С.
Ибрагимов мүндағы
касоги
сөзінің
казак
терминіне қатысы
жоқ деп қарайды.
Ал проф. А. Семенов монғолдың
хасаг-терген (арбаның аты)
деген сөздері қазаққа байланысты болуы керек деп қарайды.
Бірақ С. Ибрагимов орта ғасырларда және кейін де бұл сөз
тіркесі түркі нүсқаларында кездеспейтінін дәлел тұтып,
қазақ
сөзі монғолдың
хасаг-терген сөзінен шығуы дүдәмол деп
қарайды.
Сөйтіп, С. Ибрагимовтың пікірі бойынша, Х-ХІ ғасырларда
қазақ
деген этникалық термин жоқ. XIII-XV ғасырлардағы
нүсқаларда кездесетін қазақ сөзі «кезбе, еркін, қуылған,
қаңгыбас» деген мағыналарда қолданылған, ал XV ғасырдың
аяғында XVI ғасырдың басында Барақ ханның ұрпағы Жәнібек,
Керей, Бұрындық хандардың қол астындағы елге өзбек есіміне
қарама қарсы қазақ сөзі айтылып, XVI ғасырдың басында
көшпелі тайпалардың бір бөлегі Мавренахрға ауған кезде,
этникалық термин болып
казак
сөзі шығады.
Қазақ халқының аты XVI ғасырдың басында, сол кездегі
авторлардың еңбегіне қарағанда, эуелгі «кезбе» деген мағынасы
қатар қолданылып жүреді.
Сонымен бірге XVI ғасырдың бірінші ширегінде этникалық
мэнде
өзбек, казак
сөздерінің айырмасы болмай,
өзбек, казак
деген тіркестер де қолданылған.
Сонымен қазақ халқының аты «кезбе, еркін» мағынасындағы
көшпелі деген мэнді білдіретін
қазак
сөзінен шыққан деп
қорытындылайды С. Ибрагимов (С. К. Ибрагимов. Еще раз о
термине «казах». Труды ИИАЭ АИ КазССР. Том 8, 1960, стр.
66-71).
Қазақ сөзінің шығуы жөніндегі осы пікірлерді ескере от-
ырып мынаны айтуға болады. Алдымен қазақ халқының
этникалық қүрамына енген ру, тайпа, тайпа одақтары жөніндегі
коне грек, қытай, парсы, араб, армян, грузин, түркі т. б.
нүсқаларындағы мәліметгерді жинап алган мақүл. Сонымен
126
бірге
осы
нүсқалардағы
қазақ
сөзінің
қай
мағынада
қолданылғанын айқындау қажет. Онан соң қазақ сөзі халыққа
берілетін қазақ хандығының кұрылу кезіндегі, одан бұрынғы-
кейінгі тарихи процесті толық зерттеген абзал. Сөйтіп,
казак сөзінің шығу, колданылу және халыктың атына айналу
жағдаяттарын тарихи реалиймен байланыстыра қарамай, бүл
мэселе түбегейлі шешілмейді.
Қазақ сөзінің этимологиясы жайында айтылып түрген
пікірлердің ішінен, меніңше, 2-3 вариантты бөліп карауға бо-
лады.
Достарыңызбен бөлісу: