Бұл
автор касог адыг (кабардылар-адыгтың бір бөлегі -
А. Ә.) сөзі емес екенін мойындайды. Ол былай деп жазды: «Сло
во касог с его вариантами (касах, кашек), очевидно, не адыг
ское и получило распространение благодаря аланам. Осетины
до сих пор называют кабардинцев «кесек» (сонда, 68 бет). Осы
кітаптың макетінде Л. И. Лавров: «Возможно, адыги получили
это название от соседних тюркоязычных народов, например,
болгар. Существует мнение, что название «касах» - тюркское и
происходит от слова «казах» - одинокий (История Кабардино-
Балкарской АСС. Том 1, макет, 1965, 69 бет) деп жазган
болатын.
XIX ғасырда қазақ сөзі ең кедей адамдар тобын білдіретін сөз
екені туралы Кабарда-Балқар тарихында былай делінген:
«Балкарское крестьянство длилось на разряды, отличившие
ся по степени зависимости от таубиев (каракиши, ясакчи, казаки
и караваши). Бесправными были казаки и караваши...» (История
Кабардино-Балкарской АССР. Том 1, М., 1967, 105 бет).
Қарашай, кұмық тілдерінде «қазақ» сөзі «жалғыз, үйсіз» де
ген мағынада қолданылатыны жоғарыдағы А. Самойловичтің
мақаласында айтылган.
Ал Балкар тіліндегі бұл сөздің қолданылуы туралы Қазақ
ССР Ғылым академиясының Тіл білімі институтының аспиран
ты, үлты балқар Улейір Жулабов бізге мынадай мәлімет айт-
ты: «қазақ сөзінің I мағынасы - «жалғыз», П мағынасы - «құл»
(малы, мүлкі жоқ кісі). Бұның үстіне балқар тілінде «қазақ
чықты» деген тіркес бар екен, оның мэні: «ел жүртынан бөлініп,
қашып кетті».
Міне осы келтірілген деректердің бэрі қазақ сөзі бір кез-
де, X-XV ғасырлар арасында этникалық мэнде емес «еркін
жүрген, елінен бөлініп шығып жаугерділікпен, батырлықпен
күн көретін» адамдар тобын білдіретін, Россияның оңгүстік
шыгысында, Кавказда, Орта Азияда, Қазақстанда кең тараған
атау сөз екенін дәлелдейді. Орыс нүсқаларындагы бродники
131
сөзі де осы сөзбен мәндес. Бұл сөз XVI ғасырда қазақ хандығы
құрылған кезенде қазақ халқының атауына айналған. Бұл сөздің
«жалғыз, үйсіз, мүліксіз кісі» деген мағыналары осы күнге дейін
Кавказдағы балқар қарашай, қүмық тілдерінде сақталған.
Түркі тілдеріндегі қазақмақ (жаулап алу, басып алу, шауып
алу) сөзі мен орыс тіліндегі казаковать сөздерінің де түбірі -
қазақ. Орыс тіліндегі қазақ сөзі түркі тілдерінен енгендігін
барлық зерттеушілер айтқан. Екінші варианттағы қазақ сөзінің
этимологиясы - бөлуге келмейтін бір сөз. Қазіргі дейінгі көп
зерттеушілерді пікірі де, қазақ сөзініңтарихи жағынан осынша-
ма кең территорияда қолданылуы да осы жорамалдың қазіргі
зерттелу түргысынан дэлелді варианты болып отыр.
Әрине, бүдан
қазақ сөзінің шығу төркіні біржола шешіліп
болды деген пікірден біз аулақпыз. Сондықтан да зертгеу-
шілердің көңілін зерттеу үстінде ойымызға келген тағы бір
вариантқа бөлгіміз келеді. Қазақ сөзі
қаз/қас пен
оқ сөздері-
нің қосылуынан туды ма деген жорамалға дәлел болатындай мы-
надай деректер бар. Мұндағы оқ сөзі көне түркі тілдерінде ру,
тайпа деген үғымды білдірген. Л. Лигетидің пікірі бойынша
оғуз
деген тарихта белгілі тайпа одағы атының түбірі
-оғ (оқ) тайпа,
ру деген сөз. Бүл «стрела» (оқ) деген үгымды білдірмейді. Көне
түркі тілінде
ог - «ана» деген сөз, осыдан
оғул; (сын),
оғуш
(сородич) сөздері жасалған. Ал
оғуз дегендегі
қ дыбысының
ғ-га айналуы оның
оқ (стрела) деген сөзден емес,
оқ (оғ
«-ана», кейін «тайпа», «ру») деген сөзден жасалгандығынан
болып тұр. Д. Банзаров қыргыз деген этнонимнің аягындагы
Достарыңызбен бөлісу: