Совет–Хан Єаббасов



бет170/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   294
4- ші ай. барлығын да басынан өткізеді. Өмірдің көлеңкелі де
шуақты да сәттері, үнемі ауысып жататыны белгілі. Біздер үшін дәл осы кезеңнің сын сағаттары мол, жауапкершілігі де аз емес болатын. Заман қатты толқынысқа түсіп, қоғам өзгеріп ғасыр ауысқалы жатыр. Бұрынғы қалыптасып қалған құндылықтардың бәрі де күйреуде?! Міне осындай өмірдегі өзгерістердің ыңғайымен, жолдасым ұзақ сапарға аттанатын болды. Мұның өзі үш айға созылып кетті. Әкесі кетерінде сәбиін қолына алып: - «Сен анаңа көмектес, құр бекер мазалана берме?! Мен ұзақ сапарға аттанып барамын. Құлыным, ақылды бол, -деп онымен үлкен кісідей-ақ сөйлесіп жатты. Ол әкесінің жүзіне мөлдірей қарап, ойлы жүзін аудармай ұзақ жатты. Ешқандай көңілділік те байқатпады. Әкесі бетінен иіскеп еді, ол да бұрылып жүзін әкесінің бетіне басты. Сол күннен бастап, нәрестемнің көңіл-күйі біртіндеп өзгере берді. Бірер ай өткеннен кейін, тіпті үн-түнсіз төбеге қарап жатып алуды шығарды. Не жылап, не жымиып күлуін де қойды. Хат жиі келіп тұрды. Мен оған: - «Міне, көкеңнен хат келді», - деп оқысам, кәдімгідей елеңдеп қалады. Әкесінің өзіне арнайы жазған тұстарын оқығанымды жақсы көретін сияқты. Оның еркелеткен дауысына салып, қайта-қайта оқып беруге де әдеттене бастадық. Шынында да ол мұнымды жақсы көретін еді. Мен ояу жатқан сергек кездерінде көп сөйлесіп, кейде әкесінің үлкейтілген суретін алдына апарып: - «Мынау көкең, сені сағынып жүр. Жұмысын бітірісімен-ақ келеді.» - десем жанарларын жыпылықтатып елегізіп қалады. Оның соңғы кездердегі қылықтарын байқай бастаған туыстар да: - «Мына бала үнемі ой үстінде жатады, - деген пікірлерін ашық айта бастады. Мен күлген болып: Қайдағы ойды айтасыздар, - деп сөзді бұруға тырысамын.
Бала осылайша өз ерекшеліктерімен өсіп келе жатты.
5- ші ай. Оның кейбір қылықтарына қатты әсерленетін, туған сіңілім
нің ержетіп қалған ұл мен қызы, кейде әрнені жасап тексеретін-ді. Бірде олар, шоколадтың сыртқы жылтырақ қағазын қазқалпында қалдырып, ішіндегі шоколадын бөлек алып, екеуін де шалқасынан жатқан бөпелеріне ұсынады. Біздер бәрімізде жылтыраған қағазды алады ғой десек, нәрестем сәл қарап жатты да, қолын созып шоколадтың өзін алды. Мұны көрген бөлелерінде ес қалған жоқ. Екеуі де айғайлап: ‑ «Гений...Гений, нағыз бундеркиннің өзі» - десіп шуласты да қалды. Олар, оның осы қылығын көпке дейін сөз етіп жүрді. Бала олармен де көңілденіп ойнамайды. Ояу болса, сол ой үстіндегі бір қалыбынан өзгермейді. Оның мазалы күйіне үйреніп кеткенім болар, таңертең ол ұйықтап жатқанда қосымша айран-сүттерін әкеп, ас үйде жүргенде: - «Ә-әу-у?!- деп соза дыбыстаған даусын естіп, жүгіріп келгенде де сол салқын қараған қалыбынан өзгермейді. Ешуақытта жылап мазасызданып көрген емес. Осы кездің өзінде–ақ, күле кіретіндерді түсінетін еді. Өйткені, олар өтірік күліп жақындай бастаса, бала қатқыл дауыспен «дү-ді, дү-ді...» - деп жақтырмайтын. Тез тыйыла қалатын олар: - «Үй-й, мына бала ұрсып жатыр ғой...» - десетін еді. Жылы қабақ пен жымия күлуді ұмытқанымыз қашан?!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет