Диссертацияның құрылымы: диссертация 167 беттен, кіріспеден, 3 тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған 166 әдебиет тізімінен тұрады.
Кіріспеде зерттеудің ғылыми аппараты, таңдалған зерттеу тақырыбының өзектілігі негізделеді, зерттеудің нысаны, пәні, мақсаты мен міндеттері анықталады, зерттеу жұмысының ғылыми және теориялық жаңалығы мен практикалық маңыздылығы мен қорғауға ұсынылатын қағидалар баяндалады.
«Жаңартылған білім мазмұны жағдайында болашақ бастауыш сынып педагогтерін инновациялық әрекетке даярлаудың теориялық-әдіснамалық негіздері» атты бірінші тарауда жаңартылған білім мазмұны жағдайында болашақ бастауыш сынып педагогтерін инновациялық әрекетке даярлау мәселесінің зерттелу жайына шолу жасалып, «инновациялық әрекет» ұғымы мен «болашақ бастауыш сынып педагогтерін инновациялық әрекетке даярлау» түсінігінің құрылымы мен мазмұны анықталады, болашақ бастауыш сынып педагогтерін инновациялық әрекетке даярлаудың әдіснамалық тұғырлары жан-жақты талданып қарастырылады.
«Жаңартылған білім мазмұны жағдайында болашақ бастауыш сынып педагогтерін инновациялық әрекетке даярлауды модельдеу» атты екінші тарауда болашақ бастауыш сынып педагогтерін инновациялық әрекетке даярлау өлшемдері мен көрсеткіштері жүйеленіп, жаңартылған білім мазмұны жағдайында болашақ бастауыш сынып педагогтерін инновациялық әрекетке даярлаудың мүмкіндіктері қарастырылады, жаңартылған білім мазмұны жағдайында болашақ бастауыш сынып педагогтерін инновациялық әрекетке даярлаудың құрылымдық-мазмұндық моделі анықталады.
«Жаңартылған білім мазмұны жағдайында болашақ бастауыш сынып педагогтерін инновациялық әрекетке даярлаудың тәжірибелік-эксперименттік жұмыстары» атты үшінші тарауда тәжірибелік-эксперимент жұмысын ұйымдастыру мәселелері жан-жақты қарастырылады, жаңартылған білім мазмұны жағдайында болашақ бастауыш сынып педагогтерін инновациялық әрекетке даярлау кезеңдерінің мазмұны сипатталып, ерекшеліктері мен міндеттері анықталады, тәжірибелік-эксперимент жұмысының нәтижелері баяндалады.
Қорытындыда зерттеу жұмысы тұжырымдалып, негізгі қағидалар ұсынылады, ғылыми және әдістемелік ұсыныстар түйінделеді.
Достарыңызбен бөлісу: |