Табиғи орта жағдайын бақылау


Құрал-жабдықтар және реактивтер



бет11/51
Дата16.10.2023
өлшемі362,68 Kb.
#115973
түріПрактикум
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   51
Құрал-жабдықтар және реактивтер:
250-500 мл тығыны бар колба немесе тығыны бар нөмірленген пробиркалар, штатив (иісті мойны кең колбада анықтау қолайлы);


Жұмыстың барысы:
  1. колбаның 1/3 бөлігіне су құйып, тығынмен жабыңыз;


  2. колбаның құрамын шайқаңыз;


  3. колбаны абайлап ашыңыз да, байқап дем тартыңыз, бірде


иістің интенсивтілігін және өзгешелігін анықтаңыз. Егер иіс бірден сезілмесе немесе анық болмаса, онда колбадағы суды 600С температураға дейін қыздырып, тәжірибені қайталауға болады.


Иістің қарқындылығын 1.5-кестеге сәйкес бес баллдық жүйе бойынша, шығу тегі бойынша иістің қасиетін 1.6-кестеде анықтаңыз

1.5 Кесте - Иістің қарқындылығын анықтау






Иістің қарқындылығы


Иіс білінуінің сипаты


Балл













1.6 Кесте - Иістің қасиетін анықтау



Табиғи шығу тегі


Жасанды шығу тегі

Анық емес (немесе жоқ)


Анық емес (немесе жоқ)


Топырақты


Мұнай өнімді


Шіріген

Хлорлы

Көгерген


Сіркелі

Жертезекті

Фенолды

Шөптесін

Күкіртсутекті


Басқа (қандай екенін көрсетіңіз)


Басқа (қандай екенін көрсетіңіз)



Судың иісін, ауада бөгде иісі жоқ жерде зерттеу қажет. Иістің интенсивтілігін және қасиетін бірнеше зерттеушілер анықтаса дұрыс болар еді.
Иісті анықтау барысында 1,7 және 1,8 кестелерді нұсқау етіп қолданыңыз.
1.7 Кесте - Иістің қарқындылығы


Иістің қарқындылығы


Иіс білінуінің сипаты


Балл

Жоқ

Иіс сезілмейді

0

Өте әлсіз

Иісі сәл ғана білінеді


1

Әлсіз

Егер көңіл аударса, иіс білінеді


2

Айқын

Иіс оңай білінеді


3

Анық

Иісі көңіл аудартады, ішуге келмейді


4

Өте қатты

Иісі соншама қатты, ішуге мүлдем келмейді


5


1.8 Кесте - Иістің сипаты




Символ


Иістің сипаты


Иістің жуық түрі

Х

Хош иісті

Қиярлы, гүлді


Бат

Батпақты

Тұнбалы, балдырлы


Шір

Шіріген

Фекальды, ақаба


А

Ағашты

Ылғалды жоңқаның, ағаштың иісі


Т

Топырақты

Жаңа жыртылған жердің бозданған иісі


Бал

Балықты

Балық, балық майы


К

Күкіртсутекті

Шіріген жұмыртқа


Шөп

Шөпті

Жаңа шабылған шөп, пішеннің иісі


Бел

Белгісіз

Шығу тегі табиғи иіс



Бақылау нәтижесі бойынша 1.5 және 1.9 кестелерді толтырыңыз

1.9 Кесте - Иістің қарқындылығын бағалау




Пробирканың (колбаның) №


Баллмен бағалау


Иіс

1





2





3





және т.с.









Тапсырма Б Температураны анықтау

Құрал-жабдықтар:
1) калибрленген термометр;
2) үлгіні іріктегіш (судың тереңдігін өлшеу үшін).

Жұмыс барысы:
Термометрді үштен бір бөлігіндей ғана етіп, 5 минутқа суға
батырыңыз;
- термометрді судан алмай, көрсеткішін санап шығарыңыз(минималды бөлудің жартысына дейінгі дәлдікпен);
- жылулық ластануды зерттегенде, бір-бірінен 100 м қашықтықта суаттағы бірнеше орындардың су температурасын анықтаңыз. Температуралардың айырмашылығын есептеңіз.
Тапсырма В Судың түстілігі

Түстілік – темір қосылыстардың кешенді және гуминді заттардың болуымен негізделген табиғи сулардың кәдімгі қасиеті. Судың түсі суат түбінің құрылымына және қасиетіне, су өсімдіктерінің сипаты және суатқа жақын келген топырақтарға, бассейндегі шалшық және жертезектерге, т. б. тәуелді болуы мүмкін.
Пробиркалардың биіктігі 10-12 см-дей су түсінің сипатын сапалы түрде анықтауға болады. Судың түсін немесе түстілігін анықтау, ақаба сулардың анализі немесе табиғи сулардың бояу сапалығының бағалануы бойынша ғана өзекті. Ауыз судың түсі болмайтынын білеміз.
Су бағанасының сәйкес биіктігі аспауы тиіс: шаруашылық-ауыз су суаттарының сулары үшін тағайындалады– 20 см; мәдени-тұрмыстық – 10 см.

Құрал жабдықтар:
1) Биіктігі 15-20 см шыны пробирка;
2) ақ қағаздың бір беті (фон ретінде)

Жұмыстың барысы:
- пробирканы 10-12 см-ге дейін сумен толтырыңыз;
- жеткілікті жарықпен (күндізгі, жасанды) ақ фонда пробирканы қарап, судың түстілігін анықтаңыз.
Төменде келтірілген 1.10 кесте бойынша сіздің жағдайыңызға сәйкес түстің астын сызыңыз немесе бос жолды толтырыңыз.
Кесте 1.10 - Судың түстілігі


Судың түстілігі

Әлсіз-сары


Ашық-сары


Сары

Интенсивті-сары

Қоңырлау


Қызыл-қоңыр


Басқа (қандай екенін көрсетіңіз)





Тапсырма Д Судың лайлылығын (мөлдірлілігін) анықтау
Судың лайлылығы шығу тегі әртүрлі ерімейтін немесе коллоидты бөлшектердің, судағы өлшенген ұсақ дисперсті қоспаларға негізделген. Судың лайлылығы кейде басқа сипаттарымен негізделеді:
- Тұнбаның болуы, ол едәуір көзге көрінетін, үлкен, өте үлкен немесе болмауы да мүмкін (мм);
- ірі дисперсті қоспалардың немесе өлшенген заттар санының болуы (1л суға қоспа массасының 1мг өлшенеді);
- мөлдірлілік су бағанасының биіктігін өлшегендей болады, одан қараған кезде, ақ қағаздағы стандартты мөрлі шрифт көріну керек.
Биіктігі 10-12 см лайөлшегіш пробиркадағы бағанның лайлану дәрежесі бойынша, лайлылықты анықтау үшін визуальді әдісті қолданады. Пробирканың лайлылығын келесі сапа бойынша анықтайды: мөлдір; әлсіз опалесцирентті (минералдың атауы – қараңғы фонда жақсы бақыланатын, бүйір жарық барысында коллоидты ерітінділердің жарықтану құбылысы); опалесцирентті; әлсіз лайлы, лайлы, өте лайлы. Көрсетілген кәдімгі әдісті біз лабораториялық, дала жағдайлары үшін ұсынамыз.


Құрал-жабдықтар және реактивтер:
1) пробиркалар;
2) модельді ерітінділер.

Жұмыс барысы:
- Биіктігі 4 см стандартты шрифтің үстінен, суы жақсы араластырылып құйылған цилиндрді қою қажет;
- шрифті әлі оқуға болатын, бағанның биіктігін тауып, цилиндрге суды құйып немесе одан төгіп, шрифтті су бағанының үстінен қарайды;
- зерттеуді жарығы түзу түспейтін, жақсы жарықтанған жерде жүргізеді;
- өлшеуді 2-3 рет қайталап, нәтижесінде орташа мәнді алады. Бақылау нәтижесі бойынша 1.11 кестені толтырыңыз.
Кесте 1.11 – Су үлгісінің лайлану дәрежесі




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет