М., 1951, стр. 291). Алтай тіліне дьерен сөзі монгол тілінен ен-
ген болуы керек (Ойротско-русский словарь. М., 1947, стр. 53)
Сонымен Зеренді топонимінің екі арнасы болуы ықтимал: 1)
коне түркіше зерензе>зеренді; 2) зерен (монг. антилопа) +ді (зат
есім туынды сын есім жасайтын қазақ тіліндегі жүрнақ). Бұл екі
варианттың қайсысы дұрыс екендігі әлі де зерттей түсуді қажет
етеді.
ҚАТОНҚАРАҒАЙ - Шығыс Қазақстан облысындагы жер,
аудан, аудан орталыгының аты. Бүл атау жөнінде Ж. Бола-
тов былай деп жазды: «Түргын халықгың айтуына қараганда,
Қатонқарағай монғолдың «топ қарағай» деген сөз тіркесі. Село
115
маңында бірт топ қарағай (самырсын) әлі бар. Бүл Қатонқарғай
атауының
«топ
қарағай»
деген
мағынаны
білдіретінін
дәлелдейтін бірінші себеп болса, екіншіден, осыған үқсас, осы
үлгімен жасалған топонимдер де аз кездеспейді. Топқайың,
Бесқарағай, Шоқтал - осы аудандағы жер аттары, Шоққарағай
- Шоқан туған жердегі географиялық атау т. б.» (Ж. Болатов,
Шығыс Қазақстан облысындағы... қазақтар тіліндегі жергілікті
ерекшеліктер туралы, «Қазақ тілі мен диалектологисының
мәселелері», жинақ, 5 шығуы, 1963, 183-бет.). Біздің ойымыз-
ша Ж. Болатовтың бүл пікірі - халық аузындағы сөзді ғылыми
жағынан тексермей ала салған жорамал.
Э.М. Мурзаев Монголия және Сібірдегі к а т у н / / х а т а н бо-
лып келетін өзен аттарын көне түркі тіліндегі «өзен» деген сөз
деп қарайды (Сб.: «Топонимика Востока». Новые исследования.
М., 1964, стр. 10). Бірақ біз Қатонқарағай атауының этимоло-
гиясын басқаша қараймыз.
Жергілікті қариялар бүл атауды Қ а т ы н қ а р а ғ а й дейді. Бүл
орыс тілінде Қ а т о н қ а р а г а й деп аталып, қазақ тіліне қайта
эсер етіп, Қ а т о н қ а р а ғ а й делініп кеткен.
Атаудың қүрамындағы қ а т ы ң сөзі - көне түркі тілінде
қазіргі қазақ тіліндегі қ а й ы ң (береза) сөзінің коне варианты.
Орта ғасырда М. Қашқари заманында бүл сөз қ а з ы ң түрінде
болтан (М. Қашқари. Девону... Ташкент, I том, 68 беті, III том,
380 беті).
Бүл сөз якуттілінде хатың түрінде (Қ.Ф. Гриценко. Якутские
топонимы на -лах. Сб. «Языки и топонимия Сибири». Томск,
1966, стр. 44), хакас тілінде хазын (М. А. Абдрахманов. О со
ставе... Ученые зап. ТГТШ, том XX, вып. 2, Томск, 1962, стр.
118), алтай, қазақтілдерінде қ а й ы ң түрінде кездеседі. Сібірдегі
кейбір түркі тілдері мен диалектілерінде бұл қ а д ы ң түрінде
үшырайды (К. Ф. Гриценко, сонда). Ендеше бүл сөз катың>
қадың>қазың>қайың түрінде фонетикалық өзгеріске түскен
деуге болады. Оның ескі және дыбыстық жағынан өзгерген
116
түрі көптеген түркі тілдерінде сақталған. Көрнекті тюрколог
Н.Қ. Дмитриев түркі тілдеріндегі р//д//т//з/з//й дыбыстарының
сәйкесетінін айта келіп қ а д у ң / / х а т ы ң / / қ а з ы ң / / қ а й ы ң (бе
реза) сөздерін мысалға келтіреді (Исследования по сравн.
грамм, тюрк, языков, I, фонетика, М., 1955, стр. 326). Өзге түркі
тілдерінен оқшау қалган якут тілінде бұл сөздің ең көне хатың
түрі сақталып қалуы да заңды. Бүл манда мекендеген көне түркі
тайпаларының көне тілінде қазіргі тіліміздегі қ а й ы ң сөзі қ аты ң
аталганы осы топонимде сақталған. Ал, атаудың Қатонқарағай
түріне ауысуына орыс тілінің ғана әсері емес, бірінші және
үшінші буындагы ашық а дыбыстарының ортадағы қысаң ы
дыбысын ашық о дыбысына өзгеруіне эсер еткен тәрізді. Сонда
бүл атаудың мағынасы «қайың - қарағай» деген қос сөз болса
керек.
К Е Г Е Н - Алматы облысындағы өзен, село, аудан аты.
Ғ. Қоңқашпаевтың пікірі бойынша өзен аты монголдың ке-
ген (эулие, қасиетті) деген сөзінен қойылган. Бүл жерде будда
әулиесі Ноин-Гомба өмір сүрген деген аңыз бар (Г. Конкаш-
паев. Георграфические названия монгольского происхожде
ния... Известия АН КазССР. Серия филологии и искусствове
дения. Вып. 1 (11), 1959, 92 92 беті). Біз Ғ. Қоңқашпаевтың бүл
пікіріне қосыла алмаймыз, өйткені, біріншіден, діни сөздерден
гидронимдер жасалмайды, екіншіден, мұндай талдау өзеннің
физика-географиялық қасиетіне сай келмейді. Сөз этимология-
сы жөнінде біздің пікіріміз төмендегідей.
Монғолша-қазақша сөздікте г э г э э н сөзіне І-жарық, сәуле,
II геген (будда дінінің жоғарғы шені) деген түсінік берілген
(С. Хабшай, Ә. Мініс. Монғолша-қазақша сөздік. Уланбатор,
1954, 69-беті). Ал бурят-монгол-орыс сөздігінде г э г э э ( н ) 1-1)
светлый, ясный; 2) свет, дневной свет; II плач вопли; Ш гэгэн
(один из санов у ламаитов) - деп түсіндірілген. Ендеше бұл
сөздердің «ашық, айқын, айдын» деген магынасы өзен атына
дүрыс келеді.
117
Ақ-Еділ, Ақ-Жайық деген атаулардағы ақ сөзі «ашық, айдын»
деген мағынаны да білдіреді. Ендеше монғолдың гэгээн сөзінің
«ашық, айқын, айдын» мағыналары да өзен атына дәл келіп,
оның Кеген, Жалаңаш жазығында ағып» жатқан көрінісін, яғни
физика-географиялық жағдайын дұрыс беретін сияқты.
Достарыңызбен бөлісу: |