Совет–Хан Єаббасов



бет192/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   294
II-ШІ САБАҚ


Тiрi табиғатпен таныстырып көрелiк. Мысалы, ол үшiн өсiмдiктер әлемiн немесе тiрi жәндiктер мен хайуанаттарды да пайдалануға болады. Бiрақ, оларды бiрден көрсетiп түгел таныстыруға тырыспай, бiрдi-екiлеп деген сияқты рет-реттерiмен күнделiктi сабақтарға бiртiндеп пайдаланған жөн. Мәселен, әуелi балаларды бiрнеше топтарға бөлiп, сонан кейiн әр топқа бiр-бiрден “етiкшi қоңыз” атты жәндiктi үлестiрiп бередi. Әр топты құрайтын үш бала қоңыздың барлық мүшелерiн асықпай өздерiнше ұғынып, өздерiнше талқылап түсiнуге тырысады. Олар өзара келiсе алмай дауласулары да, бiр-бiрiне дәлелдеп түсiнiсуге де бар күштерiн салары хақ. Балалар өз ойларын барынша түсiнiктi етiп жеткiзу үшiн, бүкiл бiлiмдерi мен үйренген сөз байлықтарын да жан-жақты пайдалануға тырысып бағады. Өзара келiсiп бiр қорытындыға келгендерiнше мидың ойлана толғану мен неше алуан қиялдау тәрiздi, көптеген қасиеттерiн iске қосады. Мұндай сабақтардан, олар еш уақытта жалықпайды. Қайта ойлану үстiнде ерекше белсендiлiк байқатып, олардың жүйелi де жан-жақты ойластыру қабiлеттерi күшейе бередi. Тiрi табиғат танымдарының қызықтылығы соншама, тiптi өздерiнiң уақыттарының қалай өтiп кеткенiн де байқамай қалады. Балалар бөлмелерiне аса үлкен әсерлермен оралады. Осы көңiлдiліктiң арқасында сырттан келген киiмдерiн жылдам ауыстырып, жуынып-шайынған соң түскi астарына отырады. Асқа деген тәбеттерi де жақсы екенiн аңғару қиын емес. Тоқтарын басқан соң, күндiзгi дем алу режимiне ауысады. Көбiнесе мұндай серуеннен кейiн, олардың түскi ұйқыларының ұзақтығы 1,5–2,0 сағатқа жуық мерзiмге созылады. Бұл аз уақыт емес. Тынығып тұрған балалардың көңiл-күйлерi де, сабаққа деген ынталары да жақсы болмақ.


ЕҢБЕККЕ ЖАТТЫҒУ


Ересек топтағы балалар кез-келген ойындарынан және сабақтарынан соң, белгiленген бағдарламалары бойынша, еңбекке жаттығу уақыттарын өткiзуге тиiстi. Олардың еңбекке жаттығу сәтi – ең әуелi өздерiн ретке келтiрiп тазаланудан басталып, ойын сабақтарын өткiзген бөлмелерiн жинау, заттарды орын-орындарына қою, шамасы келгендерiнше бiр-бiрлерiне көмектесуге ұмтылады. Олар үшiн үйренетiн еңбектiң түрлерiне де, адам өмiрiне қажет мазмұнына да сан жетпейдi. Үйренiп алған жанға оның тiптi көптiгi де жоқ. Осы сан қилы еңбектердi балаға ойын үстiнде де, әр түрлi сабақтар өткiзгенде де, ас алдындағы жуынып-шайынғанда да, тiптi ұйықтардың алдында да, ұйқыдан кейiн де, әйтеуiр олардың iс-әрекеттерi мен қимыл-қозғалыс-тарының бәрiнде де, шым-шымдап сiңiрiлетiн еңбекке баулудың көрiнiстерi үндесiп жатады. Осы еңбек түрлерiнiң iшiнде ерекше көңiл аударуды қажет ететiнi – ол балаларды қол еңбектерiне үйрету десек артық айтқанымыз емес. Оларды өз қалауы мен ыңғайына орай, топ-топқа бөлiп қол еңбектерiне жаттықтырады. Балалар мұндай iсмерлiк сабақтарына бар ынта-жiгерлерiмен қатынасады. Олар өздерiнiң қиялдарымен жасайтын әр түрлi ойыншықтар, сәндiк бұйымдар, өрнектi орамал, жалауша, оюлы сумка, тақия, кiтапша, тағы басқа да көптеген заттардың ойыншық формаларын жасайды. Мiне, осындай қол еңбектерiнiң үстiнде, баланың икемдiлiгi мен тапқырлығы, материалды үнемдеп пайдалану мен жарастыра орналастыру шеберлiктерi де, бiрте-бiрте қалыптаса бередi. Олардың өзара қарым-қатынастары да, осындай еңбек үстiнде шынайы сыйластықта болады. Тiптi, олардың iшкi рухани жетiлулерi мен адамшылық сипаттары да еңбекпен қалыптасқанда, бiр-бiрлерiнен тәлiм алу қатынастары да шынайы қажеттiлiкке айналады. Сөйтiп, олар балалық шақтарынан-ақ, халқымыздың дана тұжырымы: “Адамның күнi – адаммен” дейтiн сөздiң мәнiне түсiнiп өседi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет