Синтаксис және зерттеу нысандары, салалары Синтаксис


Атаулы сөйлемнің құрылысы



бет3/60
Дата27.09.2023
өлшемі438,86 Kb.
#110770
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60
Атаулы сөйлемнің құрылысы. Атаулы сөйлем толық мағыналы бір сөзден , негізгі сөз бен көмекші сөздің байланысынан немесе сөз тіркесінен болады.

Атаулы сөйлемнің мағыналық түрлері. Атаулы сөйлемдерді мағыналық түрлеріне қарап 3 топқа бөлуге болады: мекен атаулы сөйлем, мезгіл атаулы сөйлем және зат атаулы сөйлем,
  1. Мекен атаулыға жалпы және жалқы есімді мекен атаулары: жер, су, орман, тау атаулары және қала , ауыл, мекеме, ұйым, завод т.б. жатады. Мысалы: Қалың тоғай.


Күркіреп таудан аққан өзен. Кешкі тау қойнынан салқын леп келеді. (Лекеров)


  1. Мезгіл атаулыға мезгіл мағынасын білдіретін күн, ай, жыл атаулары және мезгілдің белгілі бір мөлшерін білдіретін шақ, қу, түс, түн, қараңғы, кеш, күз, жаз, көктем, қыс, қарсаң, қара көлеңке, уақыт, бейуақ деген сияқты атаулар жатады.


  2. Зат атаулы сөйлемдер өзінің мағынасы жағынан алуан түрлі болып келеді.


а) Табиғат құбылысының көрініс атауын білдіреді. Түн.Қыс. Боран. Ышқынған долы дауыл. Қопарып ұшырғандай кавказ тауын.



3. Сөздердің байланысу түрлері және тәсілдері

Сөз тіркесі болу үшін сөздер белгілі заңдылықпен байланысады. Сөздер бір-бірімен төрт тәсіл арқылы байланысады:
1) жалғау арқылы; 2) шылау арқылы; 3) орын тәртібі арқылы; 4) интонация арқылы.
Сөздердің септік, жіктік, тәуелдік жалғаулары арқылы байланысуы жалғау арқылы байланысу деп аталады. Мысалы, достардың кеңесі, мектепке келу, ата-ананы құрметтеу, кітапта жазылған, апасынан сұрау, үлкендермен ақылдасу, біз дайындаламыз.
Сөздер шылау арқылы да байланысады. Мысалы, досым үшін ұялдым, күн сайын жаттықты, ата-анасымен бірге барды, сабақтан кейін дайындалды, гүл мен жапырақ, қалам және қарындаш, т.б.
Сөздер бір-бірімен орын тәртібі арқылы байланысады. Мысалы, ашық мінез, жапырақты ағаш, өнегелі өмір, берілген тапсырма, жылы жаңбыр, биік мақсат, аталы сөз, кәсіби шеберлік, т.б.
Сөздер интонация арқылы да байланысады. Мысалы, Абай – ақын, Сәбит – жазушы, мектеп – кеме, білім – теңіз, т.б.
Қазақ тіліндегі сөздердің байланысуының бес түрі бар: 1) қиысу; 2) матасу; 3) меңгеру; 4) қабысу; 5) жанасу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет