Совет–Хан Єаббасов


Әр кезеңнің инабатын Фараби мен Абаф ілімдеріне сүйеніп жетілдіру



бет181/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   294
Әр кезеңнің инабатын Фараби мен Абаф ілімдеріне сүйеніп жетілдіру. Төрт-бес жасар балалардың үлкенге деген ізеті мен кiшiге деген мейiрiмдiлiгi күннiң жайдары шуағындай әсерлi де, жан-дүниені жадырататын рахат сезiмдерге бөлейдi. Баланың ата‑анасына және бүкiл айналасына деген сүйіспеншіліктері, осы кезд өзiнiң пәктiгi мен анықтығын ерекше байқатады. Оның жүрегiнде, тек сүйспеншiлiк күйi ғана ойнап тұрғандай әсер етедi. Осы жастағы баланың өзiне тән ерекшелiгi ретiнде, оның сүттен тұнық сезiмдерiн қағаберiс қалдырмай, үлкендер жағы үнемi ескерiп отырғандары жөн. Сонда мұндай қылықтарының дұрыстығын бала да жақсы түсiнедi. Үлкеннiң тiлiн алуды екi етпеуге тырысып, күннен күнге жетiлдiрiп дамыта бередi. Олар бұл жасында, әдiлеттерi мол, мейiрiмдi жандарға ұмтылып, бар ынта-жiгерлерiмен жүрек хауазын ашқан гүлдей, баланың өз ошағын сүюi, ендi-ендi оянған Отанын мақтан тұту сезiмдерi ажарлана, арайлы шапағын да байқата бастайды. Олардың күнделiктi iс-әрекеттерiнен, адамның саналы ғұмырының әлiппесi қалай парақтала бастағанын аңғару қиын емес.
Баланың осындай жаратылысындағы табиғи ерекшелiктерiн барынша ұтымды пайдаланудың сәттi тұсы, кезiнде негiздерiн әл-Фараби қалап, Абай өзiнiң педагогикалық еңбектерiнде жетiлдiре қолданған –Түйсiк пен Iшкi бес сезiм (хауас, хауас салим) iлiмiнiң заңды жалғасы. Үш сүю (имани гүл) iлiмнiң жiтi қолданылатын кезi де, осы балабақшасының кезеңiнде екенiн терең түсiнудiң берер пайдасы мол. Жас балаға өзiнiң күнделiктi танымдарына нәр берушi айналасындағы табиғатты (жартушысын) сүюдi, үлкенi мен кiшiсi бар жанындағы адамдарды сүюдi жетiлдiре түсiп, үшiншi бiр құдiреттi тәлiм ретiнде, әдiлеттi сүюдi, мысқылдап болса да үйретуден үлкен п а р ы з болмаса керек. Баланың жаратылысындағы түрлiше оянған түйсiгi мен iшкi бес сезiмдерiнiң үндесе жетiлген сәтiн көрсететiн мысал ретiнде, ұйықтап жатқан адамның өзiне қажет уақытта, ешбiр қоңыраусыз-ақ оянып, еш ауытқымай дәл сезiнуiн айтуымызға болады. Алайда осынау физиологиялық ерекшелiктi, тағы да сол ескi әуенмен беймәлiм құбылыстардың қатарына қосып жүргенi, адам тәрбиесiнiң (ұрық тазалығы мен ана құрсағындағы) бастапқы екi кезеңдерiне мән бермей келгенiмiздiң жанды мысалы деуiмiзге әбден болады. Әйтсе де, бұл айтылып отрыған жұмбақ сырлы қасиет, адам миының ең көне бөлшегiнде жататын астыңғы қабатында (подкорка) сақталған, сонау ықылым замандарда өткен тiршiлiк тектерiнiң зердесi көмекке келiп, ұрпағының қажетiне жарап тұрған да солардан қалған т ү й с i к екендiгiнде еш күмән жоқ. Міне, осыншама құдiретi мол түйсiктiк тәрбиенiң өзi, қазiргi кезде мейлiнше шет қалып отырғандығын ашына айтпай болмай-ды. Ал, балабақшасы кезеңiнде, яғни, баланың 4 пен 7 жас аралығындағы, таңғы шықтай мөлдiр сүйiспеншiлiк сезiмдерiн де, имани гүл iлiмiне сүйене жетiлдiрсе, сөз жоқ, адам тәрбиесiндегi көптеген игiлiктерге емiн еркiн қол жеткiзерiмiз хақ.
С а н а – ой елегiнен өткен б i л i м десек те, немесе болып жатқан оқиғаларды ой елегi арқылы, iрiктей талғап қабылдау десек те болады. Тiптi, мұны нақтырақ етiп айтқанда – бұл өзгемен есептесе отырып, өз жағдайларыңызды түсiну, яғни, басқаларға қиянат келтiрмей өз қимыл-әрекеттерiңдi дәл ұғынып басқара бiлу. Сондай-ақ, үнемi көңiл толқындарына малтықпай, өз сезiмдерi мен ойларыңа бақылау жасап, сабырлы да саялы мiнездердi қалыптастыру десек те артық емес. Ендеше, баланың саналы тiршiлiгiнiң бастауы да осы балабақшасы кезеңiмен тығыз байланысты екен. Осы сәттен бастап-ақ, олар өздерiнiң адамдық психологияларын қалыптастыра бастайды. Уақытпен жарыса, бұл қасиеттерiн үнемi жетiлдiруге тырысады екен. Сондықтан да, адамдағы “сана” ұғымынан “психика” ұғымы әлдеқайда ауқымдырақ екенi аңғарылады. Олай болса, бүкiл “психикаға” енетiндердiң бәрi бiрдей “санаға” – ең әуелi ой түрткi болып, сонан кейiн ғана жан-жақты ойланудың басталатындығы белгiлi. Осылайша, бiрте-бiрте ой үстiне ой қосылып, с а н а ға – ырық, мақсат көздеу, талап-тiлек, осыған орай сезiмдердiң үндесуiнен - әсер алу, ренжу, қайғыру тәрiздi көңiл-күйлер араласады. Бала кезден бастау алатын инабат пен имандылықтың бұл тектес тәлiмдерi, адам баласының ұзақ-салқар ғұмырында бiр сәтке де толастамай үнемi жетiлумен болады. Сонымен қоса, тоқырайтын да, қателесетiн сәттерi де жетiп жатпақ. Ақырында, бала кәмелетке келгеннен бастап, өмiрдегi өз орнын iздеумен қоса, өзiнiң және өзгенiң iс-әрекеттерiн бағалай алатын халге жетедi. Сөйтiп, адам табиғатындағы сезiмдер де, сананың сарабдал болып жетiлуiне өз үлестерiн қосады екен. Осылайша, бiртiндеп қалыптасатын баланың имандылық (этикалық) тәлiмдерi, қайырымдылықпен ой тазалығы, әдiлет пен шақпат, достықпен татулық тәрiздi көптеген ұғымдарға жiктелiп, олардың күнделiктi мiнез-құлықтарына сiңiсе бермек. Бұл айтылған ұғымдарға қарама-қарсы сипаттарға жататын - өзiмшiлдiк пен қызғаныш, алдау мен арбау, өтiрiк пен қорқақтық тәрiздi жаман мiнездерден – берiлетiн тәлiмнiң пәрмендiлiгiмен, саналы түрде бойларын аулақ ұстауға тырысады. Мiне, дәп осы арада, баланың тәрбие алатын ортасы мен тәрбие тәсiлдерiнiң өмiршеңдiгi анық сынға түспек.
Балалар ержетiп өскен сайын ұқыптылыққа, тазалыққа,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет