Строительные нормы республики казахстан



Pdf көрінісі
бет35/102
Дата29.09.2023
өлшемі2,16 Mb.
#111537
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   102
ҚР ҚН 3.02-13-2014* 
35 
5.4.7.7 Жедел көмек станциясы мен санитарлық авиациядан шығатын үй-жай 
блогына төмендегілер кіреді: 
- диспетчер; 
- құжаттарды толтыру бөлмесі; 
- демалу бөлмесі бар ауысымның аға дәрігерінің кабинеті; 
- шығу бригадаларының мүліктерін жиынтықтау және сақтау үй-жайы; 
- киімді кептіру және аяқ-киімді жуу үй-жайы. 
5.4.7.8 Анықтама, науқастарға көмек көрсету, қызметкерлердің киім сақтау орны үй-
жайларын вестибюльмен іргелес орналастыру керек. 
5.4.7.9 Жедел медициналық көмек станциялары жедел медициналық көмектің шағын 
станцияларымен, ауруханалармен, өрт қызметімен, милициямен, апатты газбен тікелей 
шұғыл байланысты қамтамасыз етуі тиіс. Диспетчерлер-эвакуаторлар желідегі санитарлық 
көлік құралдарымен радиобайланыспен қамтамасыз етілуі тиіс. 
5.4.7.10 Жедел бөлім үй-жайлары, шақыруға шығатын қызметкерлердің демалу 
бөлмелері, шақыруға шығатын желілік және мамандандырылған бригадалар бөлмелері 
және шұғыл медициналық көмек станциялары жүргізушілерінің демалу бөлмелері тікелей 
дауыс зорайтқыш байланыспен жабдықталуы тиіс. 
5.4.7.11 Жедел медициналық көмек станцияларындағы бас дәрігердің, жедел бөлім 
бөлімшелері басшыларының үй-жайлары, шақыруға шығатын қызметкерлердің демалу 
бөлмелері, шақыруға шығатын желілік және мамандандырылған бригадалар бөлмелері 
және жедел медициналық көмек станциялары жүргізушілерінің демалу бөлмелері жарық 
сигнализациясымен жабдықталуы тиіс. 
5.4.7.12 Жедел медициналық көмек станциялары (шағын станцияларында) мен 
санитарлық авиацияда санитарлық көліктің кіру және шығу жолдарын бақылау жүйесі 
қарастырылуы тиіс. 
5.4.8 Қан орталығы 
5.4.8.1 Қан орталығы мынадай функцияларды жүзеге асырады: 
- донор кадрларын жиынтықтау; 
- донорларды тексеру; 
- қанды, оның компоненттерін және препараттарды дайындау; 
- дайындалған қанды тестілеу; 
- қан компоненттерін мұздатылған түрінде ұзақ мерзімге сақтау; 

медициналық ұйымдарды қан компоненттерімен, препараттармен және 
диагностикалық стандарттармен қамтамасыз ету; 
- компоненттерді сақтау, тасымалдау және қан тобын және резус қатарына жатуын 
анықтау бойынша иммуногемотологиялық тексерулерді жүргізуге қолдану мәселелері 
бойынша ұйымдастыру-әдістемелік жұмысты жүргізу; 
- шикізат пен материалдың қан орталығына түсуін бақылау; 
- дайын өнімді бақылау; 
- материалдар мен ерітінділерді дайындау. 
5.4.8.2 Қан орталығын жеке тұрған ғимараттарға орналастыру керек. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет