Совет–Хан Єаббасов



бет39/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   294
2). ПЛАТОН

Платон афиналық (б.з.б. 427-347) – ежелгі грек философы, Сократтың шәкірті, европалық идеализмнің негізін салушы. Ақсүйектер тұқымынан шыққан. Философ туралы деректер онша көп емес, тек Диоген Лартский жазған Платонның өмірбаяны, Платонның хаттары т.б. сақталған.


Платон соғыстар мен әлеуметтік қиындықтар кезеңінде өмір сүрді, ал соғыс біткен кездері Платон жиырма төрт жасқа толған еді. Бейбітшілік пен демократияның қайта орнауы Платонға еш жеңілдік әкелген жоқ. Кейіннен өзінің диалогтарының басты кейіпкері еткен, сүйікті ұстазы Сократ сотталып, артынан өлтірілгені оған аса ауыр тиді. Платонның өзіне де қауып төнсе керек, ол шәкірттерімен бірге Афинадан кетіп қалады. Ол қайта оралып, Афиныда Платон академиясының негзін қалады. Абсолюттік идеализмді жақтады. Платонның мақсаты саясат туралы, яғный адамдарды тәрбиелеу мен басқару өнері жайында ілім‑білімді ашу еді. Аристотельдің куәландыратынындай; ‑ «Платон өз ұстазы Сократ айтып кеткен идеяны тапты. Сократ этика саласындағы реформатор болатын. Ол заттардың ішкі мәнін іздеді, басқаша айтқанда Сократ ізгілік мәселесін зерттеп және алғашқылардың бірі болып, ізгіліктің жалпы анықтамасын беруге тырысты» ‑ деп қортындылайды.
Жалпы Платонның әлеуметтанушы ретіндегі ұлылығы, ол өзіне дейін ешкім көріп‑байқамаған, тек қазіргі заманда ғана ашылған құбылыстарды көре білді. Оның қоғамдық өмір дамуының типтік кезеңдерін талдап көрсетуін айтса болады.
Қазақ тарихында, Абай грек философының ой-пікірімен жақсы таныс болған. Ақын мезгілсіз дүние салған сүйікті баласы Әбдірахманның қазасынан кейін жазған «Бермеген құлға, қайтесің...» деген өлеңінде бұл ажал ақылды Платон, Сократты да алған ‑ деп, өзін-өзі жұбатады.


3) АНАХАРСИС
Анахарсис – б.з.б. VI ғасырдың атақты скиф философтарының бірі. Скиф ханы Гжураның ұлы және Кадуифтың ағасы, ал анасы жағынан эллин, сол себепті ол екі тілді білген. Аристотель «Никомах этикасы» кітабында, Анахарсистың «ойын-сауық өмір мақсаты емес» ‑ деген көз-қарасын дұрыс деп есептейді. Геродот пен Страбон оны «жеті данышпандар қатарына» кіргізген. Оны қоғамдық құрылыс сұрақтары қызықтырды. Философтың ойынша, әділ өмір үшін тек қана жақсы заңдар ғана емес, бұл заңдарды қатал қорғаушылар қажет. Барлық адамдар лауазымына, әлеуметтік жағдайына қарамай, тәуелсіз заңның алдында бірдей болуы тиіс.
Адамда «не жаман және не жақсы» ‑ деген сұраққа Анахарсис; ‑ «Тіл» ‑ деп жауап берген. Анахарсис; ‑ « көптеген алдамшы достардан, бір нағыз дос жақсы» ‑ деген ойда болған. Дүкендер адамдарға бірін-бірі үрлап-алдау үшін қажет. Ал ‑ «Тірілер әлде, өлілер көп пе?»- деген сұраққа ол сұрақпен жауап берген; ‑ «Қайықта келе жатқан адамдарды кімге жатқызайық?» ‑ депті. Адамның ең жаман қасиеттері қызғаныш және үрей: ‑ «қызғаныш – адамды достарының және таныстарының табысын санауына әкеп соқтырады, үрей – адамның үмітін жояды» ‑ дейді.
Анахарсис әр түрлі елдердің эпостарын, салт-дәстүрлерін және мінез-құлқын зерттеу үшін көп саяхаттаған. Әр түрлі халықтардың менталитеттерін тану, тілдерін білу ғалымның негізгі мақсаты болған. Мысалы, өзінің Лидия ханына жазған бір хатында: «Лидия ханы! Мен сіздің жерңізге келгенімнің себебі, эллин халқының әдет-ғұрпын және салт-дәсүрін танып, зерттеу еді. Алтынның маған керегі жоқ, ойымда тек қана Скиф жеріне, осы кезімненде білімдірек және жақсырақ болып оралу» ‑ дейді.
Элладға келгеннен соң, Анахарсис афинның ең жоғары лауазымды адамы (архон) Салонның (Афин мемелекетінің реформаторы) үйіне келіп, оның құлдарының біріне; ‑ «Салонға Анахарсис келді, ол оның досы және қонағы болғысы келетінін» ‑ айтуды сұраған. Оған Салон; ‑ «достарды әдетте, тек отанында ғана табуға болатынын» ‑ айтты. Оған Анхарсис; ‑ « Салон өз отанында сондықтан оған неге достаспасқа» ‑ деген жауабын Салон ести салып, Анахарсисты тез үйіне кіргізген. Сол кезден бастап Анахарсис Салонның ең жақын досы болып қалған. Анхарсис Салонның арқасында шешендік өнерге үйренді. Ол өз ойын қысқа да нұсқа айтуға әдеттенді. Олар сағаттар бойы әр түрлі өзекті мәселерді талқылап отыра алған. Өзінің ұстазының қайтыс болуынан кейін 559 жылы Анахарсис өз Отанына қайтып оралды.
Скифияға оралғаннан кейін, ол отандық әдет-ғұрпынан тартынған тәрізді күдікке ұшырайды. Анахарсис өз отандастарына элладалықтардан білген-көргенін үйретуге тырысқан. Ол сағаттар бойы қызықты да мәңгі шешілмес мәселер туралы және ол туралы Эллада ойшылдарының көзқарастарын әңгімелеген.
Аңшылықта өз ағасының жебесінен қайтыс болған. Өлер алдында: «Эллада да мені ақыл қорғап қалды, ал Отанымда қызғанушылық жойды» ‑ депті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет