W – weaknesses – болашақ бастауыш сынып педагогтерін инновациялық әрекетке даярлаудың әлсіз жақтары;
О – opportunities – болашақ бастауыш сынып педагогтерін инновациялық әрекетке даярлаудың мүмкіндіктері;
T – threats – болашақ бастауыш сынып педагогтерін инновациялық әрекетке даярлауда кездесуі мүмкін кедергілер [155].
SWOT-талдау негізінде көрсетуге ұмтылыс жасай отырып, ұсынылатын даярлау әдістемелік жүйесінің күшті жақтарын, әлсіз жақтары, мүмкіндіктерін, қандай кедергілер болатынын анықтауға тырысамыз.
2-4 сыныпқа арналған «Қазақ тілі» пәнінің жаңартылған бағдарламасы негізінде болашақ бастауыш сынып педагогтерін инновациялық әрекетке даярлауды SWOT-талдаудың стратегиялық мақсаты – көздеген нәтижеге жетудің мүмкіншіліктерін анықтау. SWOT-талдаудың проблемалық резервтік логикасы жаңартылған оқу бағдарламасы негізінде болашақ бастауыш сынып педагогтерін инновациялық әрекетке даярлаудың басым мәселелерін анықтайды. Инновациялық әрекеттің күшті жақтары мен әлсіз жақтарын салыстырып, инновациялық әрекетке кірісу барысында қолы жететін мүмкіншіліктері мен кездесуі мүмкін кедергілерді табуға, соның негізінде сыртқы және ішкі мүмкіншіліктерді анықтауға SWOT-талдау (S – strengths, W – weaknesses, О – opportunities, T – threats) үлкен мүмкіндік береді.
2-4 сыныптарға арналған «Қазақ тілі» пәнінің жаңартылған оқу бағдарламасы негізінде болашақ бастауыш сынып педагогтерін инновациялық әрекетке даярлауды SWOT-талдаудың түпнегізінде келесі мәселелер жатыр:
болашақ бастауыш сынып педагогтерін инновациялық әрекетке даярлауда қандай оңды тіректер бар және қандай мәселелерді шешу керек деген келелі мәселелер;
болашақ бастауыш сынып педагогтерін инновациялық әрекетке даярлауда қандай жаңа мүмкіншіліктерді жасауға болады деген мәселелер;
осы жолда қандай кедергілер бар және олардан қалай шығу мүмкіндіктері бар деген мәселені шешу;
мектеп бастауыш сынып педагогінен қандай инновациялық әрекетті меңгергенін күтеді деген мәселелерді шешу (кесте 3).
Кесте 3 – Жаңартылған білім мазмұны бағдарламасы негізінде болашақ бастауыш сынып педагогтерін инновациялық әрекетке даярлауды SWOT-талдау