Совет–Хан Єаббасов



бет172/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   294
8- ші ай. айтқан сөзі «ат» және «дала» деген сөздер болды. Естігенде
– есімнің шыққаны соншама, дереу Алматыға телефон шалдым. Ол туғанда батасын беріп, кіндік әжесі болған Мариям /Хакімжан/ апай еді. Амандық-саулықтан кейін-ақ: - Кіндік балаңыздың тілі – ат – дала – деген сөздермен шықты, - деп едім, ол кісі балаша қуанып: - Халқына – қалаулы, еліне – елеулі азамат болады екен, алғашқы тіліне оралғаны, азаматтыққа жарасатын сөздер екен, - деп пікірін білдірді. Мәриям‑апай сияқты, халқымыздың аяулы адамының айтқан сөздері, менің де төбемді көкке жеткізгендей болды.
Тілдің шығу құдіретіне де үйреншікті болып кеткен соң,
Бір жаста. оның да қадыр қасиетіне мән бере‑бермейміз?!
Егер де, бала тілді табиғи қажеттілігімен үйренбесе, онда ата-анасы қаншалықты қиындыққа ұшырар еді. Бұндай жағдайда «Бала тілі – бал» дейтін мәтелдің де маңызы басқаша болар еді. Сондықтан, ж а ң а і л і м д е арнайы қадап айтатын, баланың әр кезеңдердегі қажеттілігіне орай т ә р б и е жүргізу шарт екен. Жалпы, адам тәрбиесінде үстірт те бөстекі кеткен жағдайлар жетіп жатыр.
Бұл шақта менің де нәрестем, біраз сөзді үйреніп қалған еді. Айтқанымыздың бәрін түсінетін. Оның тағы да бір қылығы, құйрығын басып отырғанымен еңбектеуге тіпті талпынған да жоқ. Бір жасқа толған күні, бірден қалтақтай баса жүріп кетті де, күн өткен сайын жүрісін ширата берді. Енді, бұрынғыдай емес неше алуан қылықтары да көбейе түсті. Үйдің ішін шарлап қозғалудан бір жалықпайды. Ол ешқашан бостан-босқа мазасыздану дегенді білмейді. Ойыншықтарын ойнап болған соң өз орнына жинау, еденге түсіп қалған «қиқым» көрсе-ақ болды, «мусор-мусор» деп ас үйдегі шелекке апарып тастайтынды, ешкім айтпай-ақ өзі істей бастаған болатын. Біздер осы әрекеттерінің бәріне де қуанып, аллаға шүкіршілік етіп аруаққа тапсырып сыйынатынбыз. Нәрестеміз жаны ашығыш, сезімтал боп өсіп келе жатты. Әкесін жұмысына шығарып салу, оның бетінен сүйіп қарсы алу, оның бұзылмайты әдеті еді. Бірде жұмысына асығыс жиналып, күндегідей әкесі бетінен иіскеп еміренбей шығып кетіп еді, содан әкесі келгенше салбыраған бойы көңілсіз жүрді. Бұл жағдайын кешкілікте естіген әкесі, баласына асығыс болғанын түсіндірген соң, ол кәдімгідей көңілденіп сала берді.
Оның сүйініп ойнайтыны – кітап?! Құйрығын басып


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет