Совет–Хан Єаббасов



бет180/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   294
Ақыл-есі. қабiлеттерi ерекшелене түседi. Әжептеуiр санамақты
игерiп, аз және көп сандарды, қалың мен жұқаны ажыратумен қоса, айдың атын, күннiң сәтiн дегендей, жыл мезгiлдерiн айыра алатын халге жетедi. Айналасындағы заттардың жоғары-төмен сатылары мен уақыт мезгiлдерiн де жақсы айыра бастайды. Тiптi, жыл мезгiлдерiндегi табиғаттың түрi мен түсiн, оның қалай өзгеретiндiктерiн де, қызықты да түсiнiктi етiп айтып бере алады. Бұл жастағы балалардың танымдарындағы арақашықтықтың мөлшерi әртүрлi болып келедi. Кейбiреуiнiң танымдары тереңдiк пен жан-жақтылықты көрсетсе, ендi бiреулерi – адам жаны ашырлықтай қалыстықта болады. Бұл негiзiнен ми қызметiнiң жетiлуiне тiкелей байланыстылығымен түсiндiрiлiп жүр.
Жалпы адамның ақыл-есiнiң қайнар бұлағы болып табылатын ми қатпарларының жұмбағы, әлi де сол, тұңғиық сырларын қымтаған күйi ашылмай жатыр. Мидың күрделiлiгi - әлем жүйесiнен де қиын дейтiн, аса ұтымды айтылатын тұжырымдар көп. Әсiресе, ми қабаттарының күрделi құбылыстары мен құрамдық сипаттарын, тек қана әлем арнасындағы космоспен салыстыруға болады. Себебi, мидың космоспен ғана шендестiретiндей қасиеттерi жетiп жатыр. Мәселен, аспандағы жұлдыздар дүниесi қаншалықты шексiз, көз жеткiсiз шетсiз болса, сонымен қоса, оның таңғажайып құбылыстары мен теңдесi жоқ жұмбақ сырларының молдығын, тек миымен ғана шендестiрiп ұғынуға болатындығын ашық айтқан жөн.
Ақыл-естiң небiр сәулесiн ашқан адамзат алыптары, мыңдаған жылдардан берi, үздiксiз iзденумен ми құпияларының жұмбақтарын шешпек болып талпынуда. Бiрақ осы күнге дейiн мидың ашылған сырынан гөрi, ашылмаған жұмбақ қасиеттерi бұрынғы қалпында сақталып отыр. Академик П.Анохониннiң сөзiмен айтсақ: “Ми қызметiнiң мәнiн түсiну өзге мәселелерден әлдеқайда елеулi мiндет. Өйткенi, адамның барлық қызметi, олардың өзара қарым-қатынастары мен творчестволық жетiстiктерi, тiптi адам баласының ү м i т i мен болашақ армандары да, мидың қызметiмен тiкелей байланысты. Егер де, адамдардың ақыл-ойы болмаса, тiршiлiктегi барлық құбылыстар, азынаған бойы парасатсыз тағылықта, тарпаң күйiнде аңырап иесiз қалар едi” – дейді.
Ми бiздiң ағзамызға өзiнiң ерекше орналасуымен де, өзге мүшелерге ұқсамайтын жағдайымен де құнды. Оның аса нәзiк құрылысы, ерекше материалы да, басқа ешбiр мүшенiң тканьдарына ұқсмайтын заттық мазмұны да, сыртқы ортадан бас сүйектiң қорғайтыны да, оның iшкi жағында миды әртүрлi шайқалыстардан сақтайтын ерекше сұйықтықтың iшiнде, бiрқалыпты қалқып қана тұратындығы да, аса күрделi де, қызықты құбылыстар екенiнде сөз жоқ. Ми адам денесiнiң жалпы салмағының 2-ақ пайызы бола тұрып, күллi ағзаға қажет оттегiнiң 20 пайызын бiр өзi ғана пайдаланады. Сол сияқты, қоректiк заттардың да есесi, ми қабаттарында өз заңдылықтарын сақтайды. Ол бейне адам организмiнiң падишасы тәрiздес қызмет атқарады.
Оның барлық қызмет жүйесiнiң кiлтi – нерв талшықтарының iшiнде екенi белгiлi. Ал, осы нерв талшықтарының орташа мөлшердегi саны – 14-тен 16 миллиардқа дейiн жетедi. Егер де, бейнелеп айтсақ, осынау нерв талшықтарынан құралатын торкөздiң iшiнде, адам баласындағы ақыл-ойдың ұшқындары бiр сәтке де толастамай туындап жатады. Мiне, сондықтан да оны тек космоспен ғана салыстырудың жөнi бар. Адамзат қауымы қазiр ғарыштағы құпияларға қаншалықты ынталы болса, өзiнiң бойындағы “ақыл-ой космосын” зерттеуге де соншалықты ықылас-жiгерiн аяп отырған жоқ. Осының айғағындай, әсіресе соңғы ондаған жылдар көлемiнде ашқан нейрофизиологтардың жаңалықтары, олардың мейлiнше көп жұмыстар бiтiргендiгiн көрсетедi. Сондықтан да, қазiр “ақыл-ой космосының ауласы” – адам баласы үшiн, бұрынғысындай тым көзге түрткiсiз тас қараңғы емес. Ми қабаттарын барлаған ш а п а ғ а т сәулелерi болашақта талай тылсым сырларын ашып берерi анық.
Осыған орай, бiздер ұсынып отырған жаңа жүйенiң құндылығы да, осы ми қабаттарындағы қуат көздерiн барынша ашып, адам тәрбиесiнiң әр кезеңдерiнде лайықты жаңа тәсiлдерiн iздестiрудiң кең мүмкiншiлiктерiн ашады. Халық педагогикасындағы методологиялық жаңа көзқарастың сипаттары, бұрын-соңды қол жетпеген жетiстiктердi батыл түрде ұсынары хақ. Өйткенi, әлi ештемемен де былғана қоймаған сәбилердiң ми қабаттарындағы ата-баба зерделерiн ояту арқылы, оны тiршiлiк тыныстарымен, бүгiнгi ғылым жетiстiктерiмен үндестiрiп, жаңа ырғақтан туындайтын ойлаудың да, есте сақтаудың да әлдеқайда сапалы озық үлгiлерiн ашудың жөнi бар. Ендеше, адам миы мен оның қызметiндегi ашылып жатқан сан-алуан жаңалықтарды үнемi қадағалап отырған абзал. Ендiгi жерде, адамзаттың ұрпақ тәрбиесiндегi күш-қуатын еселейтiн жiгердiң қайнарын да осы ми қабаттарындағы ашылатын жаңалықтардан iздестiрерiмiз анық.
Төрт-бес жастағы балалардың ойындарын өткен жастағы
Ойыны. әрекеттер мен қозғалыстарды, еш салыстыруға келмейді.
Бұл жастағы ойындардың әрбiр әрекеттерi мазмұнға айналып, белгiлi бiр мақсаттарды орындауға ұмтылыс жасайды. Мұндай талап баладан үлкен қуат, күш-жiгермен қоса, белгiлi мөлшерде зейiн-зердесiнде қалыптасқан – бiлiм қоры мен жинақталған iс-тәжiрибелерiн де жiтi пайдалануды қажет етедi. Осының бәрi бiрте-бiрте баланы ойындары арқылы, табанды түрде белгiлi мақсатпен еңбек етуге баулиды. Осындай еңбекке үйренудiң үстiнде, оның инабатты тәлiмi мен мiнез-құлқының төзiмдiлiгi де тұрақты түрде қалыптаса түседi. Бұл жастағы балалар топ-топ болып, өзара бiрiгiп ойнағанды жақсы көредi. Олардың ойындарында, баланың ептiлiгi мен сезiмдерi, сұлулық жайындағы түсiнiктерi, ақыл-парасатының қалыптасуы мен төзiмдiлiгi де, тiптi олардың бар болмыс сипаттары түгелдей көрiнiп, жетiле түседi.
Олар кейде, белгiлi бiр мазмұнға құрылған ойындарын берiле қызықтап, қатарынан бiрнеше күндерге созып жiберетiн сәттерi де жиi ұшырасады. Бірақ, өздерi одан кереметтей ләззат алады. Бiрiнiң қиялын екiншiсi дамыта түсiп, ойындарын ерекше мазмұнмен үндестiрiп те жiбередi. Жалпы баланың төрт-бес жастағы кезiнде, нағыз тәрбие жүйесiн дұрыс түсiнетiн тәрбиешiлер, ешуақытта да шаршамаса керек-тi. Өйткенi, бала бұл жасында не iстесе де, барынша саналы түрде жасауға тырысады. Ендеше, оның осы талпыныстарын пәрмендi түрде пайдаланып, уақытты барынша қысқа-қысқа етiп ықшамдау арқылы ән айттырып, күй шерттiруге де, шағын ертегiлердi тыңдатумен қоса, неше алуан ұлттық ойындарды жиi ұйымдастырған жөн. Осы айтылғандардың барлығын да ойын тәрiздендiрiп өткiзудiң мәнi зор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет