Совет–Хан Єаббасов



бет182/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   294
Еңбекке булу. еңбек сүйгіштiкке бар ынта-жiгерiмен бой алдырады.
Әрине, егер оны әрбiр кезеңдегi тәрбиенiң ықпалы осындай тағылымдарға үйреткен жағдайда ғана, жоғарыда айтылған тәлiмнiң түрлерi орнықты болары анық. Төрт-бес жастағы балалар өздерiнiң ойнайтын орындары мен сабақ өткiзетiн бөлмелерiнiң барынша таза да,тәртiптi ұстауға тырысады. Мәселен, балабақшасының түлектерi үшiн, ойыншықтарын жинау, ас алдындағы жуынып-сүртiнумен қоса, ретiмен ауысып кезекшiлiкпен тамақтандаруға көмектесу де, әдеттегi iстерiне айналады. Олардың бүкiл тәулiк бойындағы iс-әрекеттерiнде негiзiнен – тек еңбек етудiң тәсiлдерiне жаттығумен, бар уақыттары өтедi десек артық айтқанымыз емес. Ойын атаулының барлық түрлерiнде де осы мақсат, орталық бағдар ретiнде ұсталынады.
Төрт-бес жастағы балалар табиғаттағы барлық түстерді
Сұлулыққа қызыл, жасыл, көк, сары, ақ, қараны түгелдей
баулу ажыратып көресете алады. Тiптi, олардың әрқайсысының
өздерi жақсы көретiн ерекше түстерi де болады. Осы түстердi ажырата сурет салуға, әркiм әртүрлi икемдiлiктерiн байқатып, бұрынғыдай емес өз қалауы бойынша сөредегi сурет кiтаптарын жиi пайдаланады. Олардың тағы да бiр құштарлықпен кiрiсетiн тәлiмдерi, қол ұстаса би билеп, ән айтуға, әртүрлi әуендердi тыңдауға көбiрек мән бередi. Ұнатқан әндерiн бiрден жаттап алуға да тырысады. Бұл шақтағы олардың сұлулыққа деген талғамдарымен есептеспеуге болмайды. Әйтпесе, өзара түсiнiспеушiлiктiң салдарынан, тiптi өте ыңғайсыз қайшылықтар да туындауы мүмкiн. Сондықтан, баланың өзi ұнатқан түсiнiктерiн мейлiнше терең ұғынуға тырысқан дұрыс. Тәрбиешiнiң бұл ынтасын бала да құрметтейдi.
§ 2 ТӨРТ, БЕС ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘУЛІК РЕЖИМІ

Көру мен түсiну қуанышы –табиғаттың ең тамаша сыйы”


А.ЭНШТЕЙН


Салыстырмалы Адам баласы шыр етiп дүниеге келгеннен кейін-ақ
сипат . белгiлi бiр реттiлiк пен режим арқылы жетілетіндігі
белгiлi. Сондықтан да, оған ұйқының да мөлшерi, тамақтың да көлемi мен реңi, тiптi қозғалысы мен бiр қалыптағы тыныштығы да, кезектерiмен орындалулары шартты нәрсе. Әсiресе, мұндай реттiлiктiң қажеттiлiгi, жас баланың дұрыс өсiп-жетiлуi үшiн ауадай қажет-ақ. Мәселен, балбөбек пен балабақшасындағы тәулiктiк режим ырғақтары, жалпы алғанда олардың көп жағдайлары бiр-бiрiмен ұқсас болып келедi. Әйтсе де, өздерiне тән негiзгi айырмашылықтары, балалардың жас мөлшерiне қарай ұйықтау мерзiмдерiнiң ұзақтығы мен өздерiне-өздерi қызмет етудiң баяулығы, иә болмаса, жылдамдығымен де ерекшеленедi. Балбөбекте (яслиде) тәрбиеленетiн сәбилердiң уақыты – тамақтануға, жуынуға, жиналуға, шешiнуге көбiрек кетсе, 4 жастан ары қарай, яғни балабақшасындағы балалардың уақыты – негiзiнен сабаққа, ойынға, серуенге, еңбек етуге жұмсалады. Қалай болғанда да, балалардың қай тобының да, дұрыс дамып жетiлуi үшiн, белгiлi бiр режимсiз тiршiлiк ету мүмкiн емес. Ал, қандай да режим атаулы, ғылыми негiзде жүйеленiп, сонан кейiн ғана қолданылатындығы белгiлi. Бала тәрбиесiне пайдаланатын тәрбие режимдерi үнемi қайталанып отыратындықтан, оның орындалу шарттары да үйренiсе келе жеңiлдей бередi. Мiне, осындай бiр қалыпты ырғаққа түскен балалардың ұйықтауы да, тұруы да, ойындары да, тiптi ұғымталдық қабiлеттерi де жылдам қалыптаса бастайды. Төрт пен бес жастағылардың тәулiк режимi төмендегiдей – тәулiк бойына жiктелiп, уақыт мерзiмдерi анық, не iстелiп, немен сабақтасатынына дейiн ескерiлiп, ғылыми түрде жүйеленгенiн байқауға болады. Мұндай схемалар бiр кезде, бiр мекемеде ғана зерттелiп қоймай үнемi қайталай анықтап жетiлдiруден келiп қалыптасатындығын да ескеруiмiз керек. Әйтседе, әр елдiң қоғамдық мүмкiншiлiктерiне байланысты азды-көптi өзгешелiктерi болғанымен, негiзiнен осы ұсынылып отырған қалпынан аса үлкен ауытқуларға ұшырамайтындығын бiлген жөн
Тазалық тәрбиелерiн өздерi бiрсыдырғы игерген 4–5 жастағы
Ұйқы. балалар ұйықтайтын бөлмесiне келiп, тәрбиешісінің көмегінсіз
-ақ, төсек-орындарын жазып жайғаса бастайды. Ұйқы ‑ әлi де, мезгiлi мен мөлшерiн қатаң қадағалауды қажет етедi. Жасы өсiп келе жатқан балғын дененiң дұрыс жетiлуiне, оның тигiзер ықпалынан артық ешнәрсе де жоқ. Сондықтан, әуел бастан-ақ ұйқыға әзiрлiк дұрыс қалыптасқан болса, балалар ешқандай қиындықсыз тез ұйықтап кете алады. Балабақшасындағы режимдердiң орындалуы ың-шыңсыз бiрқалыпты жүрiп жатса, онда оның тәрбиесi мен тәлiмiнiң ықпалды да дұрыс екендiгiн аңғартады. Өйткенi, режимдердiң тәртiптi орындалуының толып жатқан iшкi заңдылықтары бар. Мәселен, балаларды ұйықтар алдында сабырлы жағдайларға бейiмдеп, олардың осы сәттегi iс-әрекеттерiн сыпайылықпен жүргiзудiң мәнi зор. Осы тектес қарапайым ғана детальдар, тәулiк бойы өз мiндеттерiн дұрыс атқаратын болса, тәрбиенiң қай түрiнде болмасын, жетер жетiстiктерi де солғұрлым мол болмақ.
Жақсы ұйықтап оянған балалардың көңiл-күйлерi де сергек, олар ешкiмнiң жетегiнсiз-ақ өздерi келiп жуынып-шайына бастайды. Мiне, тәулiк бойындағы үстемдiк етер сабырлы да, реттi қалып ойын үстiнде де, жүргiзiлетiн әр түрлi сабақтар мен серуендеуде де бұзылмауына, бар күш-жiгердi жұмсау керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет