кен «қазақ» сөзі болуы мүмкін, өйткені оған сол кезде берілген
«герой» деген түсінік пен жогарыда айтылған «қазақ сөзі
мағыналас келіп отыр. Қазақ сөзі Абулғазыда осы мәнде бар
екенін С. Ибрагимов те айтады (жоғарғы мақаласы, 68 бет).
Енді жогарыда біраз авторлар айтқан
касог сөзіне келейік.
Кабарда-Балкар ғалымдарының зерттеуінше бұл сөз алгаш рет
VTII ғасырдың аягында, IX ғасырдың басында монах Епифаний-
дің еңбегінде кездеседі (История Кабардино-Балкарской АССР.
Том 1, 1965, 59 бет.
X ғасырда бүл сөз Масуди еңбегінде «кешак» түрінде кездес-
еді (История Кабардино-Балкарской АССР. М., 1967, 69бет).
Ал орыс жылнамаларында алгаш рет кездесуі - 965 жыл. Бұл
жылы Святослав Солтүстік Кавказдағы Хазарларды жэне оган
тэуелді касогтарды жаулап алады (Полное собрание русских ле
тописей. Том 1, М., 1962, 65 бет).
1022 жылы Мстислав касогтарга шабуыл жасайды, касогтың
Редеда ханын жеңеді. Осы жылнамада Мстиславтьщ Редедамен
согысы қызықты етін жазылган. 1023 жылы Мстислав хазарлар-
мен жэне касогтармен бірге Ярослав Мудрыйға қарсы жорыққа
шыгады (Сонда, 146-147 беттер).
1066 жылы Ростислав касогтардан салық алады (Сонда, 166
бет). Орыс жылнамалары 1223 жылы монғолдардың ясы, обез,
касог, қыпшақтарды қирата қырганын айтады (сонда, 446 бет).
Орыс жылнамаларында касогтар туралы осындай деректер бар.
Осы касогтар кімдер? Жогарыда айтылған X. Әділгереев,
М. Ақынжанов, В. Шахматов сияқгы зерттеушілер қазақ сөзі
X ғасырдан бар деп, қазақ халқының атына жақындатқысы
келеді.
Ал Кабарда-Балқар халқының көне тарихын зерттеуші
Л.И. Лавров касогтар қабардылардың арғы атасы дегенде, қа-
зіргі осетиндердің (ертедегі аландардың) қабардыларды «кесек»
деп атайтындығына сүйенеді (История Кабардино-Балкарской
АССР..., Том 1, М., 1967, 68 беті).
Достарыңызбен бөлісу: