Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет12/123
Дата28.07.2023
өлшемі1,34 Mb.
#104870
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   123
Байланысты:
1. Қызыл жебе - I кітап Шерхан Мұртаза (8 сынып)

Қызыл жебе
– Е, батыр, жаман ағаңды қылжақ қылғың келеді, ә? Жөн-
жөн. Өзімнің қойым болса, сөзіңнен садаға деп сол құнанды 
алдыңа атып ұрар едім, амал қайсы, амал қайсы, әкебай?!
– Болмаса, Ереке, болысқа айта бар, бір қойды Рысқұл тартып 
әкетті де, менен жәбір көрген болып, жыламсырап бар. Қалғанын 
мен өзім көре жатармын. Қазір қой зәру болып тұр. Ал, айып 
етпе.
Рысқұл отардың шетіне жақындай бергенде кілең семіз жануар 
осқырынып, жабайы арқардай тікшиіп, дүр етіп үрке қашты.
– Әй, батыр-ау, оның не бала құсап, тыныш жатқан малды 
үркітіп.
Рысқұл енді оның сөзін тыңдап тұрмай, атын тебініп қалып, 
шауып өтіп бара жатып, бір тоқтыны ат үстінен іліп алып, 
тыпырлатып алдына өңгеріп жүре берді.
– Айып етпе, Ереке. Кешір! Болысқа мені жаманда. Аямай 
жаманда.
– Мынау жынданған ба? – деп қойшы көк есегін «ықылай» 
берді...
* * *
Ералы қойшы Рысқұл үйреткендей, жылаған да жоқ, Рысқұлды 
болысқа жамандаған да жоқ. Аңшының әрекеті дөрекі, қиянаттау 
болса да: «Рысқұл да мен сияқты жарлы ғой. Қайтейін, өз 
шынтағыңды өзің тістей алмайсың. Оны ұстап бергенде не береке 
табамын. Мұндай озбырлығы жоқ еді, зәруліктің шырғалаңына 
түскен кемтарлығы шығар», – деп Ералы өткен уақиға туралы 
ешкімге тіс жармады.
Бірақ ауылдас үйдің ұрлығы жатпайды, қара қойды алдына 
өңгеріп бара жатқан Рысқұлды болыс ауылының бір жандайшабы 
көріп қалып, мырзасына дереу жеткізген. Болыс бұл хабарға мән 
бермеген болды. Қойшыны да қысқан жоқ. «Е, тәйірі, соны да сөз 
деп айтып тұрсың ба!» – деп қайта хабаршыны жазғырып, бетін 
қайтарып тастады.
Бұл әңгіменің куәсі болғандар:
– Апыр-ай, біздің мырза тым текті-ау, кең ғой, жарықтық. 
Тұқымбай болса, бір тышқақ лаққа бола ылаң салып, боғын 
пышақтар еді, – деп болыстың айдынын шалқыта түсті.


26
Қызыл жебе 
Сонымен бұл әңгіме ұмытылып та кеткен. Бір күні болыс 
төңіректегі ауылдарды аралап қыдырып қайтпақ болып, атқа 
қонды.Жанына бірер адам ғана ертті. Ішінде Таубай старшын 
бар. Ауылға болыстың өзі келсе – тегін емес деп түсінетін халық 
дүрлігіңкіреп қалған. Не тағы бір жаңа салық салынады, не 
әлдекімді соттап, жазалайды. Болыс тегін жүрмейді.
Ел күткендей болмады: ешкім жазаланған да жоқ. Жаңа салық 
та салынған жоқ. Болыс старшынның үйінен қымыз ішкен соң, 
тамағына да қарамай, Тау-Шілмембеттің жатағына ат басын 
бұрды. Аттың басын Рысқұлдың лашығының маңдайшасына 
тіреп тұрып:
– Рысқұл! О, батыр, бері шығып кет, – деп дауыстады.
Рысқұлдан бұрын тысқа қасқыр көз қара торы бала атып 
шығып, сырттағы аттыларға бақшиып қарап тұрды да лезде ішке 
кіріп:
– Көке, болсаңшы, – деді Тұрар әлденеге бала жүрегі суылдап.
– Кім болса да өті жарылып кетпес, күте тұрады. Әбіржуші 
болма! – деп зілдене айтты көкесі.
Рысқұл тысқа баласын ерте шықты. Тұрар шегіншектеп еді: 
«Жүр!» –деді көкесі.
– О, болыс-еке! Жай ма! – деп Рысқұл ат үстіндегі Саймасайға 
қол берді. Сонан соң Тұрарды итермелеп:
– Болысқа сәлем бер, – деді. Үйдей үлкен Қалды қызыл 
айғырдың үстіндегі болысқа баланың созған қолы жетпеді, болыс 
та еңкейе қоймады.
– Ә, әлгі жаман немең бе, батыр, – деп болыс балаға назарын 
болар-болмас қана аударды. Созылған қолы ауа қармап, елеусіз 
қалғанына ыза болған бала, болыстың мысқылды дөңгелек 
жүзіне, қиығына әжім үйіріліп, күлімсіреген көзіне тікшие қарап 
қалып еді, соны сезген болыс:
«Апыр-ай, бөрінің бөлтірігі әкесіндей жүрек жұтқан болар-
ау», – деп тіксініп қалды, еріксіз еңкейіп, қолын ұсына беріп еді, 
бала көзінен шоқ шашырағандай тағы бір қарады да бұрылып 
кетті.
Рысқұл мырс етіп күлді. Баланы айыптаған жоқ. Оның бұл 
қылығын іштей құптап тұрған сияқты.


27


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет