«сырттай және кешкі, ҚашықТЫҚтан оқыту» факультеті


Анализаторлардың өзара әсер етуі



Pdf көрінісі
бет72/75
Дата21.04.2023
өлшемі1,17 Mb.
#85147
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   75
Анализаторлардың өзара әсер етуі.  
Анализаторлар өзара әсер етуінің 
арқасында түйсік күшеюуі немесе әлсіреуі мүмкін. Мысалы, қараңғыда дыбыс 
тіткендіруді (үн,шу), қараңғылыққа дағдыланған көздің көк, жасыл сәулелерге 
қозуын арттырып, қызғылт сары сәулелерге қозғыштығын кемітеді. Өте ыстық 
немесе суық тағам қоңыржай температурадығ тағамға қарағанда дәмсіздеу болып 
көрінеді, себебі күшті температуралық тітіркендіру дәм түйсіктерін әлсіретеді. 
Демек, анализаторлардың өзара әсер етуін білудің әдеттегі практикалық 
қызметтегі орасан зор маңызы бар. 
Анализаторлар (көру,есту, қимыл және т.б.) қызметінің бұзылуы адамды 
жартылай немесе толық мүгедек етеді, сондықтан анализаторлардың өһзара бірін-
бірі алмастыруының маңызы зор. Мұнда анализаторлардың қыртысты аймақтары 
арасында жойылған қызметті ішінара толықтыратын уақытша байланыстар 
түзіледі. Мәселен, соқырларда қалыптан тыс ұлғайған есту және қимыл 
анализаторлары белгілі дәрежеде қоршаған дүниені танып білудегі көру кемістігін 
толықтырады. Сонымен қатар, оларда сипап сезу қабілеті күшті жетіледі, мұның 
өзі Брайль әдісімен басылған трафаретті кітапті саусақтың ұшымен оқуға 
мүмкіндік береді. Адам анализаторларының мұндай өзара бірін-бірі толықтыра 
алу қабілетін В.Г.Короленко "Соқыр музыкант" атты повесінде сипаттаған, онда 
музыкалық дыбыстардың жәрдемімен жарық пен түсті ажырата білу мүмкіндігі 
көрсетілген. 
Сана – болмысты бейнелеудің ең жоғары сатысы. Сана арқылы адамның 
қоршаған әлеммен қарым-қатынасы мақсатты түрде реттеледі. Ол адамның сезу, 


түйсік, елестету, ықылас, сезім, ырық, ойлау іспетті психикалық іс-әрекетінен 
құралады. Сана адам миы қызметінің жемісі. 
Жалпы сана сезіну және сана-сезімнен құралады. Сезіну дегеніміз ақиқат 
болмысты жинақталған біліммен салыстыру және адамның тәжірибесін молайту.
Сан-сезім дегеніміз – адамның өзін-өзі және өзінің психикалық күйін 
түсінетін арнайы кісілік ерекшелігі. Адамның сана-сезімі қашақда таптық
топтық, қоғамдық сана-сезіммен тығыз байланысты. Сөйтіп әрбір сана қоршаған 
әлемнің нәрселерін сезіну мен адамның өзін-өзі, өзінің ішкі дүниесін сезінуден 
тұрады. Сана мен таным процесінде эмоцияның мәні өте зор. Адам эмоция мен 
сезімі арқылы ақиқат болмысқа өзінің арнайы ыңғайын білдіреді. Сонымен бірге 
адам қоршаған болмысты жандандыруға саналы іс-әрекет жасайды. Сананың 
практикалық қимыл-әрекетке бағытталуы, оның маңызды бір саласы – адам 
ырқын құрайды. Ырық дегеніміз – қиындықтарды жеңуге арналған саналы
мақсатты психикалық іс-әрекет. Ол адамның талаптарын, мақсат- мүдделерін, 
істерін жүзеге асырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет