374
375
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
ІІ бөлім. Коммуникативтік парадигмалар
айтылу ырғақтарының құбылмалығымен басқа сөз таптарынан ерекше-
ленеді. Одағайлар тілімізде екі түрлі жағдайда кездеседі. Одағай мүше-
ленетін сөйлемнің құрамында келіп, сол сөйлемдегі іс-əрекетке əртүрлі
эмоциялық-экспрессивтік реңк мəнін ғана үстейтін оқшау сөз қызметінде
жұмсалады. Мұндай кезде одағайдың өзі тіркескен мүшеленетін сөйлем-
нен сəл кідіріс (пауза) негізінде үтір арқылы ажыратылғаны болмаса, бе-
ретін мағынасы мүшеленетін сөйлемнің мағынасымен бірдейлігі көзге
түседі. Демек, одағай оқшау сөз бен мүшеленетін сөйлемнің эмоциялық
реңкі бір арнада ұштаса тоғысады. Мысалы.
- Жə, жетер! – деп Дəнеш
оның сөзін бөліп кетті (Қ.Ж.).
Кейде одағайлар лексикаланып, атауыштық мағынаға ие болады да,
сөйлемнің мүшесінің қызметін атқара алады. Мысалы,
-Жə-жəлеп қой-
мадың ғой өзің!
Сонымен таңдану, таңырқау, сүйсіну, кінəлау, масаттану, жоққа шыға-
ру, келіспеу, күмəндану, өкіну, менсінбеу, жақтырмау, шошыну, қарсылық
білдіру мақсаттарында жұмсалған эмоционалды одағайлар мүшеленбей-
тін сөйлемдер құрайды. Мысалы,
1)
- Бүлік салмаса, қаладан неге отряд шақыртады? -
Бəсе...
Келтірілген мысалдағы
«Бəсе» - бір сөзден ғана тұратын одағайлы
мүшеленбейтін сөйлем. Бұл жерде
«Бəсе» құптау, яғни
«Дұрыс айта-
сың» деген сөйлемнің мағынасындағы мүшеленбейтін сөйлем ретінде
қолданылған.
2) Қасым найзалы жұртты көрсетті. - Қазір бүкіл ауылыңның
күл-талқанын шығарады.
- Əттең, əттең! – деп барып Бұрындық əлі
жығылмаған қараша үйдің есігін ашты (І.Е.). осындағы əттең деген
одағай сөз «қолымнан басқа ешнəрсе келмейді-ау» деген өкіну мағына-
сын білдіретін сөйлем.
Бұларды сөйлемдік дəрежеге жеткізіп тұрған белгілердің негізгілері
төмендегідей:
Біріншіден, ой-ақпарат өзінің алдындағы не соңындағы мүшеленетін
сөйлемнің негізінде, жағдаят-контексте айқындалады;
Екіншіден, жеке сөйлемдік тиянақты предикаттық интонациясы
бар;
Үшіншіден, айтылу мақсатына қарай хабарлы, сұраулы, бұйрықты,
лепті сөйлемдер көзге түседі, яғни модальділігі айқын.
Достарыңызбен бөлісу: