42
Қалған апталарда студент - практикант педагогикалық
практиканың жалпы жоспары және әдіскер мұғаліммен
бекітілген жеке жұмыс жоспарына сәйкес жұмыс істейді.
Сонымен қатар тәрбиелік жұмыс істеу барысында
студенттер
кластарға
бекітіліп,
класс
жетекшісі
міндеттерін атқарады.
Белсенді (кәсіптік)
педагогикалық практиканың
бағдарламасы
студенттердің
кәсіптік
маңызды
дағдыларына және негізгі құзіреттілігін қалыптастыруға
бағытталуы керек:
жоспарлау, болжау, оқыту мен тәрбиелеу процестерінің
негізгі
компоненттерін талдау;
оқыту құралдарының дидактикалық мақсаты мен
қызметі және қолданатын әдісіне сәйкес дәрежесін
анықтау;
әдістемелерді ұйымдастыру мен әртүрлі формаларын
қолдану және оқу;
танымдық, еңбектік, қоғамдық, табиғатты қорғау,
денсаулық сақтау,
спорттық ойын және басқа да
студенттер іс- әрекетінің түрлері;
студенттерге оқу кезінде және тәрбие жұмысы
барысында оның жеке дамуын іске асыру;
педагогикалық процесс жағдайына педагогикалық
диагностика өткізу.
Белсенді (кәсіптік) педагогикалық практика мазмұны
болашақ
мұғалімінің
мамандығымен
байланысты
құрылады және бүгінгі мектеп пен мұғалімге қойылатын
талаптардың мазмұнымен сабақтас, сонымен бірге
педагогикалық
практика
өзінің
сипаты
жағынан
комплексті, себебі арнайы
мамандығы бойынша даярлап
жатқан пәндермен қатар педагогика - психология пәндері
аралыққа студенттердің түрлі қызметін үйлестіруге
негізделген. Жалпы педагогика және жеке әдістемелік
43
кафедралармен бірлесе отырып факультеттер деканаттары
кәсіптік педагогикалық практиканы ұйымдастырады.
Факультет деканаты педпрактиканың алғашқы басталу
кезінде жалпы педагогика және жеке әдістемелік
кафедралармен бірлесіп, практика басталмас бұрын алдын-
ала конференция өткізеді. Конференцияда студенттер
өздерінің
мектепте
қызмет
жасау
мазмұнымен,
міндеттерімен танысады.
Кәсіптік (педагогикалық) практиканың негізгі кезеңі
өздеріне бекітілген мектептерде студенттердің қызмет
істеуі болып есептелінеді.
Кәсіптік педагогикалық
практиканың міндеттері және мазмұнына сәйкес бірінші
апта студенттер мектеппен танысу, оқушыларды тану, пән
оқытушылары сабақтары мен класс жетекшілерінің
кластан тыс сабақтарына қатысу, педагогикалық практика
өтілетін мерзім аралығына оқу- тәрбие жұмысының жеке
жоспарын жасауға арналады.
Белсенді (кәсіптік) педагогикалық практика өту
барысында
студенттер
сынақ
сабақтарын,
дифференциалды бағамен
бағаланатын тәрбие және
кластан тыс шараларын өткізеді. Осы сабақтардың
талдауына қатысады.
Сынақ сабақтары және шаралардың саны практика
бағдарламасы мен оның өткізу графигімен анықталады.
Белсенді (кәсіптік) педагогикалық практика кезінде
студенттер жеке әдістемелік, пәндері кафедрасы бойынша
курстық және дипломдық жұмыстарына материалдар
жинақтап, студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстары
(СҒЗЖ) бойынша тапсырмаларды орындайды.
Мектепте
қорытынды педагогикалық кеңес өтіледі. Белсенді
(кәсіптік) педагогикалық практика университетте ортақ
қорытынды конференция өткізумен аяқталады.
Студенттердің іс- әрекет қорытындысы педагогтардың
және өздерінің жасаған қызметтері бойынша бағаланады.
44
Соңғы аптада, кәсіптік (педагогикалық) практиканың
үшінші кезеңінде, студенттер есеп беру құжаттарын
дайындайды.
Белсенді
(кәсіптік) педагогикалық практиканың
қорытындысы бойынша, студенттер сәйкес кафедрасына
есеп тапсырады, ғылыми жетекшісі есеп құжаттарын
тексереді, кафедра меңгерушісінің жарлығымен құрылған
комиссия алдында қорғалады. Есепті қорғау қорытындысы
тағайындалған балдық рейтингтік әріпті жүйе бағасы
бойынша дифференциалды сынақпен бағаланады.
Достарыңызбен бөлісу: