Совет–Хан Єаббасов



бет193/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   294
ТҮСТЕН КЕЙІНГІ СЕРУЕН


Табиғат аясына шығудың мәнi зор. Балалар осы шақта ғана ойда жоқ қызық кездесулердi бастарынан өткiзедi. Олардың түстен кейiнгi серуендерi де, шамамен бiр сағаттай уақытқа созылады. Нақтырақ айтқанда 16.30-дан 18.00-ге дейiнгi уақыт аралықтарында өтедi. Бұл уақытты да олар арнайы жасалынған бағдарламалары бойынша өткiзуге тырысады. Мұндағы ең басты мақсат – табиғатпен таныстыру жөнiнде – ерекше орын алатындығы түсiнiктi болса керек.
Алты жасар сәбилердiң таңдануы мен таңырқауларында шек жоқ. Олар үшiн барлығы да қызық, барлығы да жаңалық болып табылады. Сонымен қоса, олар айналасындағы көптеген заттар мен құбылыстарды саналы түрде түсiне де алады. Табиғат аясында олар өздерiне таныс заттармен қоса, тiптi толып жатқан жаңа құбылыстарға да тап болады. Бiрақ, оған балалар еш уақытта да қиналмайды. Керiсiнше, жаңалық атаулының бәрi де оларды ерекше қуанышқа бөлейдi. Мәселен, олар қала сыртына шығып, қолдан еккен алма бағының ортасында жүр делiк. Көктем мезгiлiнiң соңы, май айының бастапқы кездерi. Алуан түске малынып, гүлдеп тұрған алма ағаштарының көркем суреттерi мен жұпар иiстерi, баланың бар болмысы мен қиял сезiмдерiн баурап алады. Оның жан дүниесiнде табиғаттың әсем көрiнiстерiне тәнтi болған, аса терең сезiмдер мен сұлулыққа деген тағылымдары ояна бастайды. Осыншама мол қуанышқа толы көңiлдерiмен, олар бәрiн де өздерi ұстап, өздерi көргiлерi келедi. Осы жағдайды ескерiп, алғашқы бес-он минут уақыт өткенше баланы қақпайламай өз ерiктерiне жiберген жөн. Олардың аптығы басылып жайбарақат күйге ауыса бастаған сәттерiнде бiр жерге жинап, табиғат аясындағы жоспарланған таныстыру әңгiмелерiне кiрiсуге болады. Ең әуелi алма ағаштарының жапырақтарындағы ерекшелiктердi, гүлдерiндегi өзiне тән түстерi мен түрлерiне дейiн, дән сала бастаған бүршiктерiнен бастап, көзге көрiнiп тұрған барлық болмыстарына мән бере сөз етуге тырысады. Мiне, осындай сәттерде олардың ойлау жүйелерi мен реттiлiк байланыстары, өздерi білетiн сөздiк қорларының мөлшерi, тiптi жылдам түсiну қабiлеттерi де, қандай деңгейде екендiктерi анық аңғарылады. Осылайша, балалар к ө з алдындағы табиғатпен танысып болғаннан кейiн, бiртiндеп алыс көкжиектерге қарап, төбесiнен төңкерiле төнген аспан күмбезiн қызықтай бастайды. Осы сәтте олардың қиялы мен ойлары да шартарапқа кетiп, неше алуан сұрақтардың түрлерi мен мазмұн қызықтары көбейе бередi. Осы күнен бастап – “Көкжиек дегенiмiз не? Аспан дегенiмiз не? Өсiмдiктер әлемi дегенiмiз не? Жануарлар әлемiн нелер құрайды?” ‑ деген ұлан-ғайыр көптеген сұрақтардың жауаптарын iздеп, аласапыран ой-толғаныстарына түседi. Мiне, дәл осы кезде баланың ынта-жiгерiне байланысты, табиғат анамыздың түсiнiктi де, әлi түсiнуге қиын, сан алуан құбылыстарын да әңгiмелеудiң жөнi келедi. Бала қиялының ерекше ұшқын алуын ескерiп, тек қарапайым көрiнiстерiмен шектелiп қалмай, тiптi не бiр күрделi құбылыстардан да сыр шерткен дұрыс. Сонда олар, өздерi көрiп тұрған табиғаттың аясында әлi де адамдардың бiлмейтiн құбылыстардың көп екенiн аңғарады. Мүмкiн соны ашуға талпыныс қиялының ұшқыны жарқ етiп, көңiл түкпiрiнде толғаныс түйiндерi де осы сәттен бастау алар. Жалпы, бала түсiнiгi жетпейдi-ау деп қорғалауға болмайды. Ол неғұрлым қиял-ғажайыптарды көбiрек естiгені жөн. Сонда ғана оның қиялы ұшқыр қозғалмалы қасиетке ие болады.
“Аңыздар, ертегiлер, әңгiмелер, ­ дейдi академик Б.А.Рыбаков, көбiнесе басқаның қиялынан шыққан нәрселер болғандықтан, басқаша айтқанда, негiзiнен бұлар жұртты алдандыру мақсатында қызмет етедi ‑ дейтiн пiкiр бар. Бiрақ, бұл мейлiнше қате айтылған пiкiр! Iс жүзiнде халықтың ауыз әдебиеттерiнде кездесетiн мұндай шығармаларды зерттей бастасаң-ақ болғаны тек шындықтан ғана ой түйген, өмiрде болған оқиғалардың iзiне тап боламыз. Тiптi, бұлардың тарихи тереңдiкте жатқан тамырлары бар екенiн де аңғару қиын емес.
Ендеше, бала тәрбиесiндегi аңыз-ертегiлердiң орны ерекше болуға тиiстi. Сондықтан да, оны орайын тауып, тәрбие сабақтарына жиi пайдаланған дұрыс. Қазiр ертегi-аңыздарды кино етiп, теледидардан жиi көрсететiн әрекеттердi қолдау керек. Солай десек те, аңыз-ертегiлердi мәнерiне келтiрiп, балалармен бiрге отырып әңгiмелеудiң орны бөлек. Әрине, мұндай оқуларды ұйымдастыруға өте үлкен шеберлiк қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет