Т о п о н о м І / ik r ЖӘне этимология қазақ тіл білімінің антологиясы а. Әбдірахманов Топономика жэне этимология Павлодар 2010


ЗЕРЕНДІ - Көкшетау облысындағы көл, аудан, аудан  орталығының аты. Жергілікті түрғындар зерен



Pdf көрінісі
бет83/144
Дата19.12.2022
өлшемі7,05 Mb.
#58216
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   144
Байланысты:
Топонимика және этимология

ЗЕРЕНДІ - Көкшетау облысындағы көл, аудан, аудан 
орталығының аты. Жергілікті түрғындар зерен - бояу жа- 
салатын шөп деп түсіндіреді. Бүл сөз дәл осы жерде болмаса 
Қазақстанның басқа жерінде қолданылмайды. Тіпті бүл сөздін 
мағынасын Көкшетау облысының басқа аудандарындагы 
қазақтар да білмейді.
«Көне түркі сөздігінде» «зерензе» сөзіне ботаникалық де­
ген белгімен «сафлор красильный» деген түсінік беріліп, 
М. Қашқари еңбегіне сілтеме жасалған. Ал, М. Қашқари
114


еңбегінде «зерензе» сөзіне «мақсар үрығы да зерензе ұрығы 
делінеді» деп түсіндірілген (1, 420). М. Қашқари еңбегінің 
индексін жасаушы авторлар «зерензе - бот мақсар - желтяница» 
деп аударады. Ал Т. Мұсақүловтың «Биология терминдерінің 
орысша - қазақша сөздігінде» (1960) «сифлор, желтяница /н/ 
раст/ -мақсары» делінген. Бүл келтірілген фактілерден көне 
түркі тілінде зерензе сөзі қазіргі мақсары деген мағынадағы 
өсімдік аты болғанын байқаймыз.
Зеренді сөзінің этимологиясы туралы осы Көкшетау 
облысының топонимиясын арнайы зерттеген О. Солтаняев бы- 
лай деп жазды: «зеренда» - «сайгачье» (от монг. зэр - «анти­
лопа, сайгак, серна» - өнд-тут - «тут, здесь»), (Кандидаттық 
диссертация, 1969, қосымша, 52 беті). Бүл этимологияның әлсіз 
жағы мынада: энд (осында, осы жерде) деген сөз арқылы то­
поним жасалуы мүмкін емес, өйткені бұл географиялық тер­
мин емес. Топонимдердің қүрамына кез келген сөз ене бермей- 
тінін автор ескермеген.
Ф. Фасмердіңэтимологиялық сөздігінде зерен, дзерен сөздері 
монгол, қалмақ, алтай, лебединтілдерінде «антилопа», «косуля» 
мэнін білдіреді делінген (том 11, М., 1967, стр. 95). Зэрээн (ан­
тилопа) толық түрінде осы күнге дейін бурят-монғол тілдерінде 
сақталган (К.М. Черемисов. Бурят-монгольско-русский словарь. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет