Сын есім сөзжасамы Сөзжасамдық мағынаның құрылымы


Жан-жануарғақатыстыбелгілердібілдіретінжұрнақтар



бет5/8
Дата26.01.2023
өлшемі93,7 Kb.
#63151
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Сын есімнің сөз жасамдық жұрнақтары

3. Жан-жануарғақатыстыбелгілердібілдіретінжұрнақтар
-аған, -еген: қабаған, тебеген, қашаған, сүзеген -у: жарау (ат) -қы: бұралқы (ит)
4. Сындық мәнді қимыл атауының жұрнақтары
-ыл, -іл: батыл, жеңіл (іс)
-ық, ік: құрғақ (сөз)
-у: қызу, тақау, бітеу, көлбеу, қату
Сөздік құрам өзгеріске мейілінше бейім келетіндіктен, сындық ұғымды білдіретін сөздер де бір қалыпта келмей, үнемі өсуде, дамуда болады.
Оның дамуына және толығуына сөз тудыру тәсілі тікелей қатысты. Соның бірі - аффикс тәсілі. Бұл — туынды сын есім жасаудың құнарлы жолы. Белгілі бір сөз таптарының қай түрінде болса да жұрнақ жалғанып, қатыстық сын есім жасау тәсілі ертеден қалыптасқан.
Сын есімнің жасалуын Ғ.Абуханов «зат есім секілді сын есім сөздері де үнемі бір қалыпта тұрмай тілдегі сөз тудыру тәсілдері бойынша түбірлік сөздерден жаңа мағыналы сын есім сөздері жасалып өсу, даму процесінде болып отырады. Сын есім сөздері де негізінде түбір сөздерге жұрнақ жалғану арқылы дамиды. Мәселен, -лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті жұрнақтары зат есімге жалғанып, сол белгінің екінші бір затта бар екенін, мол екенін білдіретін қатыстық сын есім тудырады. Мәселен: таулы жер, желді күн. Бұл жұрнақтың негізгі варианты —лы//-лі болады да, қалған —ды//-ді, -ты//-ті варианттары кейіннен сингармонизм заңдылықтарына сәйкес, грамматикалық категорияларының морфологиялық ерекшеліктеріне орай дамыған.
Екіншіден, тілімізде дауыстыға бітетін ашық буынды сөздер де көп екені мәлім. Үшіншіден, қазіргі қазақ тілінде сонор дыбысқа қосылып жүрген р дыбысы бұрын дауысты дыбыс қатарында болған. Сол үшін сонор р дыбысына біткен сөздерге —лы//-лі болып жалғанады. Мұның себебі- оның бұрын дауысты дыбыс болған кезінде жұрнақ арқылы жасалған сөздер осылайша қалыптасып, бертін келе сонорға айналғанда да, сол көне дәстүрді сақтаған. Олай болмағанда үнді-сонорлардың дыбыстық заңына бағынуы керек еді, ал, мұнда ол жоқ. Мәселен: білімді адам, малды колхоз, тоңды жер — дегендерге — ді//-ды жұрнағы жалғанса, қыр-лы, қар-лы жар-лы болып дауыстылар қатарында тұрады. Сөйтіп, көптеген қосымша осы заң бойынша, р-ға дауысты дыбыс ретінде қосылады». -Лы//-лі жұрнағының жиі ұшырауына бұл да әсер етсе керек. Ал —сыз, -сіз бұган қарама-қарсы, зат есім сөзіне жалғанып сол белгінің екінші бір затта жоқ екенін немесе аз екендігін білдіретін қатыстық сын есім сөздерді тудырады. Мәселен: желсіз күн, көзсіз ер, панасыз жер. Осы секілді —шыл, -шіл жұрнақтары зат есім сөзіне жалғанып әуестікті, бейімдікті білдіретін қатыстық сын есім сөздерін тудырады. Мәселен: аяңшыл ат, жершіл адам -лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік заттың идеялық, мекендік белгісін білдіретін қатыстық сын есім сөздерін тудырады. Мәселен: қоғамдық, қалалық, аудандық. Осы секілді жұрнақтың мағынасын ашып көрсетеді.
Профессор М.Балақаев, Т.Қордабаевтар сапалық сын есімдерде, негізінен заттық мағына болмай, ол тек логикалық, абстракты мағынада қолданылады. Мәселен,ақ ешбір сөзбен байланысы жоқ. Ақ сөзі әрбір ақ түсті білдіреді дейді. Ал қатыстық сын есімдер затпен тікелей байланысты. Мәселен: таулы деген сын есімнің мағынасы тау сөзімен тікелей байланысты. Себебі, біз тау жоқ жерді таулы деп айтуымыз мүмкін емес.
Сапалық сын есімдерге шырай күшейтпелі мағына үстейтін морфологиялық формалар негізінен қатыстық сын есімдерге жалғанбайды. Бұл құбылыстың қазір қалыптасқандығы мәлім.
Қатыстық тұлғадағы —лы, -ды, -ты жұрнақтарының арғы тегі сонау көне замандағы тұйық буынды — лағ//-лақ, лығ//лық болып, кейін — тағ, -тақ тұлғалары ажырап —лы, -лық болғандығын көрсетеді.
«Тайлы - құлынды бие дегеннен тайы, құлыны бар биені ұғынсақ, осының сын есімдік мәні қай жерде дейтін күдікке орын жоқ. Ол дара бие емес, оның балалы мал екендігін көрсетіп тұрған-тіркес құрамындағы сөздермен қоса —лы, -ды жұрнағы. Бұлар босқа тұрған жоқ, қатыстықты көрсетіп, сөздерді тіркестіріп, жымдастырып тұр. Мәселен, халық аңызындағы атақты даукес Нау шақшасын даулағанда: тайлы-құлынды биелік өзі бар еді, он екі жерден шорлап салған көзі бар еді,- депті-міс дегендегі –лы
(-ды) жұрнағы сөйлемдегі сөздерді шындап тұрса, оларды өзгертіп, тай-лық, құлын-дық бие деуге келмейтіні де түсінікті» /8.12/.
«Қазіргі қазақ тілінде, әсіресе, орыс тілінен енген түбір сөздерден негізінен —лық//-лік, -дық//-дік, -тық//-тік формалы сын есім жасалып, оның көне қызметі қайта жандана түсіп жүр. Мәселен: аморальдық қылық, республикалық кеңес агрономиялық кеңес т.б. Сонымен бірге орыс тіліндегі қатыстық сындардың әсерінен, ол жұрнақ байырғы сөздерге де жалғанып отырады: тәжірибелік мән т.б» /6.58/.
Кейде ондай түбірден — лы//-лі, -ды//-ді, -ты//-ті арқылы да сын есім туады. Ондай сын есімдер түбір сөзге —лық қосымшасының жалғануы мүмкін емес жағдайларда қолданылады. Мәселен, минеральная вода деген тіркесті, не минерал деген сөзбен, не минералдық су тәрізді тіркес арқылы да аударуға болмайды, тек минералды су деген түрінде яки, минералдық элементі бар су деген мағынада беруге болады» Лексика-семантикалық, лексика-морфологиялық ерекшеліктерге ие екендігін көрсетеді. Сол секілді колхозды ауыл деген тіркес те қолданылады. Ал ағашты жер, яки, ағаш аралас жер, және ағаштық жер, яки, ағаш отырғызатын жер дегенде бұл сөздердің мағыналық өзгешеліктері болуы арқасында жеке-жеке қосымшалардың үстелуін стиль қажет етеді. Бұл ерекшеліктер тілдің ішкі заңының даму нәтижесінде шығып отырады.
Сөйтіп қазір екі түрлі қолданамыз. Демек, қатыстық сын есімдерге тән қасиет олардың морфологиялық көрсеткіштер арқылы басқа сөз таптарынан жасалуы және өздері жасалған түбір сөздің мағынасымен байланысып, соған қатысын білдіруі.
«-лық» жұрнағы мезгілдік ұғымды білдіретін сөздерге, сондай-ақ есімдік, сын есімдерге, сан есім мен зат есімнен құралған тіркестерге де жалғанып, негізгі сөздің мағынасына орай, мезгіл, өлшеу, сан, бағыт, белгі бір жаққа тәндік мағыналарды білдіретін туынды сын есім жасайды. Мәселен: жыл-дық жоспар, күн-дік азық, бес-тік бага, он-дық лампа, мен-дік адам, өз-дік есімдік, кісі-лік т.б». Исаев ,1993ж. 49 –бет.
Осы секілді мына бір сөздердің шығу тарихын Ә.Төлеуов кейбір грамматикаларда қызыл, жасыл суық, ашық, жабық сөздерді негізгі сын есім деп жүр, бірақ бұлардың жасалу, қалыптасу — этимологиясы оны растамайды: қыз-у (етістік), қыз-ыл (-ыл жұрнақ). Осы секілді жас — негізгі түбір (жас-ыл туынды түбір, -ыл жұрнақ), аш-ық, жаб-ық болып қалыптасуы сөздердің бәрі бір заманда емес, әлденеше ғасыр бойы тілдердің грамматикалық құрылысы мен негізгі сөздік қорының бірлігі арқылы туып, қалыптасып туынды сын есімдер негізгі түбір сияқтанып кеткендігін көрсетеді.
Ал М.Балақаев,Т.Қордабаевтар бұл жөнінде қызыл, жасыл, қара секілді сапалық сын есімдердің түбірлері дербес қолданылған кез де болған: қыз деген түбір қызыл деген мағынаны білдірген. Себебі, қызу, қызғылт, қызар тәрізді түбірлес сөздер мен салыстырсақ түбірі қыз екені анық байқалады. Бұл —ыл, -а жұрнақтары қыз, жас түбірлерімен бірігіп кеткен, сондықтан қазір оны ажыратып қарай алмаймыз. Сапалық сын есімдер ешбір қосымша формасыз, заттың әртүрлі сыр-сипатын білдіретін сөздер болып табылғаны мен, А.Ысқақов бұл қағиданы тарихи даму барысында тиісті қосымшалар арқылы немесе басқа тәсілдер бойынша жасалған туынды сөздер деп қарайды. Мәселен: ұзын, үлкен, қызыл, ащы, тұщы, момын, ашық, жабық, жалпақ секілді сапалық сын есімдердің бәрі де ертеректе туынды сөздер болған, яки, олар ұзақ, үлкейген, қызғылташылды, жабылды, жалпайған сөздермен түбірлес болғандығын дәлелдейді.
-Қы//-кі, -ғы//-гі жұрнағы арқылы мекендік ұғымды білдіретін кейбір зат есімдер мен көмекші есімдерден, есімдіктерден, жатыс кейде шығыс септікті есімдіктерден, сондай-ақ мезгіл, мекендік үстеулерден негізгі сөздердің лексикалық мазмұндарына қатысты туынды сын есім жасалады. Мәселен: ауызғы, төргі, түпкі, сыртқы, ішкі, артқы, соңғы, үйдегі, ауылдағы, мендегі, ондагы, өзімдегі, жоғарғы, төмендегі, биылғы, жазғы
Белгілі бір заттың сын — сипатын, белгісін басқа бір заттың қатысы арқылы білдіретін сын есімдер қатыстық сын есімдер деп аталады. Яки, зат есім, есімдік, етістік, үстеу сөз таптарына сын есім тудыратын жұрнақтар жалғанып туынды сын есім жасалады екен.
Қатыстық сын есімдерден жасалған туынды сын есімдер және етістіктерден жасалған туынды сын есімдер жатады. Қатыстық сын есімдердің мағынасы өзіне негіз болған түбір сөздің мағынасымен байланысты болады. Мәселен: балалы үй базар, баласыз үй қу мазар дегендегі балалы, баласыз деген сын есімдер үйдің балалы немесе баласыз екенін білдіріп тұр. Бойшаң жігіт дегенде бойы ұзын адамның белгісін білдірсе, ұшқалақ адам дегендегі ұшқалақ адамның ұшып-қонып тұратын жеңілтектігін білдіреді. Сол секілді малды колхоз — малы көп колхоз, күндізгі ыстық - күндіз болатын ыстықты білдіріп тұр.
Қатыстық сын есімді мына өлең жолдарынан да көруге болады.
Көшкен ел+дей,
Соққан жел+дей
Жастық шағы өтер тез,
Шіркін жастық-
Көшкен мастық
Аңдаусызда кетер тез ...
Қатыстық сын есім тудыратын арнаулы жұрнақтар бар, соның өнімді морфологиялық көрсеткіштерінің бірі —лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті. Бұл жұрнақтың сөздік құрамды байытумен қатар сын есімді басқа соз таптарынан ерекшелендіретін грамматикалық қасисті бар. Бұл жұрнақ көп, мол деген сөздердің мағынасын білдіреді. Яки, жалғанған сөзіне болымдылық мән береді.

  1. Зат есімдерге қосылып, лексикалық мағынасына қарай
    белгілі бір заттың не басқа бір құбылыстың бар екендігін,
    барлықты білдіреді. Мәселен: Ат ұстайтын заман ба? Бұзаулы
    сиыр, бес қой. Құнарлы, сулы, шуақты жерде тұрудың өзі адам
    баласы үшін үлкен бақыт қой.

  2. Байлықты, молдықты білдіреді. Өзі осы ауылдағы орта
    мектепте математикадан дәріс оқып жүрген тәжірибелі ұстаз
    көрінеді. Үлкен үйдің іші сыртындай жұпыны емес, жасаулы,
    кілемді алашалы екен.

  3. Адам, хайуанат не зат бойындағы ерекше бір көзге
    түсетін сапаны білдіреді. Мәселен: Өстіп жатқанында кенет
    құйрықты бір жарық жұлдыз ағып түскені..... Әкесінің асына
    сойған желісті аттан соң бұлардың босағасына тұяқты мал
    бұйырмай - ақ келеді.

  4. Затқа мекендік те мән береді, кейде орынды білдіретін
    сөзбен де байланысты болады. Мәселен: Жанат далалы жерде
    өсті. Колхозды жерде қой-қозысы араласып, үйлер тығыздалып
    қалған болатын.

  5. Сындық, сұлулық бейнесін де білдіреді. Салтанат сырлытостағанды сәнді саусақтарымен сыпайы ұстап жігітке қарады.
    Отбасын берекелі ұстаған ақылды аналар еш қоғамда өз бағасын
    жойған емес.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет