Совет–Хан Єаббасов


Бір жарым отырғаннан бастап, суретті кітаптарды көруге құмар жаста



бет173/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   294
Бір жарым отырғаннан бастап, суретті кітаптарды көруге құмар
жаста. болды. Соншалықты мол, түрлі-түсті суреттері бар
«Жетісу өңірі» атты үлкен кітапты өңгеріп алып, суреттерін қарай-қарай, бертін келе, бір‑бірлеп жыртып алуды шығарды. Кітап бетіндегі неше алуан гүлдерді қолына ұстамақшы бола ма, әйтеуір жыртып алуын алғанмен де, артынан көңілсізденіп өкінетінін байқатып жүрдім. Одан кейін иемденіп қолынан тастамайтын кітабы, әдемі етіп жасалынған «Сөздік» кітабы болды. Сондағы қара бояумен үлкен етіп жазылған әріптерді сұрап жүріп-ақ, біраз уақыттан кейін түгелдей үйреніп алды. Кітаптағы құстардың аттарын, төрт түлік малдар мен түз тағыларын да, өзінің ынтасымен үйреніп жүрді. Өз еркімен үйренуге ұмтылғандықтан болар, ол естігендерін ұмытпай тез қабылдап, есіне сақтай алатын. Күштеп үйретуді жақтырмайтын.
Осы шағында нағашы жұртына барып қайтқандағы қылықтары бір төбе, оның қайсыбірін айта берерсіз?! Жол үстінде болған әрекетін айтқан жөн сияқты. Әкесінің қолындағы екі үлкен чемоданды қарыс қадам апарудың өзі, аз шаруа емес екенін түсінген сәбиіміз, менің қолымнан босай салып, чемоданның артынан ұстап;- «Әу-у-іп... әу-у-іп» - деп көмектесуге ұмтылғанын көріп, біздердің жігеріміз тасығандай мәз-мәйрам болдық. Қолы-аяғы шыққаннан кейін далада ойнағанды ұнатады.
Қазір бала барлық іс-әрекеттерін ойлап істейді.
Екі жасында. Өзінің ойларын жеткізіп айтуға тырысады. Қысқа да
қарапайым сөйлейді. Мейірімді де жаны ашығыш болып өсіп келеді. Бірде, серуендеп жүрсек – үш жасар бала бақырып жылап тұр екен, оның жанына бірден барған бөбегіміз жылағанын қойдырып, басынан сипап мүскірей сөйлесіп жатыр. Жаңағы бала өзінен кішкентай болса да, тоқтау айтқанға әсерленді ме, жанарын сүртіп қарай-қарай кетіп бара жатты. Жалпы ол үйде де, түзде де мейірімді болып өсіп келеді. Кейде біздердің басымыз ауырып қалса. алақанымен сипап көмектесуге тырысады. Айналадағы құбылыстардың бәрі-бәрі де оны қатты қызықтырады.
Тақпақтарды өте жылдам жаттап алады. Осы кезеңдерін


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет