Тақырыбы: атом-молекулалық ілім. Химияның негізгі түсініктері мен заңдары


Электролиттік диссоциация теориясы



бет44/65
Дата15.11.2022
өлшемі1,81 Mb.
#50187
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   65
Электролиттік диссоциация теориясы

  • Күшті және әлсіз электролиттер.

  • Ион алмасу реакциясы.

  • Судың диссоциациялануы. рН көрсеткіші.

  • Тұздар гидролизі.



    Ерітінділер. Ерітінділер концентрациясын өрнектеу әдістері.
    Ерітінділердің табиғатта және техникадағы маңызы өте зор. Өсімдіктер заттарды ерітінді күйінде сіңіреді. Тамақты қорыту қоректік заттардың ерітіндіге өтуімен байланысты. Табиғи сулардың барлығы ерітінділер болып саналады. Ерітінділерге физиологиялық маңызды сұйықтар — қан, лимфа және т. б. жатады. Химиялық реакциялардың көпшілігі ерітінділерде жүреді.
    Ерітінділер — бұл екі немесе одан да көп компоненттерден (құрам бөліктерінен) және олардың сол компоненттері әрекеттескенде түзілетін өнімдерден тұратын біртекті (гомогенді) жүйелер.
    Агрегаттық күйіне сай ерітінділер сұйық, қатты және газ күйінде болуы мүмкін. Сұйық ерітінділерге тұздардың судағы ерітінділері жатады; мысалы қаттыларға — никель мен мыстың (олардан ұсақ тиын жасайды) немесе күміс пен алтынньң құймасы; газ күйінділерге мысал — газдардың қоспасы, ауа бола алады. Бұлардың ішінде сұйық (сулы) ерітінділердің маңызы зор.
    Кез келген ерітіндініқ маңызды сипаттамасы — оның құрамы.
    Ерітінді құрамын сан мәнімен өрнектеудің әр түрлі тәсілдері бар: еріген заттың массалық үлесі, молярлық концентрация, нормальдық концентрация, моляльдік концентрация және т. б.
    Еріген заттың массалық үлесі — бұл еріген зат массасының ерітіндінің жалпы массасына қатынасына тең өлшемсіз физикалық шама, яғни:

    Еріген заттың массалық үлесін W әдетте бірдің үлестерімен немесе процентпен өрнектейді. Мәселен, еріген заттың массалық үлесі күкірт қышқылының судағы 0,05 немесе 5%-ке тең. Бұл массасы 100 г күкірт қышқылының ерітіндісінде массасы 5 г күкірт қышқылы мен массасы 95 г судың бар екендігін көрсетеді.
    Молярлық концентрация немесе молярлық — еріген зат шамасының ерітінді көлеміне қатынасына тең шама, яғни

    Мұндағы с(Х)Х бөлшектердің молярлық концентрациясы, n(х)—ерітіндідегі зат бөлшектерінің шамасы, V — ерітіндінің көлемі. Молярлық концентрацияның негізгі бірлігі болып моль/л саналады. Молярлық концентрацияны жазудың мысалдары: С(НС1) =0,1 моль/л, С(Н3РО4) =0,5 моль/л, C(NH4) = 10 моль/л, С(Н+)1.10-5моль/л.


    Ертіндінің 1 литрінде 1 моль еріген зат болса ондай ерітіндіні молярлық ертінді деп атайды.
    Егер 1л ерітіндіде 0,1 моль зат болса, онда оны децимолярлық, 0,01 моль болса — сантимолярлық, 0,001 моль болса — миллимолярлық деп атайды. Әдетте, ерітіндінің молярлығы М әрпімен белгіленеді.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   65




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет