осы екеуінде ғана кездеседі. Осы бар материалдың негізінде
Қарталы атауы «бүркітті» деген мағынаны білдіреді деп айтуға
хақымыз бар сияқты. Атаудың
Карталлы//Қарталды болмауы-
на мына жағдай себеп болған сияқты.
Бұл атаулы жұрнагының
вариантқа бөлінбей тұрғанында жасалған болуы керек. Олай
болса
л дыбысының сөз аяғында қатар тұруы түркі тілдеріне тән
емес. Оның үстіне сонар
р, л, н дыбыстарының түркі тілдерінде
ертеден тиянақсыз екенін Н.Қ. Дмитриев дәлелдеген болатын
(Н.Қ. Дмитриев. Неустойчивое положение сонорных р, л, н в
тюркских языках. «Исследования по сравн. грамматике тюрк
ских языков, 1,
фонетика, М., 1955, стр. 279).
Сондықтан да
Қартал+лы атауы
Қарталы түріне көшкен
болуы керек: қартал+лы>қарталы (бүркітті) (Қазалы атауьш
қарап, салыстырыңыз).
қиыл
- Ойыл өзеніне
көлденең қосылатын Ақтөбе
облысындағы өзен аты. Қиыл гидронимі, біздіңше, қи (етістік)
+ыл (зат есім тудыратын жұрнақ) элементтерінен жасалған.
Етістіктің түбірі - көне түркі тілдерінде бар бір буынды сөз. Бұл
М. Қашқарида «срезать резать (наискось, косо)» деген мағынада
қолданылған Древнетюркский словарь, стр. 440).
В.В. Радловтың
мәліметтеріне қарағанда қый етістігі
көптеген түркі тілдерінде «обрезывать, подрезывать, срезать с
боку» деген мағынада қолданылады (Опыт СТН. Том II,
часть
1, стр. 688).
Атаудың екінші элементі
-ыл жүрнагы етістікті зат есімге
айналдыратын қосымша. Бүл жүрнақ
синхрондық жэне
диахрондық қимада колданылуы Ойыл (караңыз) атауын-
да толық айтылғандықтан, бұл арада тоқталмаймыз. Қиыл
гидронимі
Ойыл (ой+ыл),
болжал (болжа+л) сөздері үлгісімен
жасалған. -Ы л ертеде түркі тілдерінде
етістікті зат есімге ай-
налдырып, атауды тиянақтайтын жүрнақ болган. Қиыл атауы
өзеннің Ойылға қиылып көлденеңінен қосылатын география-
льщ көрінісін дәл берген.
Достарыңызбен бөлісу: