Таһир Зуһра дастаны



Pdf көрінісі
бет4/4
Дата31.12.2021
өлшемі99,81 Kb.
#22052
1   2   3   4
Қисса Таһир–Зүһра

«Бисмилла», мен сөйлеймiн, Патша Құдай,

Бiз ғасы пенделерде көп қой күнə-ай.

Қыл көпiр қияметтiң өтерiнде,

Болады заманымыз əлде қандай.

Екiншi жəрдем берсiн Пайғамбарым,

Шапағат қыл үмiтiңнiң һəммаларын.

Бұ жалғанның һешкiмге пайдасы жоқ,

Бiреуден қалған малға бiреу ие.

Не болам бiр күндерде тiл байланса,

Алуға ажал өлiм ыңғайланса.

Ақылбек қара сөздi өлең қылар,

Нұсқаны жазамын деп ой ойланса.

Ат қойған Ақылбек деп анам маған,

Құдай-а, не жақсылық қылам оған.

Таһир менен Зүһраны өлең қылсам,

Тыңдасын кiшi iнi мен үлкен ағам.

Ноғайша қисса екен мұның өзi,

Көңiлiме ұнамады һəрбiр сөзi.

Ағалар, құлақ салып тыңдасаңыз,

Талаптың өлең қылар келдi кезi.



Заман əуелде бiр патша болған екен,

Қазынасына қисапсыз мал толған екен.

Көп екен əскерлерi заманында,

Сұлтандық, əдiлдiкке болды бекем.

Дүниеге, һеш нəрсеге мұқтажы жоқ,

Көзiне көрiнбейдi дүние боқ.

Армансыз өзi патша болса дағы,

Баладан ұғыл мен қыздың бiреуi жоқ.

Бар екен шаһар сыртында бiр бақшасы,

Кiрген адам қайғыдан болар аман.

Бақшада һəр түрлi ағаш өсер едi,    

Патша оған сайран етер едi.

Қайғы, тарлық келгенде соған кiрiп,

Азырақ көңiлiн  ашып кетер едi

Екеуi көше аралап ендi жүрдi,

Шаһардан бiр дəруiш адам көрдi.

Бұларға айғай салып əуез еттi,

Не деген сөздерiн қарап тұрды.

—Кiмде-кiм мың алтын берсе,—дедi.

Сөзiме менiм айтқан көнсе,—дедi.

Болса да не мақсаты Тəңiрiм берер,

Қадiрiн һəр нəрсенiң бiлсе,—дедi.

Патша айтты:—Сөзiңе наналық бiз,

Қасына дəруiштiң баралық бiз.

Тегiнде мына сөзi бекер емес,

Мұның да фатихасын алалық бiз.




Бұл 

сөзбен дəруiшке жетiп келдi,

Қалтадан бiр мыңдай алтын бердi.

—Құдай Тағала мұратыңыз берсiншi,—деп,

Дəруiш патшаға дұға қылды.

Падишаһ жалынады Құдайына,

Бақшаның қайтып келдi маңайына.

Бiр ағаштың түбiнде бiр адам тұр,

Бақшаның көзiн салса сарайына.

Қараса үстiнде бар таза киiм,

Жанында жоқ кiтаптан басқа бұйым.

Һешкiмге қарамастан жазу жазар,

Алдында қалам, сауыт бəрi жиын.

Падишаһ ұмтылады ат секiртiп,

Қасына дəруiштiң келдi жетiп.

—Алдыңда қалам, сауыт, кiтабың бар,

Сұрады:—Сiз кiмсiз?—деп жауап айтып.

Дəруiш айтайын деп келдi сөзге,

—Құдайым ғылым берген көңiлiмiзге.

Ғылымын рəмилiнiң жақсы бiлем

Һəр түрлi өнерiм бар мұнан өзге.

Ғылымдық бiлмегенге талас болар,

Көңiлiм қашан менiм халас болар.

Патша айтты:—Менiм бiр ниетiм бар,                           

Соны бiлсең ғалымдығың рас болар.

Дəруiш қолындағы қаламын бердi:

—Əй, падиша, қолыңызға тұтшы,—дедi.

Қаламды ұста, көңiлiңдегi сырыңды,

Тiлеуiңнiң  мəнiсiн бiлем,—дедi.



—Əй, патша, тыңдасаңыз айтайын сөз,

Ғайыптан хабар берсем бiлермiсiз?

Бала үшiн екеуiңiз ниет қылдың,

Бiрiң—патша, бiреуiң—уəзiрсiз.

Ғайыпты Тəңiрiм баян қылады екен,

Көңiлiңiз қуанышқа толады екен.

Патша, сенiң қыз балаң болып,

Уəзiрдiң ер баласы болады екен.

Екеуiн сүйiндiрдi осылай деп,

«Алдыңда, иншалла, қуанышың көп».

Дəруiш ендi сөзiн тамам еттi,

«Əлғалам инда Алла Тағала»- деп

—Əй, патша, қайран қалма жауап айтсам,

Сөзiмдi бекер қылма сiз ұнатсаң.

Алланың изин балаң болар,

Жарты алманы бүгiн кеш асап жатсаң.

Шаһарға мағлұм екен əдiлетiң,

Кем емес һəр патшадан салтанатың.

Əгарда ол балаңыз əйел болса,

Қойыңыз Зүһра деп қыздың атын.

Əй, патша, сөзiмiздi көресiз сiз,

Дұшпанның тiлiне ермей жүресiз сiз.

Кəмiл жасқа жеткенде бұлар өсiп,

Қызыңызды Таһирге берерсiз сiз.

Ғайыптан хабар берген бiр Құдайым,

Иншалла, бұ сөзiм болар дайын.

Бiреуiн бiреуiнен айырсаңыз,

Арманда өтер Фархад пен Шырындайын




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет