Синтаксистік парадигмалар


Үстеме  құрылымның  сөйлем  мүшелеріне  қатыстылығы



Pdf көрінісі
бет314/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   310   311   312   313   314   315   316   317   ...   374
Үстеме  құрылымның  сөйлем  мүшелеріне  қатыстылығы.  Қазақ 
тілінде  үстеме  құрылым  құрамында  барлық  сөйлем  мүшелері  жұмса-
ла  береді.  Сөйлемнің  тұрлаулы  немесе  тұрлаусыз  мүшелерінің  негізгі 
сөйлемде болмай, үстеме сөйлемде болуы; бастауыш не баяндауыштың 
үстеме  мағынамен  қайталануы;  негізгі  сөйлемдегі  белгілі  бір  мүшенің 
(тұрлаулы, тұрлаусыз) мағынасын кеңейту, нақтылау т.б. 
Тұрлаулы мүшелердің ішінде бастауыштан гөрі баяндауыш жиі жұм-
салады. Мұның себебін сөйлемнің актуалды мүшеленуінен іздеу керек. 
Ремада темаға қарағанда əр уақытта актуалды ақпарат болады. Мысалы: 
Аспан мырс етіп күлді. Күлді де терезеден ақшағырмақ далаға қарап, 
үнсіз жатты (О.Бөкеев). 
1-сөйлемдегі тема – Аспан, рема – мырс етіп күлді. Келесі сөйлемде 
1-сөйлемдегі рема темаға айналады да, темаға сүйене отырып, рема айты-
лады. 2-сөйлемде тема – күлді де, ал сөйлемнің басқа бөлігінің барлығы 
рема болады (қарамен ерекшеленген). Осылай тізбектеліп кете береді.
Қалыпты  сөйлемде  бастауыштың  тобы  тема  болады  да,  баянда-
уыштың тобы рема болады. Үстеме құрылымдар əр уақытта рема болады 
немесе реманың құрамына кіреді. 
Бастауыш – баяндауышпен  синтаксистік  байланысқа  түсіп,  преди-
каттық қатынасқа негіз болатын мүшенің бірі. Сондықтан ол, негізінен, 
тема болады да, сол сөйлемде хабарланатын ой рема болып табылады. 
Ал үстеме құрылымдағы үстеме бөлік əр уақытта рема болып табылады. 
Яғни ол негізгі сөйлемге қосылып отырған тың, жаңа хабар. Сондықтан 
бастауыш өте сирек үстемеленеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   310   311   312   313   314   315   316   317   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет