеңелерді дәптеріне жаза берді, жаза берді.
– Рысқұл, – деді ғалым ентігіп, – анау табанда киік жайылып 
жүрген алқап енді сенің есіміңмен аталады. Бүкіл ғылыми 
кітаптарға ол жердің аты Рысқұл алқабы болып енеді. Есік өзені 
сол жерден басталып жатыр ғой.
– Менің атым кітапқа жазылатындай мен қайбір ғалым едім? 
– деп түсінбеді Рысқұл.
– Жоқ, туысқан, сен ғылымға ғалымнан аз еңбек сіңірген 
жоқсың. Сенің еңбегің адал.
– Ондай еңбекті тым болмаса бір ешкі атып алып қайтайық – 
деп Рысқұл көңілденіп қалды. Еңбегін елегенді кім жек көрсін?! 
Мына орысқа қылған қызметтің неше бір көкесіндейлерін ол 
өмір бойы Дауылбай мен Саймасайға сан мәртебе көрсетті. Кәне, 
олардың Рысқұлды елегені? Оның еңбегін бағалағаны? Ал, мына 
орыс ғалымына екі-үш күн жол көрсетіп, бірге жүріп еді, атыңды 
жағрафия тарихында қалдырамын деп отыр.
Сол жолы өзі есімді алқаптан Рысқұл таутеке атып алып еді.
***
Әне содан бері тура бір жыл өтті. Рысқұл өз алқабына тағы келе 
жатыр. «Рысқұл» деп атаған соң өзінің жеке меншік жеріндей 


22
Қызыл жебе 
көретін сияқты. Сонан енді өзінің жеке меншік киігінің біреуін 
атып ап кері қайтатындай.
Бірақ жолы болмады. Былтырғы молшылық биыл 
қайталанбады. Киік иісі сезілмейді. Суат басын торып күні бойы 
жатты, киік көрінбеді. Келген-кеткен іздері де ескілеу. Жуық 
арада суатқа құламаған сияқты.
Қона жатып жол торыса, бәлкім қолға бірдеңе ілігер ме еді, 
бірақ Тұрарға көңілі алаң бола берді. Құлыны желіде қалған 
биедей шыдамы кетіп, өзінен-өзі әлденеге тықырши бастады. 
«Атасына нәлет, Саймасайға киік атып алып барам деп айқайлап 
жүргенде, баламның халі не болады? Құрысын, кері қайтайын. 
Жолда қара қойдың отарынан біреуін өңгере қайтармын. Азар 
болса Итжеккенге айдатар».
Сөйтіп, мылтығын сүйретіп, төменде тұсап қалдырған атына 
бет бұра бергенде, алақандай айуан ізіне көзі түсті. «Барыс!» – 
деді, ә дегенде сасып қалып, іле тұла бойы мұздап жүре берді. 
Лезде бойын жиып, әлгі жап-жаңа ізбен біраз жүрді. «Бұйырса, 
атып алсам, теңбіл барыс терісі болысқа нағыз тарту емес пе?».
Маңқиған тау, қарлы-мұзды шыңдар. Мелшиген тастар. Тірлік 
білінбейді. «Е, кетіп қалған қу болды. Киік ізіне түсіп, қуалап 
кеткен-ау. Бәсе, киік суға құламай, сескенген екен ғой. Барыс 
үркіткен ғой».
Тобылғы тасасынан бірдеңе қылаң еткендей болды. Көзін 
уқалап, елес шығар деп еді. Қарсы алдында есік пен төрдей 
керілген кербез барыс тұр екен. Айылын жияр емес, «келсең-
кел!» – деп тұр.
Аралары тым жақын. Барыс шындап бір-ақ қарғыса жетіп 
жатыр. Бірақ ол шапшыған жоқ. Сірә, тоқ болар. Алтын түстес 
теңбіл жүні жылт-жылт етеді. Соған қарағанда қонды болар. 
Оның үстіне жуырда ғана түлеген түрі бар. Тұрған бойы сұлтан 
шері, нағыз жайсаң.
Барыс Рысқұлға манаурап біраз қарап тұрды. Бірақ аңшы 
мылтығын көтерсе, оқтан бұрын атылатын шығар.
Аңшы әуелгіде жүрегі су ете қалса да, сасқалақтаған жоқ 
әбиір болғанда. Егер тұра қашса – құтылмас еді. Барыс адамның 
табанын көрсе болды – айбыны асады. Серті солай деседі.


23


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет